1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Аттила" тақырыбына шетелдік басылымдардағы роман, поэма, зерттеу еңбектерінен



бет42/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

74. Аттила" тақырыбына шетелдік басылымдардағы роман, поэма, зерттеу еңбектерінен.
Аттила ғұндардың патшасы “Бич Божий”яғни Құдайдың қасіреті деген атпен белгілі.Аттилаға көптеген елдердің тарихшылары өз еңбектерін арнаған.Француз ғалымы Эрик Дошедт “Attila” кітабын жазған.
Бонни Харвей “Attila the Hun” кітабы.


75. Қазақтың поэтикалық өнері, әнші, күйші- композиторлар: Балуан Шолақ, Мәди, Біржан Сал, Ақан Сері
Балуан Шолақ-қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Дікілдек, «Көкшетау», «Қосалқа, «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес»
«Ғалия», «Кенже қоңыр» сияқты шығармалары белгілі. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады.
Ақан Сері-қазақ ақыны,әнші және сазгер.Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды.Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды.
Біржан Сал-қазақтың әйгілі ақын,сазгері.Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген.


76. М.Ғабдуллин және оның қайраткерлік істері.
М.Ғабдуллин-қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы.М. Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды.Профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).Ол Ұлы Отан Соғысына қатысып өз ерлігін көрсетті.Шығармаларына тоқталатын болсақ “Менің майдандас достарым”,Қазақ халқының ауыз әдебиеті”, Алтын жұлдыз және т.б




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет