77. XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі . Шоқан, Абай, Ыбырай Қазақтың дәстүрлi бiлiм жүйесi. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ бiлiмдi де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты қатты сынаған. Орыстың белгілі тарихшысы А. Седельников бұл туралы былай деп жазды: «Азияда көшіп-қонып жүретін түркілердің ішінде қырғыз-қазақтар басқаларға қарағанда мәдениетті халық. Сондықтан олардың болашағы зор. Бұл халық жаңалықты бойына тез сіңіреді екен». Әрбiр ата-ана баласына әдептiлiктi үйреткен, сауатты әрі бiлiмдi болуға баулыған. Бұған мысал ретiнде қазақтар арасында «Білекті бiрдi жығар, бiлiмдi мыңды жығар» деген мақал кеңiнен тараған.Ыбырай Алтынсарин (шын аты – Ибраһим, 1841-1889 жж.) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Ол тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.Ыбырайдың пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» еңбегі жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы Абайдың «Ескендір» мен «Масғұт» дастан-поэмалары дәуір шындығын дәл бейнелеуге талпынған шығармалар болды. Абайдың қара сөздерінде адамгершілік мәселелері көтеріледі.
78. Ж.Тәшеновтың қайраткерлік істері Жұмабек Ахметұлы Тәшенов- мемлекет қайраткері,экономика ғылымдарының кандидаты.Республиканың саяси,экономикалық,мәдени дамуына басшылық жасаған жыладры қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді.Хрущевтың Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсынысына тойтарыс берді.