Меншікті белсенділік – ол – 1 мг белокқа сәйкес келетін ферменттік белсенділіктің бірліктер саны (немесе 1 кг активті белокқа сәйкес катал саны).
Молярлы белсенділік (молярлық каталитикалық белсенділік 1 г-моль ферментке келетін катал санымен анықталады) – ол – айналым саны, яғни, бір уақыт аралығында бір фермент молекула-сымен өнімге айналатын субстрат моле-куласының саны.
Ферменттің белсенділігін анықтайтын әдістер
Колориметриялық (фотометрия әдісі).
Әдістің негізінде көзбен немесе фотоэлектрлық колориметр көмегімен, арнайы реактивпен әрекеттестіріп, боялған түзілген өнімданықтау.
Спектрофотометриялық әдіс.
Әдіс - ферменттің активті топтарынының, субстраттардың, немесе реакция өнімдерінің спектрдің белгілі бір толқын ұзындығында сәулені сіңіруге негізделген.
Спектр анықтау үшін арнайы құрылғыларды қолданады – спектрофотометрлер, фотометриялық абсорбциометрлерді, т.б.
Бұл әдіс: 1) тез; 2) сезімтал; 3) фермент пен реактивтердің аз шығыңымен сипатталады; 4) реакция барысын қадағалауға мүмкіндік туғызады.
Ферменттердің активтілігін биолюминесценттік әдіспен анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |