Жалпы ферменттер іс жүзінде барлық жасушаларда анықталады, ақуыз бен нуклеин қышқылдарының биосинтезінің реакцияларын, биомембран мен негізгі жасушалық органеллалардың түзілуін, энергия алмасуын катализдей отырып, жасушаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Әр түрлі тіндердің және ағзалардың жалпы ферменттері белсенділігімен ерекшеленеді.
Органоспецификалық ферменттер тек белгілі бір органға немесе қабатқа/ткань/ тән. Мысалы: бауыр үшін-аргиназа. Бүйрек және сүйек тіндері үшін – сілтілі фосфатаза. Қуық асты безі үшін-КФ (қышқыл фосфатаза). Ұйқы безі үшін-α-амилаза, липаза. Миокард үшін – КФК (креатинфосфокиназа), ЛДГ, АсТ және т. б.
Жасушалардың ішінде ферменттер біркелкі емес. Бір ферменттер цитозольде коллоидты-ерітілген күйде болады, басқалары жасушалық органеллдарда (құрылымдалған жағдай) орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: |