+inhibitor
1/v
1/vmax
-1/Km
Slope=Km/vmax
(1+ KI/[I])/Vmax
Угл. к-т = Km/vmax
1/[S]
- (1+ KI/[I])/Km
21.Ферменттердің клетка немесе ұлпада шоғырлану аймақтарын зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
Клетка- жоғары ұйымдасқан жүйе. Оның әр бөлімінде арнайы биохимиялық процесстер жүреді. Соған байланысты әр клетканың компартменттерінде жеке ферменттер, мультиэнзимдің комплекстер, полифункционалды ферменттер немесе күрделі метабологдар шоғырланған. Мысалы, лозосомалар- түрлі гидролаза мен лиазалар орналасады.
Митохондрияларда- күрделі тотығу- тотықсыздану реакцияларын жүзеге асыратын ферменттердің күрделі жүйесі шоғырланған. Мысалы, цитохромдық жүйе. Бұл субклеткалық бөлшектерде ди және үшкарбон қышқылдарының циклдарының ферменттері қызмет атқарады. Аминқышқылдарды активтейтін фермен цитоплазмада және ядрода орналасады.
Ферменттердің субклеткалық органеллаларда шоғырлануын клеткалық гомогенатты жылдамдығы жоғары центрифугалау әдісімен, әр фракцияның құрамын анықтай отырып зерттейді.
Еш бір фракцияда таза органеллалар болмайды. Маркерлы фермент немесе химиялық компонент- тек белгілі бір органеллаларда болатын қосылыс. Бұл маркерларда фракцияның бар немесе жоғын анықтайды. Ферменттің ұлпадағы немесе клеткадағы локализациясын тек гистохимиялық әдіспен анықтауға болады. Ол үшін өте жұқа мұздатыған кесінділерді арнайы ферментке сәйкес субстарт ерітіндісімен өңдейді. Фермент орналасқан орында ол катализдейтін өнім түзіледі. Егер өнім ерімейтін және боялған болса, ол сол орында қалып, ферменттің шоғырланған жерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Гистоэнзимология ферменттердің клетканың компартмендерінде физиологиялық орналасу орындарын нақты көрсетеді. –ферменттердің көбісі клетка және организм ішінде шоғырланып орналасады. –белгілі метаболитикалық жолдың ферменттері, әдетте, клетканың белгілі бір компартментінде орналасады. –әсіресе, қарама қайшы жүретін анаболизм және катаболизм процесстері.
22. Клетканың әртүрлі компартментдерінде ферменттердің локализациясына сипаттама беріңіз.
Ферменттер локализацияға байланысты 3 топқа бөлінеді:
I-жалпы ферменттер (әмбебап)
II-органоспецификалық
III-органеллоспецификалық