1. Ғылымға берілген анықтамаларды салыстырып, басты қағидаттарды кластерге түсіріңіз. Қымбат


Ғылыми стильдің лексикалық белгілері



бет42/54
Дата21.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#142123
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
Байланысты:
ҒЗН сес

Ғылыми стильдің лексикалық белгілері:
- лексикалық құрамы кітаби-жазба стиль негізінде қалыптасады;

- сөз тікелей нақты өз мағынасында қолданылады;


-сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер аз кездеседі;


-ғылым саласының ерекшелігіне байланысты термин сөздер, интернациональдық терминдер мол қолданылады;


-нақты зат есімдер жалпылама мағынада қолданылады;


-күрделі сөздер, қысқарған сөздер және символ-белгілер кездеседі;


-неологизм сөздер жиі кездеседі.





Ғылыми стильдің синтаксистік белгілері:

- күрделі ой логикалық жүйелі баяндалады;


-ой анықтама, формула, дәлелдемеге негізделеді;


-ғылым саласының өзгешілігіне байланысты баяндау тәсілі де әр түрлі болады.



58. Зерттеудің эмпирикалық әдістеріне сипаттама беріңіз. Дариға
Зерттеудің эмпирикалық әдістеріне- бақылау, әңгімелесу,эксперимент тестілеу жатады. Педагогикада зертеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық.Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар.
1.Бақылап зерттеу – заттар менқұбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу обьектісінің сыртқы жақтары,қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.Бақылап зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу обьектісі, бақылап зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап зертеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары.
2.Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысыныңтіркелгенжағдайларында зерттеуше бағытталған.Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады.Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылстар мен деректерді «таза» күйінде зерттеуге мүмкіндік береді.
3.Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің обьективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты «субъект – субъект» жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек.
Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-пеадгогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты.Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар текссеруінен өтеді.Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуынң генезисі,ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшелікктері зерттеледі.
Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктер мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бірі.Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу олардың жазбаша, графикалық және де басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және басқа уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы жан-жақты мәлімет береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет