1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым


Дара есімді баяндауыш  (зат есім, сын



Pdf көрінісі
бет36/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71

 

    Дара есімді баяндауыш  (зат есім, сын 

есім немесе етістік) 

1) зат есімMy son a clergyman! 



Қазақ тілінде 

Етістікті дара баяндауыш 

1)  Бір құрамды тиянақты сөйлем 

болып  келетін етістіктер 

Айттым, болды. Кестім, үзілді!.. 

Тараңдар!.. Жүр. 

 2) Көп құрамды жетекші етістіктер  

Тереңге мені сал, биікке мені жұмса. 

3)    Салт,  сабақты  етістіктер:    Кәрі 

Каспий  қара  көк  көзін  ашты,  жылы 

жүзбен Терекке амандасты. 

4)  Райлық,  шақтық  тұлғаларында 

тұратын етістіктер 

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. 

5)    Етістіктер  етіс  тұлғаларына  да 

баяндауыш қызметінде  Өнер – білім 

бар жұрттар, тастан сарай салғызды

6)    Көсемше  тұлғалы  етістіктер 

Жаңбыр жауып, жер көгерді. 

 

 

 



 

 

 

 

 

          Дара есімді  баяндауыш ( зат есім, 

сын есім, сан есім, есімдіктер) 

1) Зат есім    Ердің сыншысы – елі

2) Сын есім  Мектебіміз биіккең, таза. 

3) Етістік    Асқарға  Бүркітбай Ботагөз 

жайлы айтты. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

229 



 

 

    2) сын есім My ideasobsolete! 

 

    3) тұйық етістік немесе тұйық етістікті 



фразаHerculePoirotto sleep while murder is 

committed! 

 

    4) есімше немесе есімшелі фразаMe trying 



to be funny! 

 

 



 

 

 

 

4) Сан есім     Біз – төртеуміз.                           

5) Есімдік    Әбілханның ағасы сонда

6) Үстеу      Біздің баратын ауылымыз әлі 



ілгері.                . 

 

 

 



 

Кестеде берілген ақпаратты саралай отырып, төмендегі байламдарға келдік: 

1.  Етістіктердің дара, күрделі болып бөлінуі екі тілге де тән. 

Мысалы: дара етістік – 1) John runs quickly. 

                                      2) Түлкінің жүгірісін қыран байқар. 

             Күрделі етістік – 1) Andrew and he began to talk about the famous clinic. 

                                        2) Қалует Баршагүлге күле сөйлеп келеді. 

2.  Есімнен  жасалған  және  етістіктен  жасалған  баяндауыштар  ағылшын  тілінде  де, 

қазақ тілінде де дара, күрделі болып кездеседі: 

 1) Есімнен жасалған  дара баяндауыш. 

 Мысалы:  1)  My son a clergyman. 

                  2) Қой баласы қозыдан. 

2) Етістіктен жасалған  күрделі баяндауыш. 

Мысалы: 1) This man is my father. 

                2) Екі ауданның арасы – бір жүз елу бес  километр. 

  3.  Ағылшын тілінде құрама баяндауыштар төрт түрге бөлінеді:  

1) күрделі модальды етістікті есім баяндауыш. Jane must feel better pleased than ever.  

2) күрделі модальды есім етістікті баяндауыш. We were anxious to cooperate. 

3) күрделі кезеңді есім баяндауыш. He was beginning to look desperate.  

4) Модальды кезеңді күрделі баяндауыш. 

You ought to stop doing that.  

5) Қос бағытты күрделі есім баяндауыш. 

Mrs Bacon is said to be very ill. 

Осы  түрлерге  сәйкестікті  қазақ  тілінен  де  табамыз:  Қазақ  тілінде  құрама 

баяндауыштардың  бірінші  бөлігі  таза  есім,  екінші  бөлігі  есімге  шақтық,  видтік, 

моральдық  мағына  беру  мақсатында  көмекші  етістіктер  жалғанады.  Екі  тілдің 

баяндауыштарын салыстыра отырып, келесі айырмашылықтарға көз жеткіздік: 

1.    Қазақ  тілінде  сөйлемді  болымсыз  немесе  сұраулы  формаға  айналдырғанда,    

ағылшын тіліндегідей do, does, did, will көмекші етістіктері қолданылмайды. Мысалы: 

When did life begin on earth? - Жер бетінде өмір қашан басталған?     

2.    Байланыстырушы қызмет атқаратын to be етістігі ( қазақша «болу») қазақ тілінде 

қолданылмайды. Мысалы:  I am a student. – Мен  студентпін.   

3. Кезеңдік құрама баяндауыш сөз тәртібінде айырмашылық бар. 

1. Кезеңді білдіретін етістік  ағылшын тілінде негізгі іс-әрекетті  білдіретін етістіктен 

бірінші тұрады. Мысалы: Andrew and he began to talk about the famous clinic.  

Ал қазақ тілінде керісінше сөз тәртібі орын алады. Мысалы: Жұмыс аяқталып қалды. 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

230 



 

Марк  Твеннің  «The  Adventures  Of  Tom  Sawyer»  шығармасы  қазақша 

аудармасымен талдау материалы ретінде қолданылды.

Көркем  мәтіндегі ағылшын күрделі баяндауыштарының қазақ тіліне аударылу 

жолдары (Марк Твеннің «TheAdventuresоfTomSawyer» шығармасы негізінде 

1)…thathebegantofeelpaininthetoe.  –  енді  саусағы  шыныменен  ауыра  бастаған 

сияқтанды. 

begantofeelқимыл  кезеңін  білдіретінкүрделі  етістік,  қазақ  тіліне  де  сол  етістіктің 

түрімен  ауыра  бастаған  деп  аударылған.  Айырмашылық  сөз  тәртібінде.  Кезеңді 

білдіретін  етістік    ағылшын  тілінде  негізгі  іс-әрекетті  білдіретін  етістіктен  бірінші 

тұр.  


2) was going to start  –  бұрыла беріп ем 

wasgoingtostart-  ағылшын  тіліндеесім  сөздердің  модальды  тіркеспен  берілумен 



жасалған  етістікті  күрделі  баяндауыш  қызметін  атқарып  тұр,  қазақ  тілінде 

бұрыланегізгі етістікке беріп ем көмекші етістік жалғану арқылы күрделі етістікті 



баяндауышпен аударылып тұр. 

3)  therewas  a  slightnoise  –  1)  ағылшын  тілінде  оқырманға  белгісіз  белгілі  бір  орынды 

білдіру мақсатында therewasжекеше түрде, белгісіз артикьлмен қолданылып тұр; 

                                              2)  wasбар  болу  көмекші  етістігімен  және  noise  зат  есімді 



есім сөзбен күрделі есімді баяндауышты білдіріп тұр. 

....  болар-болмас  сыбдыр  естілді  –  қазақ  тілінде  дара  етістікті  баяндауышпен,  яғни 

есті етістігінің түбіріне –л жұрнағы арқылы ырықсыз жасап және – ді жедел өткен шақ 

жұрнағының жалғануы жасалып тұр. 

4.  he`s  fulloftheOldScratch  (  southwesternfor  “afternoon”)  –  isбар  болу  көмекші  етістігі 

және fulloftheOldScratchсын есімді фразамен келгенкүрделі есімді баяндауыш қызметін 

атқарып тұр. 

Қолды-аяққа тұрмайтын-ақ бала –зат есімнен жасалған дара есімді баяндауыш болып 

тұр. 

5.    youare  a  cowardandpup  -  are  бар  болу  көмекші  етістігі  және  a  cowardandpup  сын 



есім мен зат етістіктен жасалған күрделі есімді баяндауышқызметін атқарып тұр.  

Сен қорқақсың әрі күшіксің – қазақ тіліндегі сапалық есімдерден болған ІІ жақтағы 



жіктік жалғауында тұрған дара есімді баяндауыш қызметін атқарып тұр. 

6  ...  theywereshouldertoshoulder  –  were  бар  болу  көмекші  етістігі  және 

shouldertoshoulderжағдай есім сөздерімен берілген күрделі есімді баяндауыш қызметін 

атқарып тұр

Иықтарымен  көп  қағысты–қазақ  тілінде  ортақ  етістің  –ыс  жұрнағымен  және    –  ты 

жедел  өткен  шақтың  жұрнағымен  жасалған  дара  етістікті  баяндауыш  қызметін 

атқарып тұр. 

7. bothbrotherswereimaginary - were бар болу көмекші етістігі және imaginaryсын есімді 

есім сөзден жасалған күрделі есімді баяндауышқызметін атқарып тұр. 

Екеуінің де ағалары жоқ – қазақ тілінде жоқ сөзінің баяндауыш қызметінде жұмсалған 

дара есімді баяндауыш қызметін атқарып тұр. 

8. lifetohimseemedhollow – өмірдің өзі оған бір мағынасыз нәрсе болып көріңді 

seemedhollow–  етістікпен  сын  есімнен  құралған  күрделі  есімді  қос  бағытты 

баяндауыш,  қазақ  тілінде  болып  көріңді  етістіктен  жасалған  күрделі  баяндауышпен 

аударылған. 

9. The child began to cry – Беккижылап қоя берді. 

begantocry  қимылдың  басталу  кезеңін  білдіретін  етістікті  күрделі  баяндауыш,  қазақ 

тілінде  жылап  қоя  берді  дегенқимылдың  басталу  кезеңін  білдіріп  күрделі  етістікті 

баяндауыш болып  тұр. Кезеңді білдіретін етістік  ағылшын тілінде негізгі іс-әрекетті 

білдіретін етістіктен бірінші тұр. 

10. ... there was no answer – ешкім жауап бермеді.  


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

231 



 

therewasnoanswer–  ағылшын  тіліндеnoкөмекші  етістігі  зат  есімнің  алдында  тұрып 



күрделі  есімді  баяндауыш  жасап  тұр.  Қазақ  тіліндебермеді  деген,яғни  ме  болымсыз 

етістіктің жұрнағы және ді жедел өткен шақтың жұрнағымен жасалған дара етістікті 



баяндауыштың қызметін атқарып тұр. 

11. …  what is the matter – не болды саған 

whatisthematter–  бөлінбейтін  сөздер  тобымен  келген  күрделі  есімді  баяндауыш,  қазақ 

тілінде  не  болды  саған  деген  синтаксистік  қызметінің  өзгеруі  бойынша  бастауыш  – 

баяндауыш,  бұрынғы  баяндауыш  –  бастауыш  болып  келетін  дара  есімді 

баяндауыштың қызметін атқарып тұр. 

12. the boy felt a little foolish -  Том өзін ақымақ сезінді 

felt  a  littlefoolishсезу  көмекші  етістігі  және  сын  есіммен  жасалған  күрделі  есімді 

баяндауышпенберіліп тұр, қазақ тілінде  сезінді – ін өздік етістігі және ді жедел өткен 

шақтың жұрнағымен жасалған дара етістікті баяндауыштыбілдіріп тұр. 

13. but you are not going to die – бірақ бұдан әлі ешкім өле қойған жоқ. 

arenotgoingtodie  –  ағылшын  тілінде  модальды  тіркеспен  күрделі  модальды  етістікті 



баяндауышты білдіріп тұр.  Қазақ тілінде   өле қойған жоқ қимылдың болып жатқан 

кезеңін білдіретін күрделі баяндауыш болып тұр. 

14.I don`t want to stay… -  мен бәрібір барамын 

wanttostay – қатыстық күрделі етістікті баяндауышпен беріліп тұр, ал қазақ тілінде 

барамын  қазақ тілінде дара етістікті баяндауышпен аударылып тұр. 

15. ... theykeeplooking – қимылдың жалғасу кезеңін білдіріп тұрған күрделі етістікті 



баяндауыш,  қазақ  тіліне  тесіле  қарасақимылдың  болып  жатқан    кезеңін  білдіріп 

етістікті  күрделі  баяндауыш  болып  тұр.  Айырмашылық  сөз  тәртібінде.  Кезеңді 

білдіретін етістік  ағылшын тілінде негізгі іс-әрекетті білдіретін етістіктен бірінші тұр. 

16. … don`t want to sell him – cатқым да келмейді. 

don`t  wanttosellhim  –  қатыстық  күрделі  етістікті  баяндауышпен  келген    болымсыз 

сөйлем  негізінде  жасалып  тұр,  қазақ  тілінде  сатқым  келмейдікүрделі    етістіктен 

жасалған  күрделі  баяндауыш  қызметінде    тұр.  Айырмашылық    doкөмекші  етістігінің 

қазақ тілінде ме жұрнағымен берілуі. 

17. ... foundsomething – тапқан сияқтымын. 

foundsomething–күрделі  есімді  қос  бағытты  баяндауышпен  берілген  күрделі  есімді 

баяндауыш,  қазақ  тілінде  тапқан  сияқтымынкөмекші  сөзбен  берілген  күрделі 

баяндауышпен аударылған. 

18.  …  stoppedtotalk  –  қимылдың  аяқталу  кезеңінбілдіретін  күрделі  есімдікті 



баяндауыш,    сөйлесем  деп  кідіріпқалыппын–  қимылдың  аяқталған  кезеңін  білдіретін 

күрделі баяндауыш

19. ... began to draw – сурет сала бастады. 

begantodraw - қимылдың басталу кезеңін білдіретін күрделі етістікті баяндауыш, қазақ 

тіліндедесала  бастадықимылдың  басталу  кезеңін  білдіріп  күрделі  етістікті 



баяндауыш болып тұр. айырмашылық орналасу тәртібінде. 

20. … was in a sweat – қорқып кеттік 

wasin  a  sweat  –  tobeбар  болу  көмекші  етістігі  және  in  a  sweatдемеулікті  фразамен 

берілген есім сөзімен  берілген  күрделі   есім  баяндауыш қызметін атқарып  тұр, қазақ 

тілінде қорқып кеттік етістіктен жасалған күрделі баяндауыш қызметін атқарып тұр. 

Талданған    мысалдарға  сүйене  отырып,  күрделі  етістікті  баяндауыштар  қазақ 

тіліне  де  күрделі  етістікті  баяндауыштық  формасын  сақтап  аударылатынына  көз 

жеткіздік. Кезең етістіктер  to begin, to start, to commence, to set about, to take to, to fall 

to, to come to go on, to keep, to proceed, tocontinuewould, usedtostop, to finish, to cease, to 

give  up,  to  leave  off  ағылшын  тілінде  негізгі  етістіктің  алдында  келсе,  қазақ  тілінде 

негізгі етістіктен кейін тұрады. Күрделі есімді етістіктер қазақ тіліне дара есімді және 

дара етістікті баяндауыш болып аударылады. 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

232 



 

 

Әдебиеттер: 

1.

 

Twain  M.  The  Adventures  of  Tom  Sawyer  The  Adventures  of  Huckleberry  Finn. 



Foreign Languages Publishing House., Moscow 1960. 

2.

 



Аханов К. Грамматика теориясының негіздері А,. 1977. 

3.

 



Шабанова,  Т.  Д.  Семантическая  модель  английских  глаголов  зрения.  М.:  ИЯ 

РАН -Уфа, 1998. 

4.

 

Шабанова, Т.Д. Тестирование как метод выявления компонентов значения/ Т.Д. 



Шабанова//  Аспектуальные  проблемы  лингвистики  и  методики  преподавания 

иностранного  языка:  Межвузовский  сборник  научных  трудов.  Уфа:  Изд-во  БГПИ, 

1997.

 

 



Гүлжаһан Қожағұлқызы ҚОЖАҒҰЛОВА, 

№ 6 орта мектебі ММ, бастауыш сынып мұғалімі 

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ (ҮӘЖ) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 



ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ КЛАСТАРҒА ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ 

 

Түйін 

      Кейінгі  кезде  еліміздің  мектептерінде  көптеген  педагогикалық  технологиялар 

кеңінен қолданыс тауып жүр.Солардың бірі-оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе 

(ҮӘЖ) » педагогикалық технологиясы.Оның басқа педагогикалық  технологиялардан  

айырща 

ерекшелігі-әдістемелік 



жүйенің 

барлық 


компоненттерінің 

(мақсат,мазмұн,әдіс-тәсілдер,формасы 

мен 

құралдарының) 



үшөлшемділігінде.Үшөлшемділіктің 

мәні:әдістемелік 

жүйенің(яғни,сабақ 

жоспарының)әр  компоненттінің  үш  деңгейде  бір-бірімен  байланыста  болуында. 

Соның  ішінде  бірінші  кезекте,үш  меңгеру  деңгейлерінің  мақсаттары  бірінен-бірі 

туындайды  және  біртіндеп  жететін  аралық  нәтижелері  болжамды  түрде  (белгілі  бір 

балл  санымен  өлшенетіндей  етіліп)  нақты  қойылады.Әр  бір  деңгейдің    мақсаттары 

сәйкес,бірін-бірі  толықтыратын,тереңдететін  және  күрделендіріп  отыратын  деңгейлік 

тест тапсырмалар тізбегі іріктеледі. 

        Баяндама 

мазмұнында  техгологияның  бастауыш  класс  оқушыларының 

белсенділігін арттыруда ролі зор екендігі көрсетілген. 

 

 

Болашақта  өркениетті  дамыған  елдер  қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай 



білім  қажет.  Өйткені  тәуелсіз  Қазақстанның  дамыған  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің 

қатарында  терезесін  тең  ететін  –  білім.  Сондықтан  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру 

жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың 

әртүрлі  технологиялары  зерттеліп,  жаңашыл  педагогтартың  іс-тәжірибесі  зерттеліп 

мектеп өміріне енуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ 

съезінде : «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгей жөнінен әлдеқайда жоғары болуы 

керек.  Ол  үшін  жаңа  формацияның  педагогі  қажет»  деген.  Мектеп  өміріне  еніп 

отырған  жаңа  технологиялардың  ерекшелігі  –  өсіп  келе  жатқан  жеке  тұлғаны  жан-

жақты  дамыту,  өзгеріс  енгізу  идеялар  мен  жаңалықтарды  өмірге  әкелу.  Бұрынғы 

оқушы  тек  қана  тыңдаушы,  орындаушы  болып  келсе,  ол  қазіргі  өздігінен  білім 

іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Әрине білім негізі бастауышта. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

233 



 

     Бастауыш  мектеп-оқушы  тұлғасы  мен  санасының  дамуы  қуатты  жүретін,  ерекше 

құнды,  қайталанбас  кезең.  Сондықтан  бастауыш  білім  берудің  алғашқы  басқышы, 

қиын  да  жауапты  іс.  Бастауыш  мектеп  балаға  білім  беріп  қана  қоймай,  оны  жалпы 

дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын 

дұрыс  айтуға,  салыстыра  білуге,  дәлелдеуге,  білім  беру  мекемелерінің  қазіргі  жаңа 

құрылымы  мен  оқытудың  жаңа  мазмұны  мұғалімдер  қауымына  жаңаша  іскерлік  пен 

жаңа  технологияны  ендіру  міндеттерін  шешуді  талап  етуде.  Мұның  өзі  бастауыш 

мектепте  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  мен  оқушы  белсенділігін 

қалыптастыруда маңызы зор. 

     Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден 

–  кез-келген  бала  адамзат  баласының  осы  кезге  дейінгі  жинақтаған  тәжірибесін 

меңгертуге  бағытталған  оқу  әрекеті  арқылы  дамиды,  білік,  дағдыны  қабылдайды. 

Екіншіден  –  кез-келген  оқушы  шығармашылық  әрекеттер  орындау  арқылы  өзінің 

мүмкіндіктерін  дамытады.  Оқу  әрекеті  баланың  жалпы  қабілетін,  шығармашылық 

әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін  қабілеттерін дамытып, 

белсенділіктерін дамытады. 

    Оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа  баулып,  олардың  белсенділіктерін, 

қызығушылығын  арттыра  түсу  үшін,  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдануға  болады.  Олар 

мынадай: 

-

 



тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау. 

-

 



арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. 

-

 



логикалық  ойлауын  дамытатын  ойындармен  берілген  тапсырмаларды  шешу 

(сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар) 

       Біздің басты мақсатымыз – бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне 

сәйкес  жаңатехнологиялардың  түрлі  әдіс-тәсілдерін  қолдану  баланың  білім 

жолындағы  талпынысын  одан  әрі  дамыта  түседі.  Бастауыш  сыныптан  бастап  жаңа 

технологияларды  сабақ  үрдісіне  енгізіп,  оқушылардың  логикалық  ойлауы    жоғары 

сыныпқа  барғанда  оқушы  өз  білімін  білетін  болады.  Мұғалімдердің  инновациялық 

даярлығын  қалыптастыру  –  олардың  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеруінің 

алғы  шарты.  Ал  мұғалімдердің  жаңа  педагогикалық  технологияларды  меңгеруі  мен 

оны  оқу  тәрбие  үрдісіне  енгізуі  –  уақыт  талабы.  Өйткені,  жаңа  педагогикалық 

технологияны 

меңгеру 


мұғалімдердің 

іскерлігін, 

ізденісін 

туғызып, 

шығармашылықпен  жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білім сапасын арттыруға 

өз үлесін қосады. 

Осы  талаптарға  сай  келетін  қазақстандық  педагогикалық  технологиялардың  бірі 

Жанартай  Кобдикованың  «Үшөлшемді  әдістемелік  жүйе»  технологиясы.  Оның  басқа 

педагогикалық  технологиялардан  айрықшы  ерекшелігі  –  әдістемелік  жүйенің  барлық 

компоненттерінің    (мақсат,  мазмұн,  әдіс-тәсілдер,  формасы  мен  құралдарының) 

үшөлшемділінде.  Үшөлшемділіктің  мәні:  әдістемелік  жүйенің  (яғни  сабақ 

жоспарының) әр компоненттің үш деңгейде бір-бірімен байланыста болуында. Соның 

ішінде  бірінші  кезекте,  үш  меңгеру  деңгейлерінің  мақсаттары  жететін  аралық 

нәтижелері  болжамды  түрде  (белгілі  бір  балл  санымен  өлшенетіндей  етіліп)  нақты 

қойылады.  Әрбір  деңгейдің    мақсаттарына  сәйкес,  бірін-бірі  толықтыра  отыратын, 

тереңдететін  және  күрлендіріп  отыратын  деңгейлік  тест  тапсырмалар  тізбегі 

іріктеледі. 

     Оқытудың  үшөлшемді  әдістемелік  жүйесі  технологиясы  бойынша  төмендегідей 

құжаттар әзірлеу керек. 

1.

 



Күнтізбелік жоспар 

2.

 



Тақырыптық жоспар 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

234 



 

3.

 



Тақырыпты  өз  бетімен  меңгеру  үшін  қажет  үш  кезеңдік  тапсырмалар  мен 

әдістер тізбегі 

      Осы  орайда  біздің  мектебіміздің  3  мұғалімі  қазақстандық  педагогикалық 

технология  авторы  Ж.У.Кобдикованың  «Үшөлшемді  әдістемелік  жүйесі  ҮӘЖ» 

технологиясы бойынша білімдерін жетілдіріп, І кезеңнің арнайы сертификатын алдық. 

Технологияны  тәжірибеден  өткізуді  (жетілдіріп)  жедел  түрде  жүзеге  асыру 

мақсатында  технология  авторымен  бірлесіп  3  мұғалім  Қожина  Қ.,  Қожағұлова  Г., 

Нұрмашева  С.  Өзіміз  берген  4-сыныпта  дүниетану  пәні  бойынша  осы  технологияны 

тәжірибеден өткізу үшін күнтізбелік жоспарды модуль түрінде қайта жасап, әр сабаққа 

арнайы  жұмыс  дәптерінің  тапсырмаларын  дайындадық.  Айта  кететін  жәйт,  жұмыс 

дәптерін  дайындау  әр  мұғалімнің  теориялық,  әдістемелік  тұрғыдан    үздіксіз  ізденуді 

қажет етеді. Себебі, бұл технологияның ерекшелігі: сабақ үш кезеңнен тұрады және әр 

кезеңде орындалатын тапсырмалар оқушының жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеріп, 

алған  білімдерін  практикада  еркін  пайдалана  білуіне  мүмкіндік  туғызуы  керек. 



Бірінші  кезең  дәстүрлі  сабақтағыдай  ұйымдастыру  кезеңіне  ұқсайды.  Өйткені,  бұл 

кезеңде  жаңа  тақырыпқа  кіріспе  ретіндегі  өткен  материалдан  қайталау  «Көпір» 

тапсырмалары  беріледі  және  оларды  оқушылар  алдын-ала  үйден  орындап  келеді.  Ал 

екінші  кезеңде  оқушылардың  жаңа  тақырыпты  өз  бетінше  меңгеруіне  арналған 

тапсырмалар беріледі. Бұл кезеңнің мақсаты – оқушылардың берілген тапсырмаларға 

оқулықтан  жауап  іздеп,  өз  беттерінше  ой  қорыту  және  ереже  шығару  дағдылар 

қалыптастыру.  

    Бұл  технологияны  тәжірибеге  ендіру  барысында  көптеген  кедергілерге  кездесу  – 

табиғи заңдылықтардың бірі. Себебі, бұрыннан қалыптасқан дағды өзгереді. Оқушыға 

берілетін  тапсырмалар  жүйесі  өзгереді,  көлемі  көбейеді.  Барлық  технологиядағы 

ұстанатын  негізгі  қағидалардың  бірі  –  тапсырмаларды  орындауда  қарапайымнан 

күрделіге  ,  жеңілден  қиынға  қарай  ауыса  отырып,  нәтижеге  жету.  Оқытудың 

үшөлшемді  әдістемелік  жүйесінің  де  даралық  ерекшелігінің    бірі  –  тапсырмаларды 

орындауда  жеңілден  ауырға  ауыса  отырып,  тақырыпты  меңгеру  үшін  бірнеше  рет 

қайта  оралуында.  Ең  бастысы,  оқушы  білімін  бағалау  тек    ІІІ  кезеңде  ғана  жүзеге 

асады.  Оған  дейінгі  кезеңдер  жаңа  тақырыпты  өз  бетінше  меңгертуге  арналады, 

нәтижесі  бағаланбайды.  ІІІ  кезеңнің  1-ші  деңгейін  орындаған  оқушы    «5»  балл 

жинайды, журналға түсетін баға «3» егер келесі деңгейлерді орындай алмаса. 1 және 2-

деңгейді толық орындаған оқушы «5+4=9» балл жинайды, бағасы  «4»,  3-деңгей үшін 

тағы  3  балл  қосылады.  Сонда  тек    ІІІ    кезеңнің  барлық  үш  деңгейлік  тапсырмасын 

түгел орындаған оқушы ғана 12 балл жинап  «5»  деген баға алады. Сабақтың соңында 

қалған 10-15 минутта бұл тапсырмаларды толық орындауға үлгере алмаған оқушылар 

оларды  үй  тапсырмасы  ретінде  алады.  Келесі  сабаққа  дейін  орындап  келіп,  өз  балл 

санын көбейтуге болады.  

   «Оқытудың  үшөлшемді  әдістемелік  жүйесі»  педагогикалық  технологиясын  қолдану 

барысында  мақсат  пен  нәтиженің  ара  қатынасын  өлшеу  арқылы  оқушының  білім 

сапасын шығаруға болады. 

1)

 

Оқушылардың  білім  сапасы  көтеріледі,  олар  әрбір  пән  бойынша  мемлекеттік 



стандарт  деңгейінің  ең  аз  қажетті  көлемін  (1-деңгейде)  100  пайыздық 

үлгеріммен қамтитынына кепілдік алады; 

2)

 

Қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін жете алатын болады; 



3)

 

Әр оқушыға үй жұмысы жеке басының қабілетіне сәйкес  сараланып берілетін 



болады  (мектепте  орындап  бастаған  деңгейлік  тапсырмаларды  үйде  қабілеті 

жеткенше аяқтап келу мүмкіндігін алу арқылы). Сол арқылы артық жүктемені 

жою мәселесі шешімін табады; 

4)

 



Дарынды балалар дер кезінде анықталынып, дами алады; 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет