1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет4/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

Аннотация 

 

В данной статье будут рассмотриватся основные направления индивидуальной 

работы с одаренными детьми.  

 

 



Жанбала Шуйкенкызы АЛШЫНБАЕВА, 

Талды жалпы орта білім беру мектебі, бастауыш сынып мұғалімі 

Қарағанды облысы Шет ауданы, Қазақстан Республикасы 

 

ЖАҢА  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ 

 

Түйін 

Мақалада  білім  беруді  ізгілендіру,  гуманитарландыру  және  ақпараттандыру 

қазіргі  таңдағы  жаһандық  мәселелердің  бірі  ретінде  қарастырылған.  Заман  талабына 

сай  тиімді  жаңа  технологиялардың  білім  мен  ғылым  саласында  алар  орны  мен  

маңыздылығы  жүйелі  түрде қамтылған.      «Қазақстан Республикасында білім беруді 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын»    басшылыққа 

ала  отырып,  сабақ  үрдісінде  инновациялық  технологияларды  қолданудың 

сапалылығына ерекше мән беру көзделген.  

                                                       «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» 

                                                                                                                      М.Дулатов 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша инновацияларды енгізу көп күш жігерді, 

білімді  және  қайсарлықты  қажет  етеді.  Бұл  педагогика  теориясы  мен  оқу-  тәрбие 

үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр.  Білім  беру  парадигмасы 

өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда 

болды.  Білім  берудің  сапалы  болуы  мұғалімнің  ізденушілік  әрекетіне,  танымдық 

дағдысына байланысты екендігі белгілі.  

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында:  «Білім беру жүйесінің басты 

міндеті-  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 

жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған 

білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасаумен  қатар  оқытудың  жаңа  технологияларын 

енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 

желілерге  шығу»,-деп  атап  көрсеткендей-ақ,  қазіргі  кезеңде  әрбір  мұғалімнің  алдына 

қойылып  отырған  басты  міндеттерінің  бірі-оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіре 

отырып,  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру.  Сондықтан  келер  ұрпаққа  қоғам 

талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекеттің 

ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  маңызды  мәселелердің  бірі.  Өйткені, 

егеменді  еліміздің  болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы  бүгінгі 

ұрпақтың бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе-әлеуметтік 

педагогикалық  ұйымдастыру  тұрғасынан  білім  мазмұнына  жаңалық  енгізудің  тиімді 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

21 



 

жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау болып 

табылады.  

Жалпы  білім  берудің  Қазақстандық  моделі  берік  негізді  болу  үшін  оқушылар 

санасына  өз  халқының  тарихи  тамырын,  рухани  және  адамгершілік  қағидаларын, 

азаматтық  және отансүйгіштік идеяларын,  басқа халықтарға деген  ізгі  көзқарастарын 

сіңіру  қажет.Сондықтан  белгілі  бір  білімдер  мен  дағдылар  жиынтығын  меңгерген 

адамдар  ғана  емес,  Қазақстандық  дүние  тану  негізінде  азаматтық  көзқарасы 

қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары, отаншыл тұлғалар тәрбиелеп өсіруге баса 

назар  аударуымыз  қажет  және  жас  ұрпаққа  ұлттық  дәстүріміз  бен  әдет-

ғұрыптарымыздың жалпы адамзаттық құндылықтармен ұштасып жатқанын аңғартудың 

мәні  зор.  Өйткені  қазіргі  заманғы  мектептердің  өсіп  келе  жатқан  тұлғаны  қандай 

бағытта  дамытатындығы,  жеке  тұлғаның  әлеуметтік  және  шығармашылық 

мүмкіндіктерін ашуы еліміздің дамуы мен гүлденуіне қатысты екендігі мәлім. 

Оқытудың  тиімділігін  арттыру  мақсатында  жаңа  білім  парадигмасына  сүйене 

отырып, біз оқыту технологиясының тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу 

тәрбие  үрдісінде  озық  технологияларды  белсенділікпен  енгізуіміз  керек.  Өйткені 

еліміздің  болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдердің  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ 

бейнесінен көрінеді.  

Кез  келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүруінің  деңгейінің 

жоғарылығы,  дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен  салмағы  сол  елдің 

технологиялық  даму  деңгейімен  анықталмақ  .  Жалпы  қоғамның  дамуы  мен  жаңа 

технологияны  енгізу  сапалылығы,  осы  елдің  білім  беру  ісінің  жолға  қойылғандығы  

ақпараттандыру  деңгейіне  келіп  тіреледі.  Экономикасы  күшті  дамыған  елдердің 

тәжірибесі  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  экономика,  ғылым  және  мәдениеттің 

қарқынды  дамуының  негізгі  кілті  екендігін  көрсетіп  отыр.  Ендеше,  қазіргі  заманның 

ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиясын  игеру  әрбір  мұғалімнің  басты 

борышы.  Инновациялық  педагогика  тәрбие  парадигмасын  өзгертуді  талап  етеді. 

Меніңше,  парадигма  дегеніміз  теориялық  және  практикалық  мәселелерді  шешудің 

негізінде 

жататын 

үстемдік 

ететін 

теория. 


Инновациялық 

педагогиканы 

жақтаушылардың  көзқарасы  бойынша,  классикалық  педагогикалық  теория  ескірді, 

жаңа  жағдайда  қазіргі  ұрпақ  тәрбиесін  негіздеу  мүмкін  емес.  Сондықтан  да 

инновациялық  білім  берудің  мәні  тәрбие  парадигмасын  жаңа  инновациялық 

педагогикамен,  жаңа  білім  беру  үрдісімен,  жаңа  технологиялармен  білім  берудің  

қажеттілігі  туралы  мәселе  қойылуында.  Әсіресе,  кеңестік  педагогиканың  артта қалған 

идеялары мен қағидалары әлі де отандық білім беру және тәрбие жүйесінен орын алып, 

жалғасып  келе    жатқанын  айтпай  кетуге  болмайды.  Қазіргі  кезеңге  дейін  «Жаңаша» 

ұйымдастырылған  әдістемелік  үлгілер  ағарту  жүйесін  реформалауға  мүмкіншілік 

бермейді, себебі оның әдіснамалық негіздері сол күйінде өзгерместен сақталып келеді. 

Сондықтан  да  қазіргі  білім  берудің  жағдайы  тиімді  әдістерді  қолдану  арқылы  жас 

талапкер  шәкірттерге  сапалы  білім  берумен  қатар  дарынды,  шығармашыл  тұлғаларды 

тәрбиелеу  болып  табылады.  Ең  алдымен,  кез  келген  білім  беру  жүйесінің  негізіне 

өркениеттің талаптары жатады.  

       Жаңалық  және  жаңашылдық  дегеніміз  не?  Бұл  қазіргі  өмір  сүруші  теория  мен 

тәжірибенің    кейбір  жаңашылдығын  қарапайым  жоққа  шығару  ма?  деген  сауалға  

«жоқ»  дей  отырып,    жаңашылдық-бұл  тәжірибені  ілгері  дамытатын  міндетті 

прогрессивті жаңалықты енгізу болып табылады. Прогрессивті жаңалық қандай негізде 

пайда  болады?  Сөзсіз  ғылыми  негізде  ұйымдасады.  Жаңашыл  мұғалім  міндетті  түрде 

белгілі  дәрежеде  өзіне  белгілі  оқыту  теориясына  сүйенеді,  өз  жұмысында  өзіне 

көмектесетін жаңа тиімді әдістермен, оқытудың жаңа технологияларымен  қаруланады, 

өзгерістер, түзетулер, қосымшалар енгізеді. Бұрыннан белгілі, есте сақтау теориясына 

немесе педагогикада бұрыннан белгілі жеке тұлғаның қажеттілігін жан-жақты дамыту 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

22 



 

теориясына,  мұғалім  мен  оқушының  ынтымақтастығы  тұжырымдамасына,  ұжымдық 

белсенділікті  дамыту  теориясына  сүйену  т.б.  аңғартуға  болады.  Бұл  жаңашылдықтың 

күшті  тұстары  деп  білеміз.    Жаңалықты  немесе  оның  элементтерін  енгізе  бастаған 

мектептер  жаңа  тұрпатты  инновациялық  оқу  орындары  деп  аталады.  Еліміздегі 

әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мен  ғылыми-техникалық  үрдістің  дамуы 

нәтижесінде  жаңа  тұрпатта  инновациялық  оқу  орындары:  гимназиялар,  лицейлер, 

атаулы  мектептер,  мектеп-гимназиялар,  дарынды  шәкірттердің  мектеп-интернаттары, 

әр  түрлі  деңгейдегі  және  әр  түрлі  бағыттағы  оқыту  мектептері,  жекелеген  пәндер 

тереңдетіп оқылатын мектептер мен сыныптар  т.б.кең өріс алды. 

       Инновациялық  оқу  орындары  педагогика  ғылымының  жетістіктері  мен  жаңа 

идеяларды  ескере  отырып,  оқушылар  мен  мұғалімдердің  өскелең  қажеттіліктерін 

қанағаттандыру үшін өзінің жеке ынтасымен жаңалықты енгізумен айналысады. Жаңа 

тұрпатты инновациялық мектептерде жеке тұлғаны өзін-өзі іске асыруға және өзін-өзі 

бекітуге көмектесу, жетілген жеке тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатыснастарды 

қалыптастыру, 

болашақ 

өмірлік 


мақсаттарын 

моделдеу, 

қарым-қатынасты 

гуманизациялау жүйелі орынға қойылған. Инновациялық жаңа тұрпатты мектептердің 

негізгі  қағидалары  –  тұлғалық  және  қоғамдыққа  бағытталған.  Оқу  үрдісінде  жеке 

саралау  түрлері  мен  шығармашылық  басым.  Оқушылардың  және  мұғалімдердің 

еңбектерін жеңілдетуге бағытталған жаңа технология қолданылады.  

    Қазіргі  мектепте  нақты  педагогикалық  қызметті  іске  асыруға  қажетті  бай 

педагогикалық  тәжірибе  жинақталған.  Педагогикалық  тәжірибе  көпшілік  және  озат 

болуы  мүмкін.  Озат  педагогикалық  тәжірибе  тарихи  шектеулі,  себебі,  әрбір  кезеңде 

материалдық,  әдістемелік,  маман  кадрларға  деген  және  т.б.  мүмкіншіліктерінің 

кеңеюіне байланысты педагогикалық қызметке жаңа талаптар пайда болады. Сонымен 

қатар,  озат  тәжірибе  педагогика  ғылымы  мен  тәжірибенің  алтын  қорын  байытатын 

жаңашылдық элементтерін енгізеді. Озат тәжірибені жасауда және енгізуде мұғалімнің 

ұстанымының рөлі орасан зор. Сондықтан да нақтылы тәжірибенің негізгі қағидаларын 

талдауда және таратуда субъективті фактордың ықпалын ескеру қажет. 

      Мұғалімдердің қызметінің инновациялық бағыты – психологиялық – педагогикалық 

зерттеулердің  нәтижелерін  практикалық  педагогикалық  қызметке  енгізуді  заман 

талабына  сай  қамту.  Жаңалық  енгізу  –  белгілі  бір  ортаға  тұрақты  бір  жаңалық 

элементінің  енуіне  орай  бір  жүйенің  басқа  да  бір  жүйеге  ауысуындағы  мақсатты  бір 

өзгеріске  байланысты  екендігі  белгілі.  Педагогикалық  инновацияның  нәтижелілігі–

жаңалықты  ашу,  қабылдау,  бағалау  және  сабақта  пайдаланудың  маңызы  зор. 

Педагогика – ғылыми білімдердің жүйесі.      

Соңғы  кезде    облыс,  қала,  аудан  мектептерінде  инновациялық  технологияларды 

ендіріп,  оқу-тәрбие  үрдісінде  пайдалануда.  Себебі,  инновациялық  технологиялар  кез 

келген пәнді оқыту барысында мұғалімнің ой-өрісін кеңейтіп, кәсіби даярлық деңгейін 

көтеріп,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге,  жаңашыл  тәжірибелер  мен  әдістемелерді 

кеңінен  пайдалануға  және  оқушыларға  білім  беруді  жаңашылдық  тұрғысынан  жүзеге 

асыруға  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ  жаңа  технологияларды  пайдаланғанда  білім 

алушының  шығармашылығының  артатындығына  ,  білім  дәрежесінің  жоғары  деңгейде 

болатындығына көз жеткізуге болады. 

Еліміздің  егемендік  алып,  қоғамдық  өмірдің  барлық,  соның  ішінде,  білім  беру 

саласында жүріп жатқан жаңашылдық қуатты талпыныстарға жол ашады. Бұл болашақ 

ұстаздарға  инновациялық  педагогикалық  білім  беруде  үлкен  үлесін  қосады.  Жоғары 

оқу  орнында  басталған  білімгерлік  мектеп  қабырғасында  жаңашыл  жұмыс  істеуде 

жақсы нәтиже көрсетеді.  

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік 

білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  барлық  білім  көздерін  кредиттік 

технологиялық оқуға көшіру арқылы білім сапасын арттыру. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

23 



 

Бүгінгі  мемлекет  алдындағы  негізгі  міндет  –  білім  беру  жүйесін  жаңаша  құру, 

барлық  азаматтарға  білімнің  бірдей  мүмкіндіктерін  беру.  Білімгерлердің  жұмыс 

мазмұны өзгереді, олардың тиянақты білімге деген талпынысы артады. білімгерлердің 

өмірге деген шынайы көзқарасы қалыптасады:  

-

 



білім мазмұнында жаңа үрдістік біліктілікті, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің 

дамуын,  ғылымдағы  шығармашылық  және  нарық  жағдайындағы  білім  беру 

бағдарламаларының нақтылануын басты назарда ұстау қажет; 

-

 



баланың  жеке  басын  тәрбиелеуде,  оның  жан  дүниесінің  рухани  баюына, 

азаматтық тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде; 

-

 

педагогикалық  технологияның  кеңінен  қолданылуына  және  ғылымның 



маңызына мән берілуде. 

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік, 

шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға,  қажетті  іскерліктері  мен  дағдыларын 

қалыптастыруға  жағдай  жасауға  қажетті  объективті  әдістемелік  мүмкіндіктерді 

қамтиды. 

      Қазіргі замандағы талапқа сай білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін, өскелең ұрпақтың ой-

өрісін  дамытып,  алған  білімдерін  өз  мүддесіне,  қоғамға  қажет  қолдана  білуге  үйрету. 

Сапалы білім алудың басты шарты  – мұғалімнің кәсіби шеберлігі,  оқыту әдістері  мен 

жаңа  заман  талабына  сай  жаңашыл  инновациялық  педагогикалық  технологияларды 

сабақта жүйелі түрде қолдана білуі. 

      Жалпы  орта  білім  берудегі  әлемдік  тәжірибеге  сүйенсек,  сапалы  білім  беру 

жетістіктеріне  жетудің  негізгі  жолы,  оқыту  мазмұны  мен  жүйесін  өзгерту  болып 

саналады.  Ол  оқытудың,  ойланудың,  жаңа  әдіс-тәсілдерін  меңгерумен  әрбір  жеке 

тұлғаның  қай  жаста  болмасын  алдына  қойған  кез  келген  міндетті  шешуге  қолдана 

алуына баса назар аудару. Олар сонда ғана өздерінен күтілетін талапты және алдарында 

қандай  іс  күтіп  тұрғанын,  өздерінің  келешекте  не  істей  алатынын,  қандай  іспен 

шұғылдануға болатынын түсіне біледі. 

     Жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  енгізу  –  оқу  үрдісінің 

тиімдлігін  арттырып  қана  қоймайды,  оқу  үрдісіне  қатысушылардың  өз  қабілеттерін 

шыңдау, әрі қарай білімдерін дамытуға мүмкіндік береді. 

     Қазіргі  кезде  оқыту  үрдісін  жоспарлаудың,  қолданудың,  бағалаудың  жүйелі  әдісі, 

адамдардың технологиялық өзара тиімді әрекет етуінің негізгі ретінде жаңа технология 

түрлері көбейе түсуде. 

     Сондықтан жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен қажеттісін таңдап алу 

әр мұғалім үшін іскерлікті қажет ететін іс. 

     Қазіргі  кездегі  жоғары  білім  беруде  қоғам  талаптарын  қанағаттандырудың  бірнеше 

жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау, ғылыми 

оқу – өндірістік кешендер құру; 

Оқытудың  және  студент  еңбегін  дараландыру;  білім  беруді  ізгілендіру; 

оқытушылардың  кәсіби  даярлығына  жоғары  талап  қою,  жоғары  оқу  орындарында 

болашақ  мұғалімдерді  даярлау  мен  олардың  кәсіби  деңгейін  жоғарылату.  Мұндай 

үдеріс  әлемнің  түрлі  елдерінде  өздерінің  ұлттық  салт-дәстүріне,  экономикалық 

жағдайына, білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне әртүрлі деңгейде көрініс тапқан. 

Жаңа  технологияларды  енгізудің  маңызы  –  білім  беру  мазмұнының  негізгі 

идеясын айқындап алумен қатар білім сапасын жаңартып, ұлттық  білім беру жүйесін 

бәсекеге  қабілетті  ету.  Ал  білім  сапасын  жақсарту  немесе  жаңарту  ол  үнемі  алға 

ұмтылу мен іздену болып табылады. 

     Дәстүрлі  емес,  яғни  жаңалықты  технологиялар  балалардың  мектепке  деген  ынтасы 

мен  қызығушылығын  арттырады,  шығармашылық,  қызметтестік  пен  бәсекелестік 

жағдайларды  қалыптастырады,  баланың  тұлғалық  болмысына  дем  беріп  іске  қосады, 

балаларды  өз  қадірін  сезінуге  баурап,  ұлттық  құндылықтар  және  мәдени 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

24 



 

айырмашылықтарды  құрметтеуге  еркіндік  ләззатын  танытудың  өзі      жас  талапкер 

шәкірттерді қуанышқа бөлейді. 

          Қорыта келгенде, қазіргі таңда болашақ ұстаздарға педагогикалық инновациялық 

білім  берудің  маңызы  өте  зор.    Тәуелсіз  мемілекетіміздің  өркендеуі  ертеңгі-ұрпақтың 

рухани  байлығы  мен  мәдениетіне,  саналы  ұлттық  ойлау  қабілеті  мен  біліміне, 

іскерлігіне  байланысты.  Осы  орайда,  еліміздің  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  деңгейге 

жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар-оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана 

отырып  терең  білімді,  ізденімпаз,  барлық  іс-әрекеттерінде  шығармашылық  бағытқа 

ұмтылу. 


 

Әдебиеттер 

1.Қазақстан 

Республикасының 

«Білім 


туралы» 

заңы 


(бастапқы 

бойынша 


түсіндірмелері) және жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар.  

Астана  2000 ж. 5 бет 

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз. 1995 ж. 3 бет. 

3.  Қазақстан  Республикасында  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасы.  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  жанындағы  мемлекеттік  саясат  жөніндегі  ұлттық  Кеңес 

бекіткен. 7 шілде. 1994 ж. 7 бет. 

4.  Нағымжанова  Қ.М.  Бастауыш  сынып  мұғалімінің  инновациялық  іс-әрекетін 

қалыптастырудың  педагогикалық  шарттары.  П.Ғ.К.  ғылым  дәрежесін  алу  үшін 

диссертацияның авторефераты. Алматы  2003 ж. 9 бет.   

5. Сейталиев Қ.Б. Педагогикалық жалпы негіздері. Алматы: «Өлке». 2009 ж. 



 

Аннотация 

В  статье  гуманизация  и  информатизация  образования  рассмотрена  как  одна  из 

глобальных  проблем  современности.  В  системной  форме  охвачено  место  и  значение 

эффективных новых технологии  соответствующие требованиям эпохи. Руководствуясь 

«Государственной  программой  Республики  Казахстан  по  развитию  образования  на 

2011-2020  годы»  предусмотрено  придание  особого  значения  качественности 

применения инновационных технологии в процессе урока.    

 

 



Ботагөз Камзовна АЛЬКЕНОВА

«Өрлеу»  АҚ БАҰО филиалы 

«Ақмола облысы бойынша  ПҚ БАИ» ДБО тренері,  

мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы 

Инна Геннадьевна ДУБРОВИНА, 

мониторинг және талдау бөлімінің меңгерушісі 

Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ӨСУІ: ТӘЖІРИБЕ  

ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ  

 

Түйін 

 

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін 



арттыру  институтары  мектеп  мұғалімдерін  өзгермелі  өмірге  дайындап,  оқушылардың 

қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде еркін, өзіндік пікірі қалыптасқан, ойын ашық 

айта  алатын,    өзіне  сенімді,  сыни-пікір-көзқарастары  жүйелі  дамыған  оқушы  ретінде 

қалыптасуын қамтитыны жөнінде сөз болады.  

 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

25 



 

Тұлға  әлеуметтік  қатынастар  мен  байланыстардың  бастапқы  агенті  болып 

саналады.  «Тұлға»  дегеніміз  кім?  Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін  «адам»,  «индивид», 

«тұлға»  деген  ұғымдардың  арасындағы  мазмұндық  айырмашылықты  біліп  алуымыз 

керек.  Адам  –  адамзат  баласының  жер  бетіндегі  басқа  биологиялық  организмдерден 

өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. Индивид – адам тегінің нақты өкілі, 

жеке  адам.  Индивидуалдық  –  бұл  әр  адамның  өзіне  ғана  тән  жеке-дара  қасиеттерінің 

жиынтығы,  яғни  бір  адамның  екінші  адамнан  айырмашылығы.  Ал,тұлға  дегеніміз 

адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек 

қана қоғамда өмір  сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан 

адамдардың  мәні.  Мұны  адамның  әлеуметтік  сипатының  бастамасы  деп  атайды. 

Нақтылап  айтсақ,  тұлға–индивидтің  табиғаттан  тыс  адами  қасиеті,  яғни  оның 

әлеуметтік  өмірінің  мәнді  жақтарын  сипаттайтын  сапасы.  Адам  қоғамсыз  өмір  сүре 

алмайды.  Мінсіз  өмір  аясы  деп  ауыл  мектебін  айтар  едім.    Ауыл  мектебінде  жұмыс 

жүргізіп  жүрген  мұғалімдердің  өзі  осы  қоғам  мүшелері.  Өздеріне  қажетті  продуктіні 

өңдеушілер.  Осы  арада  біз  «Адам»,  «индивид»,  «тұлға»,  «даралық»  ұғымы  мен 

мүмкіндіктеріне  сипаттама беріп көрейік. 

    Адам-жоғарғы  психикалық  қызметтің  арқасында  меңгеру,  жасау,  өзгерту  қабілетіне 

ие  саналы  биоәлеуметтік  тіршілік  иесі,  қоғамдық-тарихи  дамудың  жемісі  әрі  сол 

қоғамдық  өмір  жемісі  болып  табылатын  сананы  таратушы.  Ауыл  мектебінен  қоғамға 

қажетті  әр  түрлі  салада  қызмет  атқара  алатын  тұлға    тәрбиеленіп,  терең  білім  алып 

шығып  жатыр.  Осындай  әлеуметтке  қажетті  тұлға  әзірлеу  үшін    Үшдеңгейлі  оқу 

Бағдарламасы  құрылып,  оны  жүзеге  асыру  үшін  мұғалімдердің  біліктілілігін  арттыру 

курстарында оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдер арқылы, оқытудың жаңа инновациялық 

технологияларын,    цифрлі-  ақпараттық  техникалық  құралдармен  пайдалана  алатын 

мұғалімдер  дайындаудамыз.  Ескі  сарынды  оқытудағы  олқылықтарды  жібермей,  тек 

тиімді  оқыту  формаларына  сүйеніп  оқыту  мақсатын  орындау  қазіргі  заман  талабы.  

Қала мектебі мен ауыл мектебінің орындап жатқаны,  міндеті, жүзеге асырып отырған 

мақсаты,    ҚР  Білім  және  ғылым  министірлігі  шығарған  бір  мемлекеттік  стандарттың 

төңірегінде  атқарылып  жатқан  әрекеттер.    Қазіргі  мұғалімге  қойылатын  талаптар  өте 

зор. Әрине түсінікті жағдай, ауыл тұрғындарының санымен қала тұрғындарының саны 

тең  келмейді.  Яғни  оқушы  санында  да  айырмашылық  болады.  Ауыл  мектебіндегі 

мұғалім оқушы санына байланысты ҚР мемлекеттік стандартты оқу жылының аяғына 

дейін орындайды.  Сол сияқты ауыл мектебіндегі  барлық оқушылар мектептің барлық 

іс-шараларына  түгел  жұмылдырылып,  қамтылады.  Ал,  қала  оқушыларының  барлығы 

бірдей барлық іс-шараларға қамтылмайды, тек белсенді, икемді балалар  барлық жерге 

араласып,  қатыстырылады.    Қала  оқушыларының  арасында  11  жыл  мектепте  оқып, 

бірде бір іс-шараға қатыспаған балалар бар. Тек сабақ кестесіне байланысты әр сабаққа 

қатысып  отырумен  шектелген  оқушының  өмірін  елестетіп  көрейікші.    Осы  тұрғыда 

кімді  кіналайсыз?  Оқушының  селқостығы  ма,  оқушыға  тұлға  деп  қарамай,  іске 

араластыра  алмаған  мұғалім  бе?  Сол  себептен  қазіргі  кезде  алдымен  мұғалімнің    өзі 

өзгеріп, содан кейін  оқушыларға деген бетбұрысы, көзқарасы түзеліп, өзгеруі қажетті 

болып  тұрған  сияқты.  Жаңа  заманға  жаңа  талаптарға  сай  жаңа  мұғалім  жасау  қазіргі 

кезде  мұғалімдердің  біліктілілін  арттыру  институтары  арқылы  жүзеге  асып  жүргенін 

ескеруіміз  керек.  Тұлғаның  шығармашылық  ізденісін  анықтау  үшін,  оқытушылар  пән 

мұғалімі, әрі педагог, психолог, кеңесші, үйлестіруші рөлін атқаруы керек. 

Қазіргі кездегі өміріміздегі таң қаларлық, есті шығаратын  өзгерістердің болуы, 

адамның тұлғалық  қасиеті  назарынан тыс қалады. Міне осы тұрғыда жаңаша оқытуға 

көшудің  маңыздылығы  анықталып,  тұлғаны  дамыту  үшін  әрекет  жасауға  икемделген 

Үшдеңгейлі  оқыту  курсының  маңыздылығы  анықталып  отыр.  Әлеуметтік  

проблеманың    туындауы  мен  оны  шешуге  байланысты  күнделікті  түрлі  жүйелер 

өрістеуі  мен  ұйымдастырулары  болып  жатады,  дегенмен  барлық  осы  проблеманы 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет