Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады.
Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа қабылданған оқушыларды зерттеу. Объектілері - оқушының мәдениеттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б.
Педагогикалық құбылысты бөліп алып бақылау ғылыми жұмыстың міндетіне байланысты.
Алдымен бақылау объектілері бөлініп, бақылау арқылы түскен мәліметтерді хаттамаға жазуға болады. Күнделік, алдын-ала әзірленген кестелер қолданылады, оларға оқушылардың іс-қимылдары, т.б. жазылады. Бақылау материалдары дәл жазылуы керек.
Нысанды қамту көлемi жағынан тұтас және тұтас емес бақылау болып бөлiнедi. Бiрiншi жағдайда барлық зерттелетiн нышандар бақыланса, екiншiсiнде, оның бөлiгi ғана. Мәлiмет жинау тәсiлiне қарай бақылауды тiкелей және қосалқы деп бөледi. Тiкелей немесе тура бақылауда зерттеушi бақылау кезiнде көрген деректердi тiркейдi. Қосалқы немесе жанама бақылауда нысанның өзi емес, тек оның нәтижесi бақылауға түседi.
Бақылауды ұйымдастыру мен өткізу ерекшелiктерi Ерекшелiктерi: А. Бақылау белгiлi бiр мақсатты ұстауы тиiс;
Б. Бақылау алдын ала жасалынған жоспар бойынша өтуi қажет;
В. Зерттелетiн белгiлердiң саны аз және олар нақты анықталған болуы керек;
Г. Құбылысты бақылау нақты табиғи жағдайда жүргiзiлуi тиiс;
Д. Қайта бақылау тең уақыт жиiлiгiнен кейiн өткiзу керек;
Е. Түрлi бақылау жолдары арқылы алынған мәлiметтер салыстырмалы болуы қажет.
Бақылауға дайындық және өткізу кезеңдері: А. Нысан таңдау, бақылау мақсаты мен мiндетерiн қою;
Б. Бақылау жоспарын жасау;
В. Бақылау құжаттары мен жабдықтарын дайындау (нұсқаулар, хаттамалар, жабдықтар);
Г. Бақылау деректерiн жинау (жазбалар, хаттамалар, кестелер және т.б.)
Д. Бақылау нәтижелерiн ресiмдеу;
Е. Бақылау нәтижелерiн талдау;
Ж. Бақылаушының теориялық және тәжiрибелiк қорытындылары.