Ғылыми әдiстемелiк және ғылыми-тәжiрбелiк конференция. Тәжiрибенi зерттеу мен жинақтаудың табысты формасы. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалiмдер әдебиетпен танысады және әрiптесттерi тәжiрбелерiнiң мәнiн анықтайды.
Педагогикалық көрме. Мұнда дидактикалық материалдар, түрлi әдiстемелiк талдамалар, жоспарлар үлгiсi және т.б. ұсынылады.
Педагогикалық оқуларда мұғалiмнiң өз тәжiрбесiн талдау мазмұндау және жинақтау көзделген. Таңдаулы баяндамалар журналдар, жинақтар да жариялануға ұсынылады.
Пiкiр таластар мен пікір сайыстар– оқу-тәрбие жұмысының өзектi мәселелерi бойынша жүргiзiледi. Олар ауызша және жазбаша түрде өткiзiледi. Түрлi мұғалiмдердiң айтатын пiкiрлерi бiр-бiрiн толықтырады немесе бiр-бiрiне қарама-қайшы келедi.
Семинар сабақтары. Семинар тақырыптары оқу жылына немесе бiрнеше жылға белгiленедi. Теориялық және әдiстемелiк материалдар оқылады, мұғалiмдердiң жеке тәжiрибесi талданады.
Педагогикалық кеңестер. Жазбаша және ауызша болуы мүмкiн. Оларды тәжiрбесi жеткiлiксiз, жас мамандар үшiн тәжiрбелi ұстаздар өткiзедi. Өз-өзiн жетiлдiру – бұл кез келген педагог үшiн басқа тәжiрибенi, егер ол баяндама, мақала, кiтапша, монография, т.б. түрiнде жинақталған болса, үйренудiң қол жететiн, тиiмдi түрі.
Практикалық тапсырмалар Төмендегі тақырып бойынша сауалнама құрастыру және нәтижесін өңдеу. «Орта мектеп жасындағы балалардың бос уақытын ұйымдастыру».
Курстық жұмыстың ғылыми аппаратын құрыңыз (тақырып өз қалауыңыз бойынша).