Тұрақты бақылау, мысалға белгiлi бiр уақыт жиiлiгiнде, кейбiр пән бойынша сабақты қамтиды; қайталанбалы – белгiленген мезгiл аралағында, бiржолғы – бiр сабақтағы көрiнiс қана тiркеледi.
Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.
Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.
Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі кызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. "Нақты пайымдау" ой елегінен өткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі.
Бакылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.
Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.
Бақылаудың бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.
Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын жоғары сынып окушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы, зерттеушінің дайындығына байланысты.
Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі - зерттеуші мұғалімнің іс-әрекетін, екіншісі - оқушылардың, үшіншісі - жекелеген оқушылардың іс-әрекетін белгілейді.
Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үйтапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты.
Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалықпроцестің нақты көрінісін береді.
Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді.