Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі. Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Озат тәжiрибенi зерттеу және тарату жолдары: - Ғылыми – практикалық конференция арқылы.
- Ашық сынып сағаты арқылы
- Семинар – практикум арқылы
- Үлгiлi тәрбие мектебi арқылы
- Әдiстемелiк бiрлестiк арқылы
- Педагогикалық оқу арқылы
- Тамыз, қаңтар педагогикалық кеңестерi, секция жұмысы арқылы
- Жас мұғалiмдер мектебiндегi оқу-практикум арқылы;
- Теледидар арқылы, бейнефильмдер арқылы;
- Баспасөз, ақпарат құралдары арқылы;
- Ендiрiлген озат тәжiрибе нәтижесiн анықтау жолдары
- Жартыжылдық, жылдық /бiрнеше жылдық/ салыстырмалы бақылау, байқау жұмыстарының нәтижелiгiнен;
- Оқушылардың пәндiк олимпиадаларда жақсы нәтиже беруi;
- Жоғары оқу орында грант, несиеге түсу санының артуы;
- Оқушылардың ойлау жүйесiнiң, парасат-пайымының артуы;
- Отандық патриотизмi;
- Ғылыми жобаға қатысушылар саны және нәтижелiгiнiң артуы;
- Тереңдетiп оқуға ынталылық бiлдiруi, нәтижелiгi;
- Өзiн-өзi дамыта бiлуi;
- Оқушылардың өмiрлiк белсендiлiгiнiң артуы, өзiндiк көзқарастарының қалыптасуы;
- Жеке пәндер бойынша ғылыми жұмыспен айналысуы;
- Уақытты тиiмдi пайдалану /азуақытта көп iс тындыру/;
- Мұғалiмнiң, оқушының зертханалық жұмысын /еңбектi ғылыми ұйымдастыру/ нәтижесi арқылы.
Педагогикалық тәжірибені оқып үйрену және жинақтау әдістері:
Ашық сабақтардыоқу тәрбие процесiнiң түрлi тақырыптары мен мәселелерi бойынша жүргiзуге болады. Нақты педагог тәжiрибесi алдыңғы қатарлы болып қаралады және басқалардың жетiстiгiне айналады.
Педагогикалық кеңестер педагогика мәселелерi бойынша іске асырылады. Мұнда алға қойылған сұрақтар талқыланады, жеке мұғалiмдердiң, топтардың және тұтас ұжымның жұмысына табыс әкелген жағдайлар мен iстер талқыланады. Талқыдан кейiн алдыңғы қатарлы тәжiрибенi қолдану туралы ұсыныстар енгізіледі.