1. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысы туралы түсінік. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысының түрлері


Педагогикалық зерттеулердегі сұрау әдістері. Сауалнама. Әңгіме. сұхбат



бет5/9
Дата23.06.2023
өлшемі33,08 Kb.
#103145
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ГОС сұрақтары

3. Педагогикалық зерттеулердегі сұрау әдістері. Сауалнама. Әңгіме. сұхбат.
Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер жөнінде ақпараттар өте жиі қажет болады. Мұндай ақпаратты сұрау әдістерін қолдана отарып алуға болады. Бұл әдіс ғылымда кеңінен тараған және барынша жиі қолданылатын әдістердің бірі. Сауалнама әсіресе индивидтердің субьективті жай-күиі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ереше құнды әдіс болып есептеледі.
Сұрау әдістерінің түрлері. Сұрау әдісі — сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі. Сұрау әдісінің ауызша және жазбаша түрлері бар. Ауызша сұрау әңгіме және интервью болып бөлінеді, ал жазбаша сұрау — сауалнама (анкета) деп аталады.
Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды. Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу, бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: үндеулік, негізгі, төлқұжаттық.Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін, оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады. Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.
Сауалнама сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді:
1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады.
2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады.
3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.
Сауалнама сұрақтардың түрлері түсінікті болу үшін мысалдар келтірейік:
1. Ашық сұрақ: «Қазақстандық газеттердің қайсысы халықаралық жағдайлар туралы сауаттырақ жазады?». Мұнда алдын ала сұрақ – жауабының тізімі берілмеген, сондықтан жауап беруші жауапты өзі әзірлеуге міндетті болады;
2. Жабық сұрақ: «Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауға ықпал жасаған кім?» - ата – анам, мектептегі ұстаздарым, жолдастарым, болашақ мамандықты өзім таңдадым;
3. Аралас сұрақ: «Сіздің пікіріңізше нарықтық экономикаға көшу жастарға не береді?» - материалдық жағдайды жақсартады, материалдық жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді, жұмыс орнын кеңейтеді. «Сізді қазір қандай әлеуметтік проблемма қатты толғандырады?». Қалған жауаптарды өзінің жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет