1. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысы туралы түсінік. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысының түрлері



бет2/9
Дата23.06.2023
өлшемі33,08 Kb.
#103145
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ГОС сұрақтары

Реферат тақырыптың қысқаша мазмұнын яғни, тақырыпқа байланысты бір немесе бірнеше бөлім мәтінін жазу.
Мазмұнның компоненттері:
- жоспар;
- кіріспе (мәселені белгілеу, таңдап алынған тақырыптың маңыздылығың, өзектілігін, мақсаты мен міндетіне түсінік беріп, пайдаланылатын әдебиеттерге қысқаша сипаттама беру);
- негізгі бөлім (рефератта қаралатын мәселенің оның әрбір бөлімі бір-біріне жалғасып тақырыпқа сай келуі керек);
- қорытынды;
- әдебиеттер тізімі.
Курстық жұмыс дегеніміз – оқу процесінің жеке бөлімдерін өз бетімен теориялық және эксперимент ретінде зерттеу. Зерттелетін мәселенің жалпы шешу жолдары және курстың жұмысқа керекті материлдармен ғылыми педагогикалық әдебиеттерді аналитикалық шолу.
Мазмұнның компоненттері:

  • кіріспе;

  • негізгі теориялық бөлім;

  • іс-тәжірибелік бөлім;

  • қорытындысы;

  • әдебиеттер тізімі;

  • қосымша материалдар.

Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:

  • жұмыстың әр бөлімдерінің жоспарға сәйкес келуі;

  • дәйексөздер (цитата) қолдану;

  • қойылған сұраққа жауаптардың бірнеше материалдардан алынуы;

  • жұмыстың мазмұны тақырыпқа байланысты екендігіне қорытынды шығару.

2. Бақылау педагогикалық зерттеу әдісі ретінде. Бақылаудың түрлері.
Бақылау – тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және бағытты психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.
Бақылау әдiсi – ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарлы қабылдауға негiзделген педагогикалық үрдiс танымының әдiсi.
Педагогикалық бақылау. Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық – педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші. Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты. Бақылаудың негiзгi мiндетi – тәжiрибе мәселелерiне жауап беретiн ғылыми зерттеу мәселелерiн дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегiдей алдын-ала белгiленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкiндiк бередi.
Алайда, бақылау алға қойылған сұраққа анық жауап бере алмайды, олар тек эмпириялық таным тудырады. Эмпириялық бiлiм толық түрде анық емес, дәлелсіз, көбiнесе қате болады. Педагогикалық ғылымның мiндеттерi – осы кемшiлiктердi жеңу, педагогикалық бiлiмдi тереңдету, нақтылау, дәлелдемелi қылу, себебi осыларға сүйене отырып педагогикалық үрдiске одан да тиiмдi түрде басқаружүргiзу.
Бақылауды жiктеудiң түрлi жолдары бар. Бақылау жиiлiгiне қарай тұрақты, қайталанбалы, бiржолғы болып бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет