1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Бұлшық ет жиырылуы механизмдері. ӘП, саркоплазмалық ретикулум, Са иондары, АТФ рөлі. 83%



бет17/80
Дата18.12.2022
өлшемі261,4 Kb.
#58012
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Байланысты:
1. Физиология п ні, бас а ылымдармен байланысы, медицинада ы ма

17. Бұлшық ет жиырылуы механизмдері. ӘП, саркоплазмалық ретикулум, Са иондары, АТФ рөлі. 83%
Бұлшықеттің жиырылу және босаңсу механизмі. Көлденең жолақты бұлшықет жиырылуы және босаңсу механизмін білу үшін алдымен оның молекулярлық физиологиясына, яғни ет талшықтарының құрылымдық және әрекеттік ерекшелігін айтып өту тиіс. Әр ет талшығы бірнеше жүзден мыңға дейін жиырылтқыш элементтері бар – миофибрилладан тұрады. Еттің жиырылуына әрбір миофибриллада 1500-дей миозин және 3000-ға жуық актин жіпшелері болады. Оның жуан жіпшесі – миозин, ал жіңішкесі - актин болып табылады. Актин шиыршығында, ет талшығын жиырылтатын не босаңсытатын ақуызы – тропонин және тропомиозин болады. Миофибриллалардың құрылымдық әрі әрекеттік бірлігі– саркомер болып табылады, ол 2 Z-мембрананың аралығында жатады. Саркомердегі актин жәнеде миозин жіпшелері гексогеналды болып орналасады – 1 миозиннің айналасында алты актин жіпшесі болады. Миозин жіпшелері саркомердің ортасында орналасатындықтан, ол жер микроскопта күңгірт тілім, яғни анизотропты А-дискі, ретінде көрінеді. А-дискнің екі жағында ашыңқы тілімі, яғни изотропты I-дискі, болады, ол жерде тек қана актин жіпшелері орналасады. Миозин талшығы бойында көлденең өсінділері болады, олардың актин жіпшелермен әрекеттесуі ет жиырылуына келтіреді Миозин және актин жіпшелерін қатар ұстап тұратын көп мөлшерлі, молекулярлық салмағы жоғары және жіпше тәрізді ақуыз – тайтин болып саналады. Сонымен қатар тайтин молекуласы шашақты болуына байланысты, оның серпімділігі өте жоғары. Сондықтан саркомердің жиырылтқыш аппаратының қалыпты жағдайдағы жұмысы басталғанға дейін, тайтиннің серпімді молекуласы каркас тәрізді болып келген актин және миозин жіпшелерін бірге ұстап тұрады. Саркоплазма, әр еттің талшығында көп миофибриллалар өте жақын және қатар орналасады. Олардың арасындағы кеңістікте, құрамында көптеген магний, калий, фосфат және ферментке бай, жасуша аралық сұйықтық – саркоплазма бар. Сонымен бірге мұнда өте көп мөлшерде митохондрий болады. Олар миофибрилланың жиырылуына қажетті АТФ түрінде энергия бөледі. Миофибрилланы қоршаған саркоплазмада дамуы жетілген саркоплазмалық ретикулум бар, онда еттің жиырылуына өте қажет Ca2+ иондары болады. Бұлшық ет жиырылу механизмі. Қазіргі кезде бұлшықеттің жиырылу механизмі миофиламенттердің сырғанау теориясы бойынша түсіндіріледі. Бұлшықет жиырылуға келтіретін үдерістің бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Қозғалтқыш жүйке талшығымен ӘП оның соңына дейін жетеді де, түйіспе арқылы бұлшықет талшығына беріледі.
2. Әрбір жүйке соңында аз нейромедиатор – ацетилхолин бөлінеді.
3. Ацетилхолин ет мембранасы арқылы арнайы басқарылатын каналдармен өтіп оның ішіне енеді.
4. Басқарылатын каналдардың ашылған соң көп мөлшерде Na+ иондары ет мембранасына енеді де, ӘП-ның пайда болуына әкеледі.
5. Әрекет потенцилы бұлшықет мембранасының бойымен, жүйке талшығымен таралу сияқты, әрі қарай өтеді.
6. әрекет потенциалы бұлшықет мембранасын деполяризацияға келтіреді және қозу ет талшығының ортасымен өтеді. Бұл көп мөлшерде саркоплазмалық ретикулумнан Ca2+ иондарының шығуына әкеледі.
7. Миофибриллалар арасында Ca2+ иондары тропонин молекуласымен әрекеттеседі де оның пішінін өзгертеді және тропомиозинді ығыстырады. Соның нәтижесінде актин жіпшелері тропомиозин кедергісінен құтылады да, оның белсенді учаскелері ашылып, олармен миозиннің көлденең өсінділерінің бастары байланысады.
8. Бұл өсінділер актинге жабысып ондағы миозиннің ферменттік қасиетін күшейтеді. Ол үшін Mg2+ иондарының жеткілікті болуы да шарт. Сонымен қатар АТФ қышқылы ыдырай бастайды. Міне, осындай өзгерістердің нәтижесінде миозин өсінділері қайық ескектерінің қимылын жасап, актин жіпшесін миозин жіпшесінің ортасына бағыттап тартады. Яғни, миозин және актин жіпшелерінің бір-біріне сырғанауы – бұлшықеттің жиырылу үдерісінің негізі болып саналады.
9. Жиырылу біткеннен кейін Са2+ иондары кальций тартқышының (Ca2+ -АТФ-аза) көмегімен саркоплазмалық ретикулумге қайтарылады. Миофибрилладан Ca2+ иондарын әкету бұлшықеттің босаңсуына алып келеді.


18.Күш және бұлшықет қызметі. Қажу теориясы, оқшауланған бұлшықеттің және бүкіл организмнің шаршау теориясы. Орта жүктемелер заңы 80%
Күш СИ жүйесі бойынша ньютонмен (Н) өлшенеді.Бұлшықет жиырылған кездегі көтере алатын ең үлкен максимал жүгімен бұлшықеттің күші анықталады. Бұл күшті бұлшықеттің «жалпы» (максималды) күші дейді және бұл күш ет талшықтарының санына, оның жуандығына байланысты болады. Бұлшықеттің жалпы күшінің оның анатомиялық көлденең кесіндісінің ауданына қатынасын оның абсолюттік күші деп атайды. Ап бұлшықеттің анатомиялық көлденеңі деп еттегі барлық талшықтардың көлденең кесіндісінің жинақы ауданын айтады. Және де бұлшықеттің физиологиялық көлденең кесінді ауданы деп аталатын ұғым бар. Егер еттің талшықтары бір-бірімен қатарласып жатса, онда бұлшықеттің жинақы физиологиялық көлденең кесіндісі оның анатомиялық көлденеңіне тең болады.
Бұлшықеттің жұмысы. Күнделікті өиірімізде қаңқа бұлшықеттер ағзанығ кеңістікте әр түрлі қимыл-қозғалысын қамтамасыз етеді және жүкті көтеріп ұстап тұрады немесе белгілі бір жерге дейін жылжытып апаруға мүмкінді береді. Мұның барлығы статикалық және динамикалық жұмыс болып есептеледі.
Жұмыс атқарудағы бұлшықеттің жиырылуына қажетті энергия көзідері болып: АҮФ, креатинфосфат концентрациясы, ет жасушасында жинақталған гликогеннің ыдырауы (гликолиз) және ет жасушасындағы тотықтырушы метаболизм табылады
Жұмыс істегенде көтеретін ауырлықтың мөлшері орташа болса, жұмыс нәтижелі және ұзақ атқарылады. Бұл жұмыстың орташа ауырлық заңы. Жұмыс нәтижесі және тиімділігі оның ырғағына (ритміне) да байланысты. Орташа ырғақты жұмыс істегенде адамның жұмыскерлігі ұзаққа созылып, жұмыс көп істеледі. Мұны жұмыстың орташа ырғақ заңы деп айтады
Бұлшықет ұзақ және қүшті жұмыс атқару барысында жиырылу күші мен қатаюы ақырындап төмендейдіде қажу жағдайына түседі. Алайда қажу уақытша ғана құбылыс болып табылады, біршама үзіліс жасап бұлшықетті тынықтырса, ол тағыда жиырылуын жалғастырады, яғни дем алып, тыныққан соң бұлшықеттің жұмыскерлігі, жұмысқа қабілеттілігі баяғы қалпына түседі. Қажудың туу ұзақтығы жұмыс ырғағы мен жүк ауырлығына тікелей байланысты болады. Ауыр жүк немесе жиі ырғақты жұмыс бұлшықетті тез қажуға келтіреді. Сондықтан жүктің ауырлығы мен жұмыстың ырғағы орташа дәрежеде болса, бұлшықеттің қызметі де нәтижелі болады. Бұлшықеттің қажу сызығын – эргограмманы алғашқы рет И.М.Сеченов жазып алған. Ғалымның айтуынша, бір қолдың еттері қажу процесіне түскенде, келесі қолмен жұмыс істесе, еттердің қажудан соң баяғы қалпына оралуы жылдам болады. Сөйтіп, И.М. Сеченов толық организмнің жұмыскерлік қабілетін сақтау үшін алғашқы рет «белсенді демалыс» ұғымын енгізді.
Қажудың пайда болу себептері мен салдарын түсіндіретін қағидалар жетерлік, олардың ішінде: «әлсіреу» теориясы бойынша – энергия қоры әсіресе гликоген мөлшерінің төмендеуі, «улану» теориясы – сүт, фосфор қышқылдарының және басқа да ыдырау өнімдерінің жинақталуы, «тұншығу» теориясы – оттегінің жетіспеуі және т.б. Бұл қағидалар бұлшықеттің қажу сырын толықтай анықтамасада, оның жеке себептерін көрсетеді. Ал тұтас организмде бұлшықеттердің бәрі жүйке талшықтарымен қамтамасыз етілген және арасында мионевралды түйіспе орналасады. Міне осы соңғы айтылған түйіспеде қажу тез дамиды. Бұл түйіспелер орталық жүйке жүйесінде де өте көп мөлшерде болады. Яғни қажу құбылысы тұтас организмде орталық жүйке жүйесінде байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет