Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
30. Мақал – мәтелдердің жанрлық белгілері мен класификациялаудың принциптері
Мақал – мәтелдер – халық шежіресі, ғасырдан – ғасырға ұласып келе жатқан ауыз әдебиетінің үлгілеріне жататын халықтың асыл қазынасы, халық шығармашылығының көне жанры. Мақал – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжіребес жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, згі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам сөз. Мұнда өмірдің са – алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан сан – саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр.
Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
Мақалдардың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң ескере отырып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процесін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты.
Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.
Мақал мен мәтел егіз жанр, тіпті бір жанр деп қарастыруға болады. Дегенмен мағынасына, құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда кейбір өзіндік айырмашылықтары бар. Мақал аяқталған ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына береді. Ғалым К. Аханов пен М. Ғабдуллиннің пікірлеріне сүйенсек, мәтел синтаксистік құрылымы толық емес, жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайтын, тек айтылған ойды ажарлай, айқындау үшін қолданылатын, сөз оралымы қалыптасқан сөйлем, пікірдің элементі деуге болады. Мақал мен мәтел бір – біріне ұқсас болғанымен, құрылымы, білдіретін мағынасы жағынан бірдей емес. Мақал – өмір құбылыстарын жинақтап көрсететін және оларға баға беріп, қорытынды пікір айтылатын халық даналығы. Көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа, аллитерацияға, ассонансқа құрылады.
Ал мәтел - өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Сыңары тармақ болып келіп, сөз үстемелене мақалға айналады. Мақал шендестіруге құралады, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Ал мәтелде ғана бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ болады. Жалпы мақал мәтелдер - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Мақал жанрындағы тура және ауыспалы мағыналар өзара диалектикалық байланыста болады. Оның басты ерекшелігін ашу – осы байланысты көрсетуде.
«Сөздік көркі – мақал» дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. Сондықтан да мақал-мәтелдердің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақты кездестіруге болады.
31.Мақал – мәтелдердің тақырыптық, логикалық жіктеулер туралы түсінік
Мақал-мәтелдердің тақырыбы алуан түрлі, себебі мақал-мәтелдердің бойына бір ғана көркем сөз тәсілінің ауқымына сыя бермейтін көптеген басқа да қасиеттер мол шоғырланған. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мұнда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған. Негізгі тақырыбы: еңбек пен ерлік, достық пен қастық, ақыл мен өнер-білім, ынтымақ пен бірлік, отан туралы болып келеді. Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал – мәтелдер мән – мазмұнның тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер - халықтың тарихы, саяси өмірі, тыныс – тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жан – жақты көрініс тапқан. Терең ойды алдай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие.
32. Мақал-мәтелдердің құрылысы мен ырғақ, ұйқасқа құрылатындығы
Мақал - мәтелдер - образды, ұйқасты, тұжырымды әрі үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз. Мақал-мәтелдердің тілі қарапайым және өте көркем, сөздік құрамы бар. Сөйлем құрылысы жағынан жеңіл, әсерлі болып келеді. Халық мақал-мәтелдердегі қолданылған сөздердің тек қана сыртқы сұлулығына қарамай, сонымен қатар құрамындағы сөз мағынасының шебер, орынды қолданылуына назар аударады. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа ( « Бұланайдан үлкен тау болмас,
Бұланнан үлкен аң болмас»), аллитерацияға (“Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі”), ассонансқа (“Жақсы сөз — жан азығы.
Жақсы еңбек — ырыс қазығы”) құрылады. Кейбір мақалдар өлеңнің жеті-сегіз буынды жыр түрінен жасалып, бір шумақтан тұратын өлең секілді. Мысалы, "Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен күн кешер", "Арық деген жамантай, жазға шығып ат болар, жамандығың сезілсе, жақын кісі жат болар". Мақалдар тура және ауыспалы мағынада. Көбінесе ауыспалы мағынада ( Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен). Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді. Мақал-мәтелдердің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақты кездестіреміз. Сөздер көркем ұйқаса, сөйлемдері ықшам, басы артық сөз болмайды. Мақал-мәтел – сөз мәйегі, асыл саф алтыны. Олардың қайсысынан болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім, сөз, интонация – барлығы бар. Негізінен мақал – мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделіп жазылған. Мақал-мәтелдер ойды кейіптеу, теңеу арқылы жақсы беріледі. Оларда көп қолданылатын көркем өрнек – синтаксистік параллелизм. ( Өлең не қара сөздерде бірінші сөйлем құрылысы екінші сөйлем құрылысында бірен-саран ғана сөзі өзгеріп, басқа сөз тіркестері сол қалпында қайталанса, синтаксистік параллелизм деп атайды. Мысалы:
Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен. )
Мақал - мәтелдердің өзара айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық түйіндеу, құрылысы жағынан байқалады. Мақалда бір-бірімен қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой - пікірді айқындай түсу басым келеді. Мақал шендестіруге құралады, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Ал мәтелде ғана бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ болады.
Достарыңызбен бөлісу: |