97. Тарихи өлеңдердің тарихи жырлармен сабақтастығы
Тарихи өлеңдердің ерте дәуірден бізге жеткені ел-жұртпен қоштасу, атамекенді жоқтау, халықтың көсемдері мен батырларын мадақтау түрінде кездеседі. Қазақ халқына байланысты туған тарихи өлеңдер Қазақ хандығының кезеңінен басталады. Тәуелсіздік жолындағы күрес ісі шын мәнінде тарихи өлеңдерден бастау алады. Тарихи өлеңдердің негізгі арқауы ел мен жердің азаттығы, халықтың арманы мен мұраты болып отырады.
Тарихи жырда ерлік мәселесі кең көлемде алынып, азаттық жолындағы қаһарманның бейнесі сомдалады.
Тарихи өлеңде жалпы халықтың мұң-зары, қайғы-қасіреті, салт-дәстүрі, заман тудырған аласапыран оқиға негізінде бейнеленеді.
Тарихи жыр мен тарихи өлеңнің басты айырмашылығы осыдан көрінеді. Тарихи өлеңді айтушылар оқиғаны көзбен көріп, көңілмен сезген сөз сүлейлері болған. Тарихи өлеңдер лирикалық өлеңге жатпайды. Себебі тарихи өлеңдер қоғам өмірінің әр кезеңінде жедел туып, халықтың мақсат-мүддесіне сай қызмет етіп, тарихи оқиғаны дәлме-дәл беруі жағынан эпикалық түрге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |