1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану



бет14/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Паром істен шыққандықтан, енді он шақырым жердегі көпір арқылы айналып өтпек. ...Үйге дейін жүгірді. ... Жүгіре жөнелді. Бірінші мысалдағы зат есімге тіркесіп келген арқылы септеулік шылауы өзі жалғанған сөзге зат (көпір) қимылдың (өту) құрал-объектісі (егер сұрақты немен өтпек деп қояр болсаңыз) немесе зат қимылдың амал-объектісі (егер сұрақты қалай өтпек деген мазмұнда қойсаңыз) екенін білдіретін грамматикалық мағына жамап, зат есімді толықтауыш (соңғы мағына дұрыс десеңіз пысықтауыш) қызметіне қоя отырып, етістікпен байланыстырған. Мұнда бір көмекші морфема (көмекші сөз, оның ішінде септеулік шылау) бір морфологиялық тұлға болып тұр. Екінші мысалда екі морфема бір морфологиялық тұлғаны құраған. Яғни, үйге дейін дегендегі түрлендіруші морфологиялық тұлға – -ге дейін, өз ішінен екі морфемадан, барыс септік жалғауы мен септеулік шылаудан құралған. Оған дәлел – сөзге үстелген грамматикалық мағынаның бүтіндігі мен тұтастығы. Барыс септігі мен септеулік шылаудан тұратын морфологиялық тұлға өзі жалғанған сөзге зат (үй) қимылдың (жүгіру қозғалыс-қимылының) шектік бағыты екенін (қозғалу қимылы үйге жеткенде аяқталады) білдіретін грамматикалық мағына жамаған. Сөз (үй) осы мағынаға ие болғаннан кейін етістікпен пысықтауыштық қатынасқа түсіп байланыс орнатқан. Салыстыру жүргізейік: үйге жүгірді үйге қарай жүгірді үйге дейін жүгірді. Бірінші мысалдағы зат (үй) қимылдың нақты бағыты (жүгіру қимылы тек үйге бағытталған), Екінші мысалдағы зат қимылдың жалпы бағдары ғана (қимылдың бағыты нақты үй емес, оның қасындағы басқа зат, ғимарат болуы да мүмкін, үй – жалпы бағдар ғана), үшінші мысалдағы зат қимылдың бағытының шегі (қозғалыс қимылы осы затпен шектеледі, аяқталады). Үш сөзде де барыс септігі қолданылғанмен, үшеуіндегі үстелген грамматикалық мағына бірін-бірі қайталап тұрған жоқ, бір-бірімен байланысты, бірақ үш басқа мағыналар. Бірінші мысалдағы үстелген грамматикалық мағына барыс септігінің өзі арқылы берілсе, екіншісінде барыс септігі мен қарай септеулік шылауы арқылы, үшіншіде барыс септігі мен дейін септеулік арқылы жамалған. Ендеше бұл мысалдардағы барыс септігі мен септеулік шылау – бір грамматикалық мағынаны білдіретін етістіктің аналитикалық форманттары сияқты бір морфологиялық тұлға. Жүгіре жөнелді мысалындағы -е жөнел форманты да екі морфемадан құралып, бір грамматикалық мағына, жүгіру қимылының жедел қарқынмен басталғанын білдіретін грамматикалық мағына, жамаған бір морфологиялық тұлға болып табылады. Өйткені –е көсемше жұрнағының жіктелген кезде білдіретін ауыспалы осы шақ (біледі) және ауыспалы келер шақ (келеді) мағыналарының ізі де жоқ, сондықтан ол көмекші етістікпен бірге күрделі морфологиялық тұлғаның құрамына кіреді. Ал мысалдағы шақтық мағына жедел өткен шақ жұрнағы арқылы берілген.
Сөйтіп түрленуші морфологиялық тұлғалар да, түрлендіруші морфологиялық тұлғалар да бір морфемадан да тұруы мүмкін, бірнеше морфемадан да құралуы мүмкін. Оларды жеке морфологиялық тұлға деп тануда мағыналары, атап айтқанда, түрленушілерді тануда лексикалық мағына, түрлендірушілерді тануда сөзге үстейтін грамматикалық мағыналары негіз болады.

3 дәріс. Сөз таптары


Дәріс жоспары:

  1. Сөз таптарына жіктеудің принциптері

  2. Атауыш сөздер мен көмекші сөздер

  3. Есім сөздер

  4. Етістік

  5. Үстеу мен еліктеу сөздер

Сөз таптары тілде бар сөздердің ортақ грамматикалық қасиеттері бойынша топтастырылатын, әр басқа грамматикалық қасиеттері бойынша бір-бірінен ажыратылып, жіктелген топтары. Сөздерді әр басқа қасиеттері бойынша бір-бірінен ажырату, ортақ қасиеттері бойынша бір жерге топтау үшін үш түрлі принцип қолданылады. Олар – семантикалық принцип, морфологиялық прицип, синтаксистік принцип.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет