1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану


күні – сөйлемде бұл толық мағыналы екі сөз іргелес тұрып байланысқан; сол күні аттанып кету



бет59/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

сол күнісөйлемде бұл толық мағыналы екі сөз іргелес тұрып байланысқан;

  • сол күні аттанып кетусөйлемде бағыныңқы (сол күні) басыңқы компоненттен араға басқа сөйлем мүшелерін салып, алшақ тұрып байланысқан;

  • осы ауылсөйлемде бұл толық мағыналы екі сөз іргелес тұрып байланысқан;

  • күн шықпай тұрып аттанып кетусөйлемде бағыныңқы (күн шықпай тұрып) басыңқымен іргелес тұрып байланысқан.


    Бұл – мектеп. Асан – студент үлгісіндегі бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш қызметінде келген сөздердің арасында байланыс интонация арқылы жүзеге асқан деп көрсетіліп жүр. Бұл мектепте ол да оқыған деген сөйлемдегі бұл мектеп деген анықтауыштық қатынастағы сөздердің тіркесінде бірінші компоненттен кейін Бұл – мектеп дегендегі предикаттық қатынастағы сөздердің бірінші компонентінен кейінгі сияқты дауыс кідірісі жоқ. Ал екінші мысалдағы бастауыштан кейін арнайы ұзақ пауза бар. Сондықтан бұл мектеп тіркесінде сөздер іргелес орын тәртібі арқылы, Бұл – мектеп дегенде сөздер интонация арқылы байланысқан деп түсіндіріледі. Бұл мысалдағы сөздердің арасындағы дауыс кідірісі сол сөздердің байланыс орнатуына қызмет ететінін жоққа шығармастан, байланысты жүзеге асыруда басқа тұлғалардың да қатысатынын да көрсеткіміз келеді.
    Әдетте сөйлем құрамында оңашаланған айқындауыш мүшелер мен бірыңғай мүшеге қатысты жалпылауыш сөздер болмаса, қазақ тіліндегі жай сөйлемдер айтылу барысында өз ішінен екі бөлікке жіктеліп айтылады. Мұндағы бірінші бөлікті бастауышқа қатысты тізбек құраса, екінші бөлікті баяндауышқа қатысты сөздер тізбегі құрайды және екі бөліктің арасында міндетті түрде тиянақсыз дауыс кідірісі орын алады. Мысалы, Екі күн аңның қызығымен жүрген аңшылар // бүгін кеш бата таудың етегінде отырған ауылға келіп түскен. Мысалдағы өзара түрлі қатынастардағы сөздер тізбегі айтылу барысында бастауыш қызметінде тұрған аңшылар сөзінің төңірегіне бір сөйлеу лебімен топтасып келеді және бастауыш қызметіндегі сөзден кейін ұзағырақ кідіріс орын алып тұр. Сол сияқты Сиыр қораға кірді сияқты сөйлемдегі екі зат есімнің арасын кідіріссіз де, кідіріспен де айтуға болады. Кідіріссіз айтсақ, сиыр сөзі қора сөзімен байланысып, онымен анықтауыштық қатынасқа түседі, кідіріс жасап айтсақ: Сиыр // қораға кірді, енді аталған сөз бастауыш қызметіне тұрып, баяндауышпен байланысады. Ендеше сөйлемдегі бастауыштан кейін болатын дауыс кідірісі бастауышты басқа сөйлем мүшелерінен ажырататын, оны баяндауышпен байланыстыратын сөйлеу элементі және сөйлеу әрекеті кезінде Бұл – мектеп, Асан – студент үлгісіндегі бастауыштан кейін ғана емес, сөйлемдегі барлық бастауыштан кейін орын алатын құбылыс. Сондықтан Бұл – мектеп, Асан – студент үлгісіндегі тіркестерде дауыс кідірісі оқулықтарда көрсетіліп жүргендей сөз бен сөзді байланыстыратын негізгі және жалғыз тәсіл емес. Негізгі емес дейтініміз – дауыс кідірісі тек осы үлгідегі бастауыштардан кейін ғана емес, барлық бастауыштан кейін орын алатын құбылыс. Жалғыз тәсіл емес дейтініміз мұндағы байланысқа түскен есім сөздер кейбір ережелерде айтылып жүргендей «екеуі де атау тұлғалы (атау септік тұлғасындағы) сөздер» емес. Мұндағы атау септікте тек бастауыш қызметіндегі сөздер ғана тұр және сол атау септігі өзі жалғанған сөзді баяндауышпен байланыстырған. Ал баяндауыш қызметіндегі сөздер жіктік жалғауының үшінші жағында нөлдік қосымшамен жұмсалған. Ендеше бұл сөздер (баяндауыштар) атау септік тұлғасында емес, жіктік жалғау тұлғасындағы сөздер және баяндауыш өз бастауышымен осы жіктік жалғауы арқылы байланысқан. Сондықтан Бұл – мектеп, Асан – студент үлгісіндегі сөздердің байланысы жалғыз интонация арқылы (бастауыштан кейінгі дауыс кідірісі) жүзеге аспаған, бастауыштар баяндауыштармен атау септігі, баяндауыштар бастауышпен жіктік жалғауы арқылы байланысқан. Ал сөйлемдегі барлық бастауыштан кейін орын алатын дауыс кідірісісөйлемнің бастауыштық бөлігін топтастыратын, бастауышты басқа мүшелерден ажырататын, бастауыштық бөлікті баяндауыштық бөлікпен жалғастыратын сөйлеу әрекетінің элементі.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет