1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет21/38
Дата23.04.2023
өлшемі1,26 Mb.
#85881
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
охт ждд

Физикалық қасиеттері. Аммиак — түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш газ. Балқу температурасы -77,8°С, қайнау температурасы -33,4°С. Аммиак суда өте ерімтал:1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді. Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH3-H20 түзеді. Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мусәтір спирті деген атпен дәріханада сатылады.
Химиялық қасиеттері.

  1. Аммиактың сумен әрекеттесуі.

Аммиак суда ерігенде, темендегі тепе-теңдік іске асады:
NH3 + H2O = NH3 nH2O → NH4 + OH.
Аммиактың судағы ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді. Себебі соңғы тепе-теңдік сол жаққа қарай көбірек ығысатындықтан, судағы ерітіндіде гидроксид ионы ОН- аз болады. Өздеріңе белгілі негіздерден аммоний гидроксидінің айырмашылығы — мұнда оң зарядты ион аммоний NH4 болады.

  1. Аммиактың оттекте жануы.

Егер аммиак пен оттек ағынын тұтандырса, аммиак оңай жанады.
а) өршіткі қатыспаса, бос күйдегі азот бөлінеді: 4NH3 + 3O2 = 2N2 + 6H2O.
ә) Катализдік тотығуынан ( өршіткі – Pt) азот (II) оксиді алынады: 4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O.

  1. Аммиак қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді. Мысалы, екі шыны таяқшаны алып, біріншісін - аммиак суына, екіншісін - концентрациялы тұз қыішқылына батырып, екі таяқшаны бір-біріне жақындатса, ақ түтін пайда болады.Ол - аммоний хлоридінің өте ұсақ кристалдары: NH3 + HCl = NH4Cl. Аммиак басқа да күшті қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді. Аммиактың тұншықтырғыш иісі бар. Ауаға тарағанда адамның дем алуына зиянды әсер етеді. Аммиак тасымалдайтын цистернаның қауіпсіздік шарасы үнемі қадағалануы тиіс. Аммиак өндірісі келесі операциялық нұсқа түрінде беріледі: 1) өңдеуге кедергі жасайтын күкірт қосылыстарынан табиғи газды тазалау:

H2S + ZnO = ZnS + H2O .
2) су буымен метан конверсиясы. Табиғи газ және су аммиак синтезінің бір компоненті сутекті алудың шикізаты болып табылады. Бұл өзгерісте біруақытта екі реакция жүреді: CH4 + H2O = CO + 3H2; CO + H2O = CO2 + H2 3) көміртек (II) оксидінің су буымен конверсиясы (тепе-теңдіктік шектеулерге сәйкес алдыңғы үдерісте көміртек монооксиді толығымен көміртек диоксидіне айналмайды): CO + H2O = CO2 + H2.
Осы үдерістен кейін бастапқы шикізаттан (метан және су) сутекті максималды бөлуге болады.

  1. аммиак синтезі үшін екінші бастапқы компонент – азот алу. Азотты ауадан алады. Ауа –газдардың күрделі қоспасы. Сондықтан азотты алу үшін оны оттек және басқа газдардан бөлу керек. Бұл үдеріс азот және оттектің қайнау температураларының айырмашылығына негізделген. Атмосфералық қысымда азот –1960С-та, ал оттек –1830С температурада қайнайды, яғни оттекке қарағанда азоттың қайнау температурасы төмен. Кәдімгі жағдайда ауа түссіз газ. Егерде оны –1920С температураға дейін салқындатса, онда ол түссіз сұйықтыққа айналады. Сұйық ауаны ректификациялағанда азот буланады да, оттек сұйық түрінде қалады. Осындай жолмен аммиак синтезіне қажетті азотты алады.

  2. сутек алу кезінде алынған көміртек диоксидінің абсорбциясы. Оны моноэтаноламин ерітіндісімен сіңіреді: CO2 + 2RNH2 + H2O = (RNH3)2CO3.

  3. газды көміртек оксидінен СО тазарту. Көміртек оксидінің СО конверсиясынан кейін, аздаған мөлшерде СО қалады, ол одан әрі өзгеріске кедергі жасайды. Одан оны метанға айналдыру арқылы құтылады: CO + 3H2 = CH4 + H2O .

  4. аммиак синтезі (барлық сатылардан кейін таза азоттысутек қоспасы алынады, алдыңғы сатыларда алынған СН4 мөлшері аз): N2 + 3H2 = 2NH3.

Аммиакты азот пен сутектің 1:3 қатынасында катализатор жіберу арқылы алады: N2 + 3H2↔2NH3 + 112 кДж (500°С, 30 МПа)

Ле-Шателье принципі бойынша қысымды көтергенде аммиактың шығымы арту керек, бұл тәжірибе жүзінде дәлелденген. Екінші жағынан, азот пен сутек қосылғанда 112 кДж жылу бөлініп шығады. Демек температура жоғары болса аммиак аз өндіріледі. Сондықтан реакцияны төменгі температурада жүргізу керек. Бірақ төменгі температурада реакцияның жүру жылдамдығы өте баяу. Сондықтан үдерісті тездету үшін катализатор қолдану керек. Бұл үдеріске ыңғайлы катализаторлар ретінде Mn, Fe, Rh, W, Re, Os, Pt, уран және т.б., яғни d және f ұяшықтары толмаған элементтер қолданылады. Осылардың ішінен Fe, Os, Re және уранның активтіліктері жоғары. Мұның үшеуі Re, U, Os қымбат әрі өндірісте қауіпті. Қазіргі кезде өндірісте промоторланған темір катализаторы, промотор ретінде AІ2 O3 , K2 O, CaO, SіO2 қолданылады. Оттегі және оның қосылыстары, көміртегі оксиді, темір катализаторын қайтымды түрде уландырса, күкірт қосындылары қайтымсыз түрде уландырады. Құрамында 0,1% күкірт активтілігін 50% кемітсе, ал 1% күкірт катализатор акивтілігін тегіс жояды. Көп зерттеулер нәтижесінде аммиакты синтездеудің оптималды жағдайы табылған. Ол температура 200-4500 С, қысым 20-100МПа. Соның өзінде аммиактың шығымы 15-20%. Түзілген аммиакты бөліп алу үшін газдар қоспасын салқындатып, аммиакты конденсациялайды. Реакцияға түспеген азотсутек қоспасын қажетті мөлшерде азот, сутек қосып үдеріске қайта жібереді. Аммиакты синтездеу – көлемді азайтып жылу бөліп жүретін қайтымды үдеріс, яғни қысымды арттырып, температураны төмендету, тепе-теңдікті оңға жылжытады. Аммиак синтезі үдерісіндегі катализатор әсерінің механизмі:

  1. Азот пен сутек газ фазасынан катализатордың беткі қабатына және кеуегіне диффузияланады;

  2. Азот пен сутек катализатордың әсерімен активтелінеді;

  3. Катализатор бетінде активтелген азот пен сутек әрекеттеседі. Осының нәтижесінде азот катализатордан электронды қосып алып, теріс зарядталады, N + e N- . Сутек өз электронын беріп, оң зарядталады Н – еН+ . Зарядталған сутек пен азот реакцияласып алғашында NH (имид) содан соң NH2 (амид), ең соңында аммиак NH3 түзіледі;

  4. Түзілген аммиак катализатордан десорбцияланып, газ фазасына ауысады. Қолданылуы.

Аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі- дәрмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады. Аммиак төменгі қысымда (0,7—0,8 мПа) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады. Аммиак медицинада 10% аммиак ерітіндісі ретінде кеңінен қолданылады және оны мүсәтір спирті деп атайды. Адам есінен танған кезде оны мүсәтір спиртімен есіне келтіреді. Ол сонымен қатар құстыруға арналған құрал ретінде қолданылады. Бұл әдіс әсіресе алкогольмен улану кезінде кең таралған. Олар мүсәтір спиртінен лосьондар жасайды және жәндіктердің шағуын емдейді. Хирургтар қолды емдеу үшін суда сұйылтылған аммиакты қолданады. Аммоний нитраты мен аммоний сульфаты, аммоний гидро- фосфаттары тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. Аммоний хлориді: дәнекерлеуге, гальвани элементін даярлауға, ал аммоний гидрокарбонаты: кондитер, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Аммоний нитраты NH4N03 мен алюминий және көмірдің коспасынан аммонал деп аталатын копарылғыш зат жасалынады.Аммиактың артық дозалануы өте қауіпті екенін есте ұстаған жөн.
Әр түрлі органдардағы ауыр сезім, олардың ісінуі және тіпті өлуі мүмкін. Егер бұл затты нұсқаулық бойынша және ұқыптылықпен қолданса, оны болдырмауға болады!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет