1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет26/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
81


82
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Аңсаумен өткен жел күндер
(эпилог орнына)
Өмірден әкем өткелі
Жиырма рет ағаш көктеді
Қаһарлы қыста сөнді де,
Көрмеді туған көктемді.
Өмірден әкем өткелі
Қайғы-мұң басты көп мені.
Жаныма батты қыраудай
Асқар тауымның шөккені.
Өмірден әкем өткелі
Жиырма рет өзен тасыпты.
Қанша рет жаным жабырқап,
Қанша рет тағдыр жасытты.
Әкесіз жетім деді ме,
Пенделер болды тас атқан.
Орнынан таппай, сипалап,
Жанардан талай жас аққан.
Өмірден әкем кетсе де,
Артында қалған анашым
Түтінін түзу түтетіп,
Жоқтаушым болды жанашыр,
Анашым барда жүріп ек,
Тағдырдың сынын еңсеріп,
Келмеске кетіп ол дағы,
Шынымен қалдық теңселіп.
Бақиға анам кеткелі
Он жылдың жазы жетіпті.
Іздесем таба алам ба,
Киіп ап темір етікті?
Әкесіз жетім – мас жетім
Масайрап өмір сүріп ем.
Анасыз жетім – хас жетім
Жалғаннан талай түңілгем.


АНА ТАҒДЫРЫ
83
Өмірде сендер жүріп ең
Біріңе-бірің тіреу боп.
Түсімде көріп қанша рет,
Ісінді көзім білеу боп.
Біріңе-бірің ол жақта
Жанашыр болған жармысың?
Ақтарсам шемен-шерімді,
Естисіңдер ме, бармысың?
Жалғаннан сендер кеткелі
Қанша рет өмір түледі?!
Көз жасым қанша төгілді,
Бір Алла оны біледі.
Қанша рет өмір таяғы
Басыма тиді сарт етіп,
Алдымнан бір сәт шықсаң ғой
Әкем мен анам жарқ етіп.
Алдымнан шықсаң, айтар ем
Жағылған маған жаланы.
Аралар едік қоймастан
Қаланы әсем, даланы.
Арқалар едім шынымен,
Шаршадым, талдым деместен,
Ұсынар едім жылы мен 
Жұмсақты өзім жеместен.
Өмірден сендер кеткелі
Жағдайлар небір жолықты.
Шешімін дұрыс таба алмай,
Ақылшы іздеп торықтық.
Қуанған кейбір сәттерде
Шаттанар жақын жолықпай,
Жалғанда жалғыз қалдық деп
Шошындық, тоңдық, қорықтық.
Өмірден сендер өткенмен,
Тоқтаусыз уақыт тынбады.


84
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Сендерден қалған алтауды
Сынады тағдыр, шыңдады.
Жайқалған алты терегің
Майысты талай дауылдан.
Бораннан тоңды, жасыды,
Құлады, бірақ сынбады.
Көтердік басты біздер де
Жапырақ жайған қайыңдай,
Үйретті өмір жүзуді,
Бұрқасындардан тайынбай.
Әйтсе де, көрсем өзгенің
Әкесі менен анасын,
Тарыла берер тынысым,
Қайраңдап қалған жайындай.
Сендерді іздеп жылайды
Артыңда қалған немере,
Өмірдің заңы дегенге
Періште көңіл сене ме?
Өзгелер жүрсе қолтықтап
Атасы менен әжесін,
Шыдай ма қатал тағдырға,
Жүрегі балғын көне ме?!
Өмірден кетті сендермен
Алаңсыз балаң күндерім.
Өмірден кетті сендермен
Қайғысыз, қамсыз түндерім.
Өмірден сендер кеттіңдер
Еріксіз біз де есейдік.
Бұрынғы күлкі азайып,
Басатын болды күнде мұң.
Осылай уақыт зырылдап,
Түндерді күндер қуыпты,
Жүрекке келіп қатталған
Бір мұңды бір мұң жуыпты.
Иманың болсын жолдасың,


АНА ТАҒДЫРЫ
85
Бақұл бол, қайран ата-анам.
Отырмыз қазір еске алып,
Амал не, уақыт суытты.
Амал не, уақыт суытты
Өртеніп тұрған көңілді.
Орындарыңды оңалтсын,
Ұрпағың болып өмірлі.
Жалғанда мынау талай жан 
Осылай өзін жұбатқан.
Талай жыл келіп-кетсе де,
Үндерің кетпес құлақтан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет