1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет31/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

АЛТЫН ДІҢГЕК
(Толғау)
Адам өз ізін өкшелей ізін басып келе жатқан 
кейінгі толқынға қарап есейгенін сезініп, өміріне 
барлай көз тастайды екен. Өмірдің әр өткелінен 
асқан сайын құмдай сусып жатқан жүйрік уақыт-
тың құлаққа естілмес тықылын түйсігіңмен сезі-
не бастайсың. Сезінген сайын өмір тәттірек, ал 
уақыт шіркін жүйрігірек бола түседі. Осындай 
сәтте ата – анаңның берген өнегесі, айтқан өсиеті, 
тәлім – тәрбиесі жадыңда жаңғырады. 
«Бір анадан ала да туады, құла да туады» де-
ген мақалды жиі ай-
тушы еді анашым. 
«Бес саусақ бірдей 
емес, сендер бесе-
уің бес түрлісіңдер.
Әйтсе де мен сен-
дердің әрқайсысың-
ды әр жалғыздай 
көремін» деп отыра-
тын. Ата – анамыз 
бізді «айналдырған 
бес бала, көп бала-
дай шулама» деп 
өсірді. Бала күнім-
де де үйдің кенжесі 


АНА ТАҒДЫРЫ
99
болып әпке – ағаларымның ерекше қамқорлығын 
сезініп өстім, кейінгі өмірімде солардың ілтипат-
тарына бөленіп келемін. Өз заманында от тілді 
орақ ауызды Шалкиіз ақын:
Ау, бөрілер, бөрілер,
Бөрімін деп жүрелер,
Һәр бірінің баласы
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар, - деп жырласа, Бұхар жырау:
Адамзаттың баласы
Атадан алтау тумас па?!
Атадан алтау туғанмен,
Оның ішінде біреуі арыстан болмас па?! – деп 
толғаса керек.
Біздің шаңырағымызда да өмірден ерте өт-
кен әкеміз бен анамыздың орнын жоқтатпай ал-
тын діңгек болып отырған Жан әпкеміз бар. Ата 
– анамның басқа балаларына қарағанда жетімдік 
тауқыметі осы Жан әпкеміздің таланына қатты-
рақ тигенін енді – енді сезіп жүрмін. Ауру азабын 
көп тартқан әкемізді соңғы сапарына өз қолымен 
аттандырғанын былай қойғанда, жауқазындай 
құлпырған жас шағында өз отауын құрып, түтін 
түтетуді ойламастан, оқудағы інісінің отбасылы 
болуын күтіп, анасын жалғызсыратпай жанында 
отырған да осы Жан әпкем. 
Анамыз күтпеген жерден өмірден өтіп, тө-
бемізден жай түскендей аңырап қалғанда бауы-
рына басқан немересіне қамқорлық көрсетіп, кей-
ін сол періште қыздың анасына айналған да осы 
Жан әпкем. 
Бауырының күйкі тірліктен қиналған шағын-
да шыр – пыры қалмай жәрдемдесетін де, басы 
ауырып, балтыры сыздаған бауырына дәрігер із-
деп, баспанадан қиналғанда үйінің төрінен орын 
ұсынатын да осы Жан әпкем.


100
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Бауырлары қаржыдан таршылық көрсе қолын-
да барын қиналмай ұстата салатын да, тағдырдан 
теперіш көрсе мейрімімен сылап – сипап, қайта 
қатарға қосатын да осы Жан әпкем.
Бауырларының шалыс басқан қадамына жан – 
тәнімен күйзеліп, ақыл айтатын, кейде сол айтқан 
ақылын пенделік пен өзімшілдікке салынған ба-
уырларының түсінбегеніне налитын да осы Жан 
әпкем.
Айта берсем, Ақтөбеге жолымыз түскенде ат 
басын тіреп баратын үйіміз де осы Жан әпкеміздің 
үйі. Өмірден ерте өткен ата – анамыздың көрмей 
кеткен қызығын көріп, ортамызда алтын діңгек 
болып отыра берсең екен, Жан әпкем. Бұл сенің 
барлық бауырларыңның тілегі...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет