1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет28/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

АНА ТАҒДЫРЫ
89
Өркөкіректік пен тәкаппарлыққа бой алдырт- 
қан пенделерінен Көк Тәңірі де теріс айналса ке-
рек. Көп ұзамай-ақ адамзат баласының басына қа-
ралы күн туады. Жан-жақтан жау дүбірі қыспаққа 
алып, сансыз адам ат тұяғының астында таптала-
ды. Тәңірінің қолдауынсыз жолы болмасын сез-
ген жұртшылық тәубесіне келіп, көкке қолын соза 
ажалдан арашалауын тілеп, зар еңірейді. Алайда 
Көк Тәңірі олардың өтініштеріне құлақ түрмей, 
елді шарапатынан тыс қалдырады. 
Адамдардың жалбарынышты үні, жаралылар-
дың аянышты ыңқылы мен қиналған күрсінісі, 
жан жары мен өзегін жарып шыққан ұлдарының 
мүрдесін құшақтап күңіренген аналардың ащы 
айқайы ен даланы ғана емес, аспан әлемін де тітір-
кендіріп, қасиетті аруақтар Тәңірінен адасқан халықты 
кешіруін өтінеді. Аруақтардың өтінішіне жүрегі жібі-
ген Көк Тәңірі жер бетіне Көк бөріні түсіреді. 
Бұл кезде жер беті қанға бөгіп, көтерілген қою 
шаңнан жарқыраған күннің көзі көмескіленген 
болатын. Бір кездері құт басқан ұланғайыр өлке 
әп-сәтте құлазыған жұртқа айналып, ду күлкі 
мен шаттықтың орнына құзғындардың сұңқылы 
ғана естіледі. Міне, осы иесіз жұртқа Тәңірінің 
құдіретімен көк бөрі түсіп, жаралы жұртты жи-
нап, ел етеді. Көк бөрінің иісін сезген зұлым күш 
иелері тым-тырақай қашып, жеті қат жер астын 
барып паналайды. Ауру, жұт, ашаршылық тәрізді 
індеттер де жер бетінен іргесін аулаққа сала 
бастайды. Осылайша ата-бабаларымыз өсіп-өніп, 
мынау жердің бетін гүлдендіре бастаған екен. 
«Қасқырдың өті мен тісінен, терісінен зұлым 
күштер қорқады. Балаға тіл-көз тиіп ауырғанда 
қасқырдың өтін маңдайына жақса бала құлан-таза 
айығады деген сенім осыдан қалған» - деп атасы 
әңгімесін аяқтады. 


90
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Салтанат атасының әңгімесін ұйып тыңдап 
отырған. Бірақ, бұл әңгіме оған біртүрлі аяқтал-
май қалғандай көрінді. Атасы айтқан көк бөрі 
бейнесі мен өзі ертегілерден оқып жүрген ақымақ 
қасқыр бейнесі бір-біріне мүлдем қайшы, кереғар 
бейнелер. Ақымақ, ашкөз қасқыр турлы ұғым 
оқыған ертегілерінен, көрген мультфильмдері-
нен балаң санасына берік орнап қалған Салтанат 
атасының айтқан аңыз әңгімесінен кейін әрі-сәрі 
күйге түсті. 
«Ата, көк бөрі туралы тағы да айтып берші,» - 
деді ол сол ойланған қалпы. 
«Ата-бабаларымыздың танымында көк бөрі 
Көк Тәңірінің нұры, жеңімпаздықтың символы, 
ерліктің тұлғасы болып табылады» - деп жалға-
ды әңгімесін атасы. «Өмірдегі жақсылықтың 
бәрі тәңірінің нұрынан жаралады, нұр – тіршілік-
тің бастауы» деп түсінетін халық үшін адалдық, 
әділеттілік, шыншылдық, қайсарлық тәрізді асыл 
қасиеттердің нышаны да көк бөрі болып танылған. 
Бүгінгі таңда мынау ұланғайыр жерді қазақ халқы 
мекендеп отыр. Осы атамекен бізге бабаларымыз- 
дан мирас етіп берілді. Ел аузында атақты Қаз да-
уысты Қазыбектің жиені Абақ керей Жәнібектің, 
Есет батырдың жебеуші көк бөрілері болған деген 
аңыз бар. Керей Жәнібек ұйықтаған кезде үстінде 
екі бөлтірік ойнап жүрсе, Есет батырдың езуін ар-
лан жалап тұрады екен деген аңыз бар. Ел наны-
мы бойынша, бұл батырлардың бойындағы ерен 
күш пен қайсарлық жоғарыдан, Тәңірінің өзінен 
бастау алып тұр. Бөрі – Тәңірінің ерекше ілтипа-
тын жеткізуші, - деп сөзін түйіндеді атасы.
«Жастау кезімде ұсталық кәсіппен шұғыл-
данғанымды білесің. Домбыра жасауға лайық 


АНА ТАҒДЫРЫ
91
ағаш іздеп, ауыл – ауылды, 
жыра – жыраны аралап ке-
тетінмін. Ер адамның басына 
нелер келіп, не кетпейді. Бір 
жолы тұманды кеште жолдан адасып, иен далаға 
түнеуіме тура келді. Ел арасындағы «қасқыр ала 
жіпті аттамаймын деп жаратушыға серт берген. 
Сондықтан шылбырлы атты жарып кетпейді» - 
деген нанымды білетінмін. «Халық айтса, қалт 
айтпайды» деген оймен мен де атымды шылбыр- 
лы күйде қалдырдым. Ертесіне таң ала кеуімнен 
шылбырын сүйретіп қоя берген атымды ерттеп 
мініп, жолға шықтым. Түн қараңғысында байқа-
маған болсам керек, қойлы ауыл таяқ тастам жер-
де жатыр екен. Ауылға жақындағанда әбігерге 
түсіп жатқан ауыл адамдарына жолықтым. Бірне-
ше қораға қасқыр шауып, шопандарды шығынға 
батырыпты. Абыржыған шопандарға қариялау 
кісі «көк бөрінің аузы тиді, көк Тәңірі қолдайды. 
Мал өсіп, жандарың аман болады» деп басу айтып 
жатыр екен. Кейін әлгі шопандардың қойлары 
егізден төлдеп, шығындары тез-ақ жабылып кет-
кенін өз көзімен көргенім 
бар,» - деп атасы әңгімені 
өмірдегі өз басынан өткер-
ген жайтқа әкеліп тіреді.
«Ата – бабамыз қасқыр-
дың тісінде, терісінде үл-
кен магиялық қасиет бар 
деп есептеген. «Иттің иесі 
болса, бөрінің Тәңірі бар» 
деген мақал да осындай 
ұғымнан келіп туындаған. 
Біз тәрізді үлкен кісілер әлі 


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет