1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2


АТА-АНА ТУРАЛЫ ТОПТАМАЛАР



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
103
АТА-АНА ТУРАЛЫ ТОПТАМАЛАР
Көңілдің қазып түкпірін
Риясыз сырды ағыттым.
Жыр тердім түскен жүрекке
Ізінен мұң мен бақыттың
Сағыныш немесе алғысым
(Атам мен әжеме)
Сағындым қатты, алыста жүрмін, жырақта,
Тілдесем ойша, жиналып қалды сұрақтар.
Бір істі бастар алдында іштей сыйынып,
Ақылдасамын, үн қатпайсыңдар бірақ та.
Үн қатпайсыңдар, естеліктер тек жанымда,
Өшпейді мәңгі өсиеттерің жадымнан.


104
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Жалғанда мынау тәрбие алған сендерден
Тап менің сірә, ойлап отырсам бағым бар.
28.08.1991 ж.
Әкеге демеу
Үш жыл болды ардақты әкем төсек тартып жатқалы,
Үш жыл толды сол бір сұм дерт жанға қатты батқалы,
Үш жыл өтті ойын – күлкі көзден ұшып кеткелі,
Үш жыл жетті қайғырумен талай күндер өткелі.
Үш жыл болды содан бері әкетайым азапта,
Шойын жолдың ыстығына мойымаған қазаққа
Мынау ауру сынақтардың ең ауыры болды ма,
Астан қалып, күшің тайып, іліндірді-ау тұзаққа.
«Жақсы оқысаң оқуыңа өзім ертіп барамын,
Мағыналы өмір кілті білімде екен, қарағым,»
Деген сәтте жан – жағыма қарайтынмын шаттанып,
Сол кезеңдер көңілімде қалды мәңгі жатталып.
Жазылсаңшы, қарасаңшы, мен де өсіп, бойжеттім,
Онжылдықты үздік оқып, медальға да қол жетті
Бірнеше ай, күндерден соң жолдама алып қолыма,
Өмір атты керуеннің ілеспекпін соңына.
Міне, мен де өзіңе арнап жыр жазуға жарадым
Науқасынан айығар деп үміттене қарадым
Еш күнәсі болмаса да жаутаңдатып қойды ғой
Адам неге ауырады, мен ауруға наламын
О, құдайым көз жасымды көремісің өтінем,
Өтінемін жазшы мына жанға батқан дертінен
Туған жердің топырағын қадамымен нық басып,
Кеуде кере тыныстасын науқастан бір серпіле.
О, құдайым жазшы мына еңсені езген дертінен...
06.02.1991 ж.
Әкені азалау
Шыныменен атандым ба жетімек,
Бұл қайғыдан көңіл қалай бекімек.
Әкетайым аттанғанда келмеске
Қалай тұрсың қарс айрылмай, көкірек?!


АНА ТАҒДЫРЫ
105
Әкетайым бұл фәниден өтті ме,
Сұм ажалдың кезегі оған жетті ме.
Отбасының қуанышын көре алмай,
Арман – мұңы ішінде әлде кетті ме?
Төрт жыл жатты ауру батып жанына,
Сауығуын тілеуші едім қамыға.
Құрығына түсірді де азаптың
Құрдымына тартып кетті тағы да.
Қош бол, әкем, иман болсын жолдасың
Ата – бабам аруағы қолдасын
Шыбын жаның орын алып жұмақтан 
Қайда жүрсең періштелер қорғасын
 
05.01.1992 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет