АНА ТАҒДЫРЫ
87
Салтанаттың онымен шаруасы жоқ. Ауланы
көзімен
бір шолып өтіп, атасының үйде екенін
байқай салысымен ішкі есікке қарай жүгіре жө-
нелді. Әжесінің:
- Ай, қарғам-ай! Үйге жау шапқандай жүгіріп
кірме. Жаман болады, - дегеніне де қараған жоқ.
Салтанаттың әжесі көп сөйлемейтін, бар мей-
рімін көгілдір жанары арқылы сездіріп, «айналай-
ын» деген сөзімен жеткізетін тұйық жан. «Босаға-
ны керме, табалдырықты баспа, бүйіріңді таянба»
тәрізді тыйымдарды айтқаны болмаса немере-
леріне бір қабақ шытуды білмейтін. Кейде неме-
релері қуырған бидайдың бірлі-жарымын жерге
түсіріп алса, «қарақтарым-ай,
байқап жесеңдер-
ші» деуден ары аспай, бүкшеңдеп теріп жүруші
еді. Қайта мұндайда аталары «бидайдың түйірін
жерге түсірсеңдер сендерді өгіз сүзіп алады» деп
қорқытатын.
Салтанат үйге кірсе, атасы дыңылдатып дом-
быра шертіп отыр екен. Немересін көре салы-
сымен жамбастаған жастығының астынан сірің-
кенің қорапшасын алып шықты. Атасы мен әжесі
ежелден-ақ шайға өрік жібітіп ішкенді ұнататын.
Өріктің сүйегін шағып, ішіндегі дәнін осылайша
сіріңкенің қорабына толтырады.
Атасының әң-
гімесіне елтіп отырған Салтанат дәннің қалай тау-
сылғанын сезбей қалушы еді.
Осы сәтте үйге сырттан көрші Балқұйған
әжей кірді. Салтанат басқа көршілерге қарағанда
Балқұйған әжейді ерекше жақсы көретін. Ол да
Салтанатты көрсе, «атасының қоңыр баласы, ата-
сының қоңыр қозысы» деп айналып – толғанушы
еді. Балқұйған әжейдің күндегідей емес, жүзі
сынық көрінді. Үй ішіндегілермен амандасып
болғаннан кейін: - Ана жүгірмектер менің айт-
қанымды тыңдамай, кішкентайларын тойға ертіп
88
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
кетіп еді. Көп адамдардың ішінен біреудің назары
түсті ме, немерем келгелі құсып, қызғыны басыл-
май жатыр. Сейтеке, сізде қасқырдың өті бар ма?
– деп келген шаруасына көшті. Әңгімені естіген
әжесі
төргі бөлмеге кеткен, көп ұзамай қолына
бұрандалы кішкене құтыны алып қайта оралды.
«Алла разы болсын. Бір тапсам осы үйден та-
бам деп келген едім» - деп батасын жаудырған
Балқұйған құтыны алып, сүріне – қабына үйден
шыға жөнелді.
Салтанат атасына қарап: «ата, қасқырдың өті
деген не? Оның не керегі бар?» деп сұрақ жаудыр-
масы бар ма. Домбырасын оң қолымен жиюлы
төсектің үстіне қойып, немересін тізесіне отырғы-
зып, тамағын бір кенеп алды да, атасы қызықты
бір әңгімені бастап кетті...
Адам ата мен Хауа ана жаралғалы мынау жұ-
мыр жердің бетіне
кімдер келіп кімдер кетпеді
дейсің. Аспанда Көк Тәңірі, жер бетінде Адам
атаның ұрпақтары, жер астында дүлей күштер
мекендеп, күн артынан күндер, ай артынан ай-
лар, жыл артынан жылдар өтіпті.
Бастапқы-
да жан-жануарлар бір-бірімен мамыражай күн
кешіп, мықтының әлсізге күш көрсетуі тәрізді құ-
былыстар мүлдем болмаса керек. Бірақ бара-бара
адамдардың пиғылы өзгеріп, іштерін қызғаныш,
күндестік деген дерт жаулап алады. Бұл дерт
үдеп, адамдардың бір-бірімен жауласуына алып
келеді. Жер бетіндегі тепе-теңдік бұзылғасын жер
астындағы дүлей күштер де жердің үстіне шығып,
әр түрлі
кейіпке еніп, ойларына келген жаман-
дықтарын жасап бағады. Жан-жануар атаулыдан
береке қашып, жердің үстін ашаршылық, ауру, өрт
тәрізді індеттер жаулайды. Бұрын бір-бірінің беті-
не келмейтін екі бауыр өзара жауығып, әр жерді
соғыс өрті шарпиды.