1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»


Бастауыш сыныпта мәтін құрылымын және түрлерін таныту әдіс-тәсілдері



бет18/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
дәріс ЖҚТОӘ (1)

Бастауыш сыныпта мәтін құрылымын және түрлерін таныту әдіс-тәсілдері
Мәтін туралы түсінік берілгеннен кейін оның бөліктеріне, яғни мәтіннің құрылымына назар аудартылады:

Біз әкем екеуіміз бақ ішінде қыдырып жүргенбіз.
Кенет ағаш басынан ұлпа жүнді тиін секіріп түсті. Бізден қорыққан жоқ. Адамдарға әбден үйреніп алған. Мен оның алдына қолымдағы қарағай жаңғағын тастай салдым. Тиін жаңғақты қақшып алды. Содан соң олжасын жақын маңдағы ағаш түбіне көме бастады.
Тиін қысқы азығын осылай жинайды екен.

Басы

Негізгі бөлім


Соңы


Мәтін құрылымын төмендегі сызба арқылы да түсіндіруге болады:
Мәтіннің құрылымы

Мәтін бөліктері



басы – ортасы – соңы –


кіріспе бөлімі негізгі бөлімі қорытынды бөлімі

Мәтін түрлерімен де оқушылар 2-сыныптан бастап таныстырылады. Әңгімелеу, сипаттау және пайымдау мәтіндерінің өзгешеліктерін терең ұғынып, өз тәжірибелерінде пайдалана білулеріне қол жеткізу қажет. Мәтін түрлері: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.


Көрсетілген мәтін түрлерін қамтитындай бір үлгі алайық:
Аққу
Аққу – қорғауға алынған, мойны ұзын жыл құсы. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес. Қауырсыны тығыз, әрі үлпілдек, шымқай ақ түсті.
Ол ұясын жұптасып, қамысы нулы, суы таза, тұщы көлдің жағасына салады. Оның бір ерекшелігі өлгенше жұптарын жазбайды.
Халқымыз аққуды киелі құс санап, оған ешуақытта оқ атпайды.
(«Қазақстан» энциклопедиясы)
Осы мәтіннен оның үш түрін жеке-жеке тапқызуға мүмкіндік бар, жетіспейтін тұстарын оқушылардың өздеріне толықтырту қажет:
а) Әңгімелеу мәтіні: Аққу ұясын жұптасып, қамысы нулы, суы таза, тұщы көлдің жағасына салады. Оның бір ерекшелігі өлгенше жұптарын жазбайды.
ә) Сипаттау мәтіні: Аққу – қорғауға алынған, мойны ұзын жыл құсы. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес. Қауырсыны тығыз, әрі үлпілдек, шымқай ақ түсті.
б) Пайымдау мәтіні: Аққуды ешуақытта атпайды. Өйткені халықымыз аққуды киелі құс деп санаған. Сондықтан оны атуға болмайды.
Жоғарыда аталған жұмыс түрлерін орындай отырып оқушылар мәтіннің сөйлемнен өзгешелігін сезінеді, мәтіннің құрылымын, әр бөліктің азат жолдан бастап жазылатынын, мәтін түрлерін меңгереді, сонымен қатар байланыстырып сөйлеу дағдылары жетілдіріледі. Немесе, мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құрастыр, мәтінге жоспар құр деген тәрізді тапсырмалар беруге болады. Осындай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар мәтіннің қандай бөліктерден тұратынын және әр бөліктің азат жолдан бастап жазылатынын аңғара бастайды.
Әңгімелеу мәтінінің құрылымындағы сөйлемдер оқиғаның өрбуіне байланысты бірінен кейін бірі жалғасып келіп, бір-бірімен тығыз байланыста құрастырылады. Мұндай құрылым мәтіннің синтаксистік жағынан да біртұтас екенін байқатады. Сөйлемдердің бір-бірімен байланысында олардың баяндауыштарының шақтық мағыналарының сәйкестігі, лексика-грамматикалық амал-тәсілдердің (шылау, есім сөздер, үстеу т.б.) қызметі ерекше мәнге ие болады. Бастауыш сынып оқушылары осы мәселелерді білумен қатар, әңгімелеу мәтінінің құрылымын да есінде ұстауы қажет:
1) оқиғаның басталуы;
2) оның әрі қарай дамуы (негізгі ойдың көрініс табуы);
3) оқиғаның аяқталуы.
Сипаттау мәтінімен жұмыс оқушыны салыстыра білуге, аңғарымпаздыққа және бақылампаздыққа үйретеді. Сипатталатын зат немесе құбылыс оқушыларға өте таныс, жандарына жақын болуы қажет.
Мұғалім оқушылардың сипаттау кезінде заттың немесе нәрсенің барлық белгілерін тізіп, түгендеп жатудың қажеті жоқ екенін, оның негізгі я айрықша белгілеріне ғана мән беру керектігін және бұл белгілерді біртұтас образ шығатындай етіп бейнелеу керектігін ескертеді. Сипаттап отырған затына немесе нәрсесіне өзінің пікірін, содан алған әсерін, сезімін, сондай-ақ ол заттың адамға пайдалы немесе пайдасыз екенін білдіру де естерінде болғаны дұрыс.
Сипаттау мәтінінде сөйлемдердің басталуы, аяқталуы бірдей тұлғада, сөздердің орналасу тәртібі де біртектес т.с.с. болып келеді.
Сипаттау мәтінінде негізгі ой тақырып бірлігін сақтайтын тірек сөздер, түрлі көркемдегіш құралдар арқылы жүзеге асады. Ал бұл жұмыс оқушылардың сөздік қорының молдығын, әсіресе, синонимдер мен антонимдердің жеткіліктілігін, лексикалық қайталауларды, теңеу, эпитет т.б. орнымен қолдана білулерін қажет етеді
Бастауыш сыныпта пайымдау мәтінімен жұмысты ұйымдастырудың өзіндік әдістемелік ерекшелігі бар. Тұтастай мәтіннен сұрақ қою арқылы (неліктен?) таптыру, оның құрылымдық бөліктерімен (дәлелденетін пікір, дәлелдеу немесе түсіндіру пікірі, қорытынды пікір) таныстыру және оларды мәтін ішінен тапқызу, бір бөлігін беріп, қалған бөлігін оқушылардың өздеріне тапқызу т.с.с.
Пайымдау мәтіні грамматикалық жағынан сөйлемдердің бір-бірімен сабақтастық байланыстары арқылы жасалады. Сонымен бірге мұнда қыстырма сөздер: “біріншіден”, “екіншіден”, “ендеше”, “олай болса”, “сондықтан”, “сол себепті” т.б. қолданылады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, ат қоюға, мәтіндегі тірек сөздерді табуға үйрету
«Мәтін» тақырыбын оқыту барысында мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, мәтінге ат қоюға және тірек сөздерді табуға үйрету жұмыстары жүргізіледі. Бұл үшін мәтіндегі негізгі ойды анықта, оған ат қой, мәтіндегі тірек сөздерді тап деген тәрізді тапсырмалар орындатылады. Сонымен қатар берілген тірек сөздер арқылы мәтін құрату жұмысы да жұргізіледі. Мысалы, Берілген тірек сөздер арқылы «Көше тәртібі» тақырыбында мәтін құра.
Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол.
Жалпы алғанда, мәтін бойынша мынадай тапсырмаларды орындату жөн:
- мәтінге ат қою;
- мәтіндегі негізгі ойды табу;

  • мәтін бөліктерін ажырату;

  • мәтін түрлерін айыра білу;

  • мәтінді өз ойынан жалғастыру;

- дайын жоспар бойынша әңгіме құрау;

  • тірек сөз бойынша мәтін мазмұнын айту;

  • тірек сөз бойынша мәтін құрау;

  • тақырып бойынша мәтін немесе әңгіме құрау;

- мәтінге жоспар құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет