1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет19/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
дәріс ЖҚТОӘ (1)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. «Мәтін» тақырыбын оқыту барысындағы жұмыс түрлерін ата.

  2. Мәтіннің түрлерін ата.

Бастауыш сыныпта мәтін құрылымын және түрлерін таныту әдіс-тәсілдері қандай?

13. Дәріс тақырыбы: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары туралы түсінік
2. Дамыта оқыту технологиясы
3. Деңгейлік оқыту технологиясы
1.Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары туралы түсінік
«Технология» деген сөздің түп-төркіні латынның «техне, өнер, шеберлік, кәсіп» деген сөзінен шыққан. «Логос» латынша ғылым деген мағынаны білдіреді. «Техника» сөзінің негізінде екі мағынасын аңғаруға болады. Біріншісі өндіріс құралдарының жиынтығын білдірсе, екіншісі бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығын білдіреді. Демек, технология ұғымы тәсілдердің жүйесі, қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ілімді, мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезеңде «педагогикалық технология» – оқытушының практикалық қызметінде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің логикалық негізделген жобасы (моделі). М.В.Кларин педагогикалық технологияны: «... педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», – деп түсіндіреді.
Ал В.П.Беспалько: «Педагогикалық технология – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оның құрамды бөлігі ғана» деп анықтама береді.
В.В.Воронов: «Педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт», – деп есептейді. В.М.Шепель: «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі»; – десе, М.Чошанов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі», – деген анықтама береді. Ал шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде мынадай анықтама берілген: «Технология» – өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы». Көріп отырғанымыздай, технология ұғымына берілген анықтамалар әр түрлі.
«Педагогикалық технология» ұғымының әр түрлі тұрғыдан анықталуы, оның түрлерінің және тұжырымдамалық негізі мен сипаттамасының көптігі бұл феноменнің мәнін теориялық және практикалық тұрғыдан талдауды қажет етеді.
Дамыта оқыту технологиясы
Белгілі ғалымдар Б.Д.Эльконин мен В.В.Давыдовтардың дидактикалық жүйесі дамыта оқыту соңғы кездері мектеп тәжірибесіне кеңінен енуде. Дамыта оқыту ең алдымен өтілгелі отырған оқу материалының негізінде оның басты ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Екіншіден, оқу мақсатын шешу кезінде, яғни мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің негізінде жүзеге асады. Бұл процесте оқушы белсенді субъектіге айналады да, ал мұғалім көмек беруші, ұйымдастырушы, бағыт беруші деңгейінде болады (Мысалы: түсіндір, дәлелде, сарала, салыстыр, қорытынды жаса).
Дамыта оқыту ең алдымен өтілгелі отырған оқу материалының негізінде оның басты ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Екіншіден, оқу мақсатын шешу кезінде, яғни мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің негізінде жүзеге асады. Бұл процесте оқушы белсенді субъектіге айналады да, ал мұғалім көмек беруші, ұйымдастырушы, бағыт беруші деңгейінде болады (Мысалы: түсіндір, дәлелде, сарала, салыстыр, қорытынды жаса).
Дамыта оқытудағы сабақ құрылымының қалыптасқан дәстүрлі сабақ құрылымына қарағанда көптеген ерекшеліктері бар.
Бастауыш сыныптарда синтаксисті дамыта оқыту мәселесін зерттеген әдістемеші ғалым Ә.Е.Жұмабаева: «Оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық құрылым ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады» дей отырып, оның төмендегідей түрлерін көрсетеді:

  1. Мотивациялық-бағдарлау кезең (мотивациялық-даярлық әдістері қолданылады).

  2. Операционалдық-орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінәра зерттеу, проблемалық әдістер қолданылады).

  3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (өзіндік бақылау, өзін-өзі бағалау әдістері.

Мотивациялық-бағдарлау кезеңінде оқу міндеттері қойылып, айқындалады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Мысалы, «Сөйлем» тақырыбын оқытудың осы кезеңінің үлгісін былай беруге болады: «Ерте, ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде Сөздер өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау – Синтаксис елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып, пысықтап тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.
Сонымен, бүгін біздер, сол Әлемдегі еі үлкен ел – Синтаксис еліне саяхатқа» шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тпасырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар поезға отырамыз. Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған. Мысалы, 1-вагонда: Жылт-жылт еткен, жырадан өткен; 2-вагонда: Тәтті, тәттінің іші қатты; 3- вагонда: Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар; 4-вагонда: Қанаты жоқ – ұшады, аяғы жоқ – қашады; 5-вагонда: Ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді; 6- вагонда. Отқа жанбас, суға батпас.
1-тапсырма: Әр жұмбақтың шешуін тауып, әрқайсысының шешуіндегі бірінші әріптерден сөз құрастыр. Қандай сөз шықты? (Сөйлем). Бұл сөз туралы білетініңді есіңе түсір.
2-тапсырма: Паровоз тоқтап қалды. Көмекке келейік. Ол үшін сөйлемнің неден тұратынын табайық. – Сөйлем сөздерден тұрады. – Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? – Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

  • Сонымен, сөйлем туралы ойымызды жинақтап, сызбаға түсірейік:

Сөйлем


Бір-бірінен бөлек жазылатын бірінші сөзі бас әріптен
сөздерден құралады басталып жазылады

Осындай жұмыс түрінің негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа бетбұруына жағдай жасайдыдағы, жаңа тақырыпты танып-білу мотивациясын қалайды. Яғни оқушылардың осыған дейінгі алған білімдері негізінде жаңа тақырыпты меңгеруге дайындығын бақылау, жаңа тақырыпты меңгертудің алғышартын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі:

  • үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыру;

  • жаңа тақырыпқа негіз болатын түсінік белгілер туралы ойларын жинақтау;

  • өткен мен әлі өтілмеген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы проблемалық жағдаят тудыру;

  • жаңа тақырыпты меңгертуге тірек болатын проблемалық сұрақтар қою;, жағдай жасау, ойланту;

  • стандартты емес тапсырма беру.

Беймәлім танылмаған білім нысаны туралы ақпаратты проблемалы түрде беру, яғни білім оқушыға неғұрлым беймәлім, жұмбақ көрінсе, соғұрлым оны білсем деген ынтасы арта түсетіндігін ескеру қажет. Бұл оқушының өтілейін деп отырған тақырыптың қаншалықты қызықты да, проблемалы екенін түйсініп, оны тануға деген ынтасын арттыра түсері сөзсіз. Сабақтың алғашқы кезеңі оқушыны осындай өз бетімен ізденетін әрекеттерге итермелеуі керек.
Операционалдық-орындаушылық кезеңде жаңа тақырып оқушының тарапынан теориялық тұрғыдан танылады. Осыған дейінгі кезеңде жасалған жұмыстардың барлығы осы саты үшін қызмет етеді, оның нәтижесі мен жемісіосында айқындалады. Білімді, теориялық ұғымды тануды мұғалім ұйымдастырғанмен, енді оны тану оқушының мақсатына айналып, ол орындаушылық мазмұн алады, яғни оқушының оқу-танымдық белсенді әрекеті осы кезеңде толық жүзеге асады. Мғұалімнің мұндағы негізгі қызметі – оқушының оқу-танымдық әрекетін қарапайым сабақ түрінде, диалектілік процесс негізінде жалпыдан нақтыға өту сипатында ұйымдастыру. Аталған кезеңде төмендегідей жұмыстаржүргізіледі:

  • жаңа тақырыпты, ұғымды меңгеру мақсатында түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындалады;

  • соның негізінде оқушы бір нақты теориялық шешімге келіп, тұжырым жасайды;

  • оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды;

  • жаңа танылған теориялық нысан туралы жалпы ереже, анықтама шығарады.

Нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушы:
-берілген анықтама, ережені тәжірибеден өткізеді, оның ақиқаттылығын тексереді;
- жекелеген тапсырмаларды орындау барыснда режеге қатысты ескертулерді анықтайды;
- жалпы ережеге сәйкес мысалдарды тауып, оларды түсіндіреді;
- түрлі тапсырмаларды орындап, теориялық білімін бекітеді, тексереді, еркін қолданады.
Рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады. Ол үшін:

  • тақырып тұрғысында сұрақтар қойылады;

  • арнайы тапсырмалар беріледі;

  • тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы аталған жұмыс түріне тест тапсырмаларын, жағдаяттық материалдарды жатқызуға болады. Бұл аталған жұмыс түрлері оқушылардың білімін тексеріп, бақылауда және оқушының өзін-өзі бағалауына, жақсы көрсеткіштерге жетуіне мүмкіндік берері сөзсіз. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі тестің баламалы (альтернативті), толықтыру (еске түсіру), сәйкестендері, дұрыс жауабын таңдау тестілерін қолданудың технологиясын жете меңгеруі тиіс.
Сонымен бұл кезеңнің дәстүрлі оқытудан ерекшелігі оқушы өзінің осал тұстарын анықтап, өз-өзіне іштей баға береді, өзінің не туралы білгеніне саналы тұрғыдан келіп, саралайды. Осыған жеткізу үшін мұғалім сабақ тақырыбына байланысты жалпылама сұрақтар беріп, рефлексиялы жаттығу, тапсырмалар арқылы тексереді, оқушыларға ережелерді түйіндетеді.
Әрине, сабақ үнемі осылай құрылу керек деген мәселені қою дұрыс емес. Өйткені сабақтың ұйымдастырылуы меңгерілетін тақырып мазмұнынан туындайтыны белгілі. Сондықтан бұл сатыларын саралауға шығармашылықпен келу керек. Бұл сатылардан өту барысында оқушылар жеке әрі топтық, ұжымдық жұмыстар атқара алады.
Деңгейлік оқыту технологиясы
Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Солардың ішінде деңгейлеп оқыту технологиясының да мәні ерекше. Бұл технологияның психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің «оқыту прцесінде оқытушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу» туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс-әрекет деңгейлерінің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі.
Педагог ғалым В.П.Беспалько зерттеу еңбектерінде деңгейлеп саралап оқытуға кеңірек тоқталып, оның ең тиімді әдістерін, тың жолдарын, озық үлгілерін жаңашылдықпен дәлелдеп береді. Ғалым оқу материалдарын меңгерудің төрт деңгейін ұсынады:
1. оқушылық деңгей репродуктивті) – міндетті, оқушылық;
2. алгоритмдік деңгей;
3. ізденімдік деңгей (эвристикалық);
4. шығармашылық деңгей.
Яғни бұл технология деңгейлік тапсырмаларға негізделген. Деңгейлік тапсырмаларға төмендегедей талаптар қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмалар:
1.Жаттап алуға лайықталған болу керек.
2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін өзгеше үлгімен және өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейдегі тапсырмалар:
1. Өткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынға тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Олардың танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырма түрлері мыналар:
- танымдық ізденіс түріндегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс талдау мен жинақтау және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
- өздігінен мәтін құрау, тілдік білімдерін өмірде қолдануға байланысты жағдаяттық тапсырмалар, ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
- Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырылған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген тапсырмалар.
- Алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Бұл технологияның ізгілендіру ұстанымдарын сақтаған жағдайда өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыруға болады.

14. Дәріс тақырыбы: Қазақ тілін қатысымдық тұрғыда оқыту




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет