1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет20/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
дәріс ЖҚТОӘ (1)

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Қазақ тілін қатысымдық тұрғыда оқыту жайы

  2. Қатысым әдісі және оған тән белгілер

  3. Қатысым барысындағы сөйлесімнің сипаты

Қарым-қатынас құралы ретінде тілдің қатысымдық ерекшелігі әр түрлі қырынан байқалады. Біріншіден, оқу үдерісінде қарым-қатынастың өзіндік сипаты әр оқушының жеке қасиетінен аңғарылады. Кез келген адам басқалардан өзінің табиғи қасиеттерімен және сөйлеу мәнерінің ерекшелігімен, ең бастысы, өзінің жеке адам ретіндегі негізгі сипаттары мен сезімдерімен, көңіл-күйімен, өзінің қызығушылықтарымен, ұжымдағы орнымен ерекшеленеді. Осы ретте оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін де ескеру керек. Оқушының бірі үшін жағымды нәрсе, екіншісі үшін – жағымсыз болуы мүмкін. Психологтардың зерттеулері көрсеткендей, шет тілін меңгеру қабілеті әр оқушыда әр түрлі. Екіншіден, коммуникативтік бағыт оқушылардың барлық қасиеттерін ескеруді қажет етеді. Мұнда әңгімелесудің мақсатты түрдегі бағыттылығы қамтамасыз етіледі, сөйтіп өзара қарым-қатынас қалыптасады. Оқыту үдерісіндегі қатысымдық бағыт сөйлеу әрекетінің түрлерімен байланысты. Оның мәні мынада: қатынас жасауда сөйлесу әрекетін меңгеру арқылы өзара ұғынысуға, түсінісуге болады. Ең алдымен, бұл дағдылар жаттығу жұмыстары арқылы қалыптасатынын ескеріп, жаттығуға ден қою керек. Жаттығуларда қажетті қарым-қатынас түрлері іске асады. Барлық жаттығулар оқушылардың сөйлеу әрекетінің белгілі бір міндеттерін, әңгімелесушіге мақсатты түрде бағытталған сөйлеу әрекетін жүзеге асырады. Үшіншіден, тілді қатысымдық бағытта оқытудың функционалдық өзгешелігінен көрінеді. Функционалдық сипат сөйлеу әрекетінің грамматикалық жақтарын меңгерумен тығыз байланысты. Тілдік қатынаста сөздер тек жатталмай, грамматикалық формалар арқылы меңгерілгенде ғана айтайын деген сөйлем дұрыс қолданысқа түседі.
Тілдік қатынас қатысымдық тұлғалардың қолданысын сөйлесім әрекетінде үйретуді көздейді: оқушы қандай да бір тапсырма орындайды, өз ойын дәлелдейді, пікірталқыға түседі, әңгімелесушіге жауап беру арқылы оған қозғау салады. Осы кезде қажетті сөздерді, оның грамматикалық формаларын меңгереді. Қатысымдық бағытта тілді меңгерту үшін қажет білімдерді, ережелерді қамтиды. Функционалды сипаттың маңызды көрінісі әр түрлі жас көлеміндегі оқушыларды қызықтыратын материалдарды таңдап беру болып табылады. Төртіншіден, қатысымдық бағытта тілді үйрету тілдік жағдаяттарды көздейді. Қазіргі кезде жағдаят – оқыту тәжірибесінде дәлелденген мәселе.
Тілді оқыту жүйесінде қатысымдық әдіс туралы мәселені арнайы қарастырған тілші-әдіскер – Е.И.Пассов. Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен бұрын, жалпы оқыту әдісіне тән бірнеше белгілерді бөліп шығарды. Мұндай белгілер мыналар:

  1. Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты –сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.

  2. Әдіс оқыту үдерісіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан да ол оқытудың шартына тәуелді болмайды.

  3. Оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады.

  4. Әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея болады. Басты идея методологиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық мәселелердің басын біріктіреді.

Ғалым Ф.Ш.Оразбаева «Қатысымдық әдіске анықтама беру үшін негізгі белгілерін айқындау жолында тілдік қатынастың ерекшеліктерін де ескеруге тура келеді», – дей отырып, бұл әдіске тән мынадай белгілерді көрсетеді:
1. Қатысымдық әдіс кем дегенде екі адамның немесе бір адам мен топтың, бір топ пен екінші топтың арасындағы тығыз қарым-қатынастың немесе белсенді іс-әрекеттің жүзеге асуы нәтижесінде болады.
2. Қатысымдық әдіс оқушы мен оқытушының әрқайсысының өзіне тән міндеттері бөлек болып, ал олардың алдарына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етеді.
3. Қатысымдық әдіс үйренуші мен үйретушінің бір-бірімен пікір алмасуын, тіл арқылы сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, адам мен адамның, бір ұлт пен екінші ұлттың өзара түсінісуіне жол ашады.
4. Қатысымдық әдіс оқыту жүйесіндегі бірнеше тиімді тәсілдерді және амалдарды біріктіреді. Солардың ішінен бәріне ортақ қасиетке ие болатын біреуі басты өзек, жетекші кілт болады.
5. Қатысымдық әдістің басты белгісінің бірі – тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай немесе жеке дара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі өзара іс-әрекеті үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.
6. Қатысымдық әдіс арқылы белгілі бір тіл туралы білім берілмейді. Қарым-қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу үйретіледі.
Демек, қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістеме категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.
Тілдік қатысымда сөйлесімге ерекше мән беріледі. Е.Пассов сөйлесімге ерекше мән беріп, оны жан-жақты сипаттаған.
1.Сөйлесімнің себебі болатынын дәлелдеген. Сөйлесімге ішкі себеп итермелейді. А.Леонтьев оны сөйлесімге итермелейтін ішкі мотор деп атаған. Сондықтан баланы тілге үйреткенде, қатысымдық мотив, себеп, туғызу керек деп санайды Е.Пассов. Демек, баланың сөйлескісі келетін жағдай жасау керек, сонда бала міндетті түрде сөйлеседі. Балаға сұрақ қойылады, өз пікірін дәлелдетеді, т.б. сол сияқты тапсырмалар арқылы баланы сөйлеуге итермелейді. Мұғалім баланың сөйлеуін туғызатын себептерді тауып, оны сөйлететіндей жағдай жасау керек.
2. Сөйлесу белсенділігі. Сөйлесудің өзі де белсенді әрекетке жатады, бірақ ол сөйлесуге ғана емес, тыңдауға да қатысты. Тыңдауда сөйлеушінің пікіріне тыңдаушыда пікір туып, оны білдіру қажеттігі сөйлесу белсенділігіне әкеледі. Сонда ішкі белсенділік әңгіменің, мәселенің тыңдаушы үшін маңыздылығына байланысты.
3. Мақсаттылық. Сөйлеуші белгілі мақсатта сөйлейді. Мақсатсыз сөйлеу – бос сөз. Сөйлеуші тыңдаушыны бір мәселеге сендіргісі келеді, не сендірмеуді көздейді, тыңдаушыны қостауды, ашуландыруды, түсіндіруді т.б. мақсаттарды көздеп сөйлейді.
4. Әрекетпен байланыстылығы. Сөйлесім адамның барлық әрекетіне қызмет етеді. Алдымен, сөйлесім мазмұны жағынан адамның барлық әрекетімен байланысты адамдар үшін сөйлесім жеңіл өтеді.
5. Қатысымдық қызмет оймен байланысты, сөйлеу әрекеті ойлаумен тікелей байланысты. Мәселен, досыңыз туралы біреу нашар пікір айтып отыр, адам оны қорғап сөйлеймін бе, жоқ па деп әуелі ойланады, содан кейін ғана сөйлесімге кіріседі, не кіріспейді, ол ойдың шешіміне байланысты. Бұл сөйлесімнің оймен байланысын дәлелдейді. Бабаларымыздың «Ойламай сөйлеген, ауырмай өледі» деген мақалы да осыны дәлелдейді.
6. Сөйлесімнің жеке тұлғамен байланысы. Сөйлесім сөйлеушімен жеке тұлға ретінде байланысты. Жеке тұлға сөйлеуші қызметінде өзінің барлық ерекшеліктерімен көрінеді. Сөйлесімде жеке тұлғаның өзіне тән барлық ерекшеліктері сөйлесім компоненттері ретінде ретінде көрінеді.
7. Жағдайластық. Сөйлесімде кіммен, қандай жағдайда сөйлесу оның мазмұнына әсер етеді. Адам сөйлесімге белгілі бір пікірде келсе, екінші сөйлеушінің сөзі, пікірі алғашқы пікірін өзгертіп, сөйлесім мүлдем басқаша өтуі мүмкін. Оны өзгерткен сөйлесім жағдайы.
8. Сөйлесім дайындықсыз жасалады. Сөйлесім ешбір даындықсыз іске асады. Адамдар бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасағанда, оған күні бұрын дайындалмайды, сөйлесімде әркім өзінше сөйлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет