таза – ... жаңа – ... күн – ... бар – ... кең – ... алыс – ...
немесе,
Көп нүктенің орнына сын есімдерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Қант тәтті болады, бұрыш (қандай) ... болады.
Үлкен кісі бастар, (қандай) ... кісі қостар.
Жақсы бала — қуаныш, (қандай) ... бала — өкініш.
Бұл жаттығуды орындау барысында оқушылар сын есім туралы алған түсініктерін бекіте түседі. Тәтті, үлкен, жақсы сөздерінің қарсы мағыналарын ойлап тауып, бұл сөздердің нені бейнелейтінін анығырақ түсіне бастайды.
Оқушылардың мағынасы қарама-қарсы сөздер жайында алған түсінігін бекіте түсу мақсатында бірнеше жаттығу түрлерін орындауға болады:
а) Қарсы мағыналы сөздерді сыңарларымен топтап жазу. Ол үшін сөздердің (мысалы, сын есімдердің) тізімі беріледі, оқушылар олардың қарсы мағыналы сыңарларын тауып, қос-қостан жазып шығуы керек.
Салқын, ақ, тәтті, жылы, жас, қара, кіші, ащы, кәрі, үлкен.
ә) Берілген сөздерге қарсы мағыналы сөз тауып жазу. жарық – ... алыс – ...
қатты – ... өжет – ...
оң – ... бар – ...
қыс – ... кет – ...
жоғары – ... адал – ...
б) Құрамында антонимі бар сөйлемнің жалғасын жазу. Мысалы: Жазда күн ұзарады, ал қыста ... (қысқарады). дала салқын, жел соғып тұр, ал үйде ... әрі ... (жылы, тыныш).
в) Сөйлемдерді оқып, ондағы қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап. Тікен, тікен, тік пісте
Қысы-жазы бір түсте (шырша).
Қабырғада қара тақта ілулі тұр.
Ақ бормен жақсы жазылады.
Бастауыш сыныптарда синонимдер туралы ешқандай теориялық түсінік берілмейді. Тек осы бағытта практикалық жаттығулар ғана жүргізіледі. Мұндай жаттығулардың негізгі түрлері төмендегідей:
а) Мағыналары жақын сөздерді тауып, топтап жазу: бауыр, іні, шаттану, кәрі, інішек, биік, қарт, зәулім, қуану.
ә) Берілген сөздерге синоним табу: батыр, мезгіл, әдепті, кездесу.
б) Сөйлем ішіндегі белгілі бір сөзді оның синонимімен алмастырып жазу. Ол өжет бала еді (қайсар, ержүрек).
Қаймықаймыз қауіптен (қорыпаймыз).
Зәулім мектеп, алаңды (биік),
Көркем үйлі қаланы (әсем)
Құрылысшылар салады.
в) Берілген мағынасы жақын сөздердің біреуін таңдап жазу: Егінді биыл (тың, жаңа) жерге салдық.
Бастауыш сынып оқушыларына сөздердің көп мағыналығынан хабар беру. Дыбысталынуы бірдей сөздерді бірнеше мағынада қолдану балалар тілінде мектепте дейін-ақ кездеседі. Мысалы:
Біз коньки тептік. Ала ат қүлынды тепті.
Өз беттерімен ана тілінен мәтіндер оқып, қазақ тілінен жаттығулар орындайтын бастауыш сынып оқушылары енді күн сайынғы практикалық жұмыстарында бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуын жиі кездестіретін болады. Ана тіліндегі көркемдеуші, сөйлемдегі ойға астарлы реңк беруші бүл құбылысты балалар тіліндегі тұрақты дағдыға айналдыру — бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеттерінің бірі. Бірінші сыныпқа келген баланың тілінде көп ұзамай-ақ мектепке, оқу үдерісіне байланысты жаңа сөздер, сөйлеу дағдылары қалыптасатыны белгілі. Мысалы: парта, тақта, сынып, сабақ , т.б. Немесе сабақтан оралған екі оқушының төмендегідей мағынадағы әңгімелерін жиі естиміз: Біздің сыныпта та табиғат мүйісі жасалынған.
—Ал біздің сынып кеше клубтағы музейге барды.
Демек, сырына өздері терең мән бермесе да, олардың тілінде бір сөздің (сынып) екі мағынада қолданылуы (бөлме, бір топ оқушы мағыналарында) күнделікті мүғалімнің, өздерінің бір-бірімен әңгімесі арқылы берік дағдыға айналған. Ал сабақ үдерісінде — мәтіндерді оқуда, жаттығулар орындауда кездесетін кейбір ауыспалы мағынадағы сөздер оқушылардың бәріне бірдей түсінікті бола бермейді.
Жалпы біздің ана тіліміз – қазақ тілі лексикасындағы сөздердің көпшілігі астарлы мағыналарға ие. Сондықтан бастауыш сынып оқушылары қазақ тілі, ана тілі сабақтарында белгілі бір сөздердің әр түрлі мағынада қолданылуына күн сайын дерлік кездесіп отырады. Әсіресе, олардың сөздік қорына жаңадан енген сөздердің мағыналық түрленуі түсінуге қиындық туғызады. Мұғалім бұл жағдайда балалар тіліне жаңадан енген сөздерді, бұрыннан белгілі сөздердің жаңа мағыналарын есепке алып, өтілетін тақырыптармен орайластырылған арнаулы жоспармен жұмыс істеу қажет. Мысалы: бірінші сыныпта-ақ оқушылар "шалқу" сөзімен кездеседі.