1. жалпы мәліметтер



бет1/11
Дата19.10.2023
өлшемі212,25 Kb.
#119292
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушылар: Еспенбетова Айнагүл Мейрамбекқызы- .т.ғ.к.аға оқытушы, aikami@mail.ru конференцияның ID номері 899 324 9309: пароль 123456
Кадиркулова Айнур Нурадиновна-Тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушы;
Елеусинова Г.Е.- п.ғ.к., доцент
Кушкимбаева Айнур Серикбаевна, PhD., АӨУ доценті Alitok@mail.ru ID нөмірі 289 911 8780; пароль Ainur71


1 Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Ұлттық руханият» курсы ұлттық болмыс, ұлттық құндылық, ұлттық сана туралы түсіні қалаптастырады. Тарихи сана және ұлттық сананың қалыптастырудың жолдары, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері, ырым-жорамалары мен тиымдарының мән мағынасын анықтайды,. Мәдениет пен өнер, ұлттық кодтың анықтамасын айқындайды. Ұрпақ тәрбиесі мәселелері,ұлттық сезім, түйсік, ұлттық намыс пен ұлттық рух түсініктері мен ұлттық тәрбиенің қайнар көздері мен ерекшеліктері қарастырылады.
Оқыту мақсаты:
Ұлттық руханиятымызды құрайтын этногенездік ерекшеліктер мен көшпелі қоғам өмірінің құндылықтары, халықтық философиясы, ауыз әдебиеті, халықтық білімдер, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының ерте заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі даму тарихынан білім беру.


Оқыту нәтижелері:

  • Жалпы адамзаттық мәдениеттің жетістіктері мен ұлттық ерекшеліктеріне негізделген білім мен тәжірибені меңгереді, ұлттық руханияттың теориялық мәселелері мен негізгі түсініктерін біледі;

  • Ұлттық руханиятты анықтайтын салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, наным-сенімдер, ырым-жорамалдар мен тиымдардың мән мағынасын түсінеді;

  • Ұрпақ тәрбиесі мәселелерін ұлттық ғылыми негізде ұйымдастырады,, кәсіби іс-әрекетінде қолданады;

  • Қазақ халқының этногенездік ерекшеліктері мен көшпелі қоғам өмірінің құндылықтарын талдайды;

  • Қазіргі жахандану үдерісіндегі ұлттық болмыс пен ұлттық бірегейліктің даму бағыттарын мен ерекшеліктерін, мәдениеттің әртүрлілігін бағалайды және маңызын ұғынады. Диагностикалық бағалау, формативті бағалау, сумативті бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау нәтижесін меңгереді бағалайды;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет