1. Жарық терапиясы фототерапия



бет5/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

9. Миокардитті емдеу Емі. Ауру малға толық тыныштық жағдай жасалады. Аурудың алдыңғы кезеңінде жүректің қызметін жақсартуға арналған дәрі дәрмектерді, әсіресе жүрек қызметін күшейтетіндерін, жүректің оларсыз да зорланып істеп тұрғанын еске алып, қолдануға асықпау керек. Олай болмаған жағдайда жүрек тез арада салданып жұмысын тоқтатып қалуы мүмкін. Осы кезеңде жүрек тұсына суықтық- резеңке қапқа салынған мұз немесе суық су тартқан жөн. Ауыр жағдайда оттегін тыныс арқылы (ингаляция) ендіреді (80-120 литр ірі және 10-15 л ұсақ малға минутіне 10-15 л жылдамдықпен) немесе тері астына енгізеді (6-10 л ірі және 0,5-1 л ұсақ малдарға). Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің жиырылу күші әлсірегенде, қан тамырына 30-40 %-ды глюкоза ерітіндісін кофеинмен араластырып енгізген жақсы нәтиже береді. Жүрек соғысы тездетілген жағдайда камфора, коразол, кордиамин қолданған жөн. Камфораны аузы арқылы беруге болады, ірі малға 5-10 г, ұсақ малға 0,5-4 г немесе иньекцияға (құюға) әдейі арналған 20 %-ды майлы ерітіндісін тері астына енгізеді, ірі қара мал мен жылқыларға 20-40 мл, ұсақ мал мен шошқаларға 3-6 мл, 1-2 мл-иттерге, түлкілерге 0,5-1 мл. Коразолды тері астына, ірі қара мал мен жылқыларға 0,5-2 г, ұсақ мал мен шошқаларға 0,05-0,1 г енгізеді. Оны қан тамырына да енгізуге болады (ірі малдарға 0,5-1 г). Кордиаминді қан тамырына, ірі қара мал мен жылқыларға 10-15 мл, ұсақ мал мен шошқаларға 2-3 мл немесе тері астына: ірі малдарға 15-20 мл, ұсақтарына 2-4 мл енгізеді.
10. Ультракүлгін сәулелену Биологиялық әсер етуіне байланысты әдетте ультракүлгін сәулелерді 3 спектрге бөледі. А спектрі - толқындар ұзындығы 400-ден 320 нм дейін, биологиялық әсері әлсіздеу келетін бөлігі - ультракүлгін үптелігін жасайды. B спектрі - толқындар ұзындығы 320-дан 280 нм дейін белоктардың, углеводтардың, витаминдердің, минералды заттардың және майлардың алмасуларын қалыптастыратындай әсер етеді. C спектрі - толқындар ұзындығы 280-нен 180 нм дейін бактерияларды жойғыштық қасиеті бар. Бұл спектрмен организмге әсер еткенде торшалардағы белоктар құрылысы өзгеріп коагуляциялануы (ұюы) және денатурациялануы (табиғатының өзгеруі)мүмкін. Мал шаруашылығында күннің табиғи ультракүлгін сәулелерін және түрлі жоғарғы және төменгі қысымды генераторларды (лампалардан) алынатын жасанды сәулелерін қолданады. Ультракүлгін сәулелері рефлекторлы және гуморальды жолдармен мал организміне жан-жақты әсерін тигізеді. Олар организмнің иммунобиологиялық қабілетін және ауруларға қарсыланған төзімділігін арттырады. Қуаттандыратын мөлшерінде, сәулелер зат алмасу процесіне едәуір әсерін тигізеді. 1. Белоктардың алмасуын үдетеді, ол несеп арқылы азот пен фосфордың көп шығуынан білінеді, жалпы белоктың және гамма-глобулин фракцияларының санын көбейтеді, иммунобиологиялық реакцияларын сергектендіреді; 2. Қандағы қант санын азайтады, ол бауырда көп мөлшерде жиналады 4. Майлардың алмасуын үдетеді; 5. Тыныстану қимылдарын тереңдетіп, газ алмасуын тездетеді де ұлпалар оттегіні едәур көп сіңіріп, көмір қышқылын молырақшығарады. Газ алмасуын арттырып, жылулық жадығаттарын көбейтеді;6. Ультракүлгін сәулелер, жүрек соғуын жиілендірмей, бірақ қанның систоликалық көлемін көбейтіп тұрып ұзақ уақыт бойы артериялық қанның қысымын төмендетеді; 7. Асқазан сөлінің бөлінуін (тауықтарда) көбейтіп 25-30 %-ға азықтың сіңуін арттырады; 8. Мерзімді-мерзімді қан азайғандығының белгілері байқалынып тұратын малдардың қанында эритроциттердің, лейкоциттердің сандарын көбейтіп, гемоглобиннің мөлшерін арттырады; 9. Организмде кетон денешіктерінің мөлшерін азайтып, қышқылдануын басады. Ақ түсті шошқаларды ультракүлгін сәулелермен сәулелендіргенде 5-12 сағаттан кейін терілерінде 4-6 тәулікке созылатын эритема (қызару және ісіну) пайда болады. Эритема реакциясы кезінде гистологиялық әдіспен тексеру, қабынудың барлық белгілерінің бар екенін анықтайды. Айқын эритема реакциясын сәулелердің 302, 297, және 253 нм ұзындықты толқындары тудырады. Сәулелердің әсерінен терінің мүйізді қабаты қалынданады және оның қарсыласу күші артады. Эритемдік мөлшерде сәулелендіру ауырсыну белгілерін де басады. Инкубацияланатын жұмыртқаларды ультракүлгін сәулелермен сәулелендіру жақсы нәтиже береді, балапандардың шығуы 3-10 %- ға көбейіп, олар өмір сүруге бейімдірек келеді. Тауықтарды ЭУВ-15 және 30 не ПРК-2 мойынды лампалармен сәулелендіргенде, олардың азотты және минеральды заттарды (кальций, фосфор) пайдалануы жақсарады, түлеуі ерте басталады және оның мерзімі қысқарады, салмағының өсуі тездетіледі, жұмыртқалағыштық қабілеті артады, сонымен қатар балапандардың шығымдылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет