1. Жарық терапиясы фототерапия


Миокардоз (этиологиясы, белгілері)



бет8/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

15. Миокардоз (этиологиясы, белгілері) Этиологиясы әртүрлі, өйткені миокардоз, көбінесе түрлі негізгі аурулардан туатын дерт болып есептелінеді. Бұл ауру, әсіресе, жалпы зат алмасуының бұзылуынан туады. Ірі, арнайы бағыттандырылған шаруашылықтарда миокардоздың пайда болуына үрейлену (стресс) себеп болады. Аурудың бастапқы кезеңінде, жүрек еттерінде өзгерістер тек биохимиялық және биоэнергетикалық деңгейлерде өтеді: бұлшық ет тармақтарының коллоидтық-химиялық құрылысы өзгереді. Содан арғы кезеңде жүрек етінің құрылымы бұзыла бастайды: бозарады, кескенде өзінің суретіне тән кескіні жойылады, божырап кетеді. Миокардоз ауыр өткен кезде жүрек еті асылған еттің түріне ұқсап, жұқарып жеңіл ыдырағыш келеді. Гистологиялық әдіспен тексергенде жүрек еті көбінесе белок (нәруыз) немесе майлы азғындауға ұшырайды. Вертинскийдің, Шишковтың және басқада зерттеушілердің айтуынша жүрек етімен бірге оның импульс өткізетін жүйке жүйелері де қосыла дерттенеді.Соның салынан жүрек пен қан тамырларының қызметтерінің әлсіздігін белгілер пайда болады.
16. Электр тоғымен емдеу Электр тоғымен емдеуде кернеуі төмен және жиілігі аз ток,кернеуі жоғары және жиілігі көп ток, күші әр түрлі ток, ультра-жоғарғы жиілікті электромагнит өрісті мен гальванизация және электрофорез әдістерін қолдану үшін тұрақты ток пайдаланылады.Малдың ұлпасының шамамен 80 %-ға жуығы судан және электр тоғын өткізгіш қасиеті бар тұздардың ерітіндісінен тұрады.Одан басқа ұлпалардың электр өткізгіштігі олардың құрамындағы суға, кристалдарға және биоколлоидтарға байланысты болады. Электролиттердің молекулалары сұйық ортада ерігенде олар катиондарға - оң зарядты иондар және аниондарға - теріс зарядты иондарға ыдырайды. Аниондар, аттас полюсті катодтан тебіледі және оң полюсті анодқа тартылады, ал катиондар, анодтан кері тебіледі және катодқа тартылады. Электр тоғының әсерінен коллоидты бөлшектер қайтадан топтасып жатады. Олардың катодқа қарай ығысуын катофорез, ал анод0а-анофорез деп атайды.Бұл клеткада электроосмос деп атайтын маңызды өзгерістер туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет