7. Инфрақызыл сәулелену Инфрақызыл сәулелер. Инфрақызыл сәулеленудің жарық және қара бөліктерін ажыратады. Қара бөлігінің көзі - сумен және электрмен жылынатын батареялар, ал жарық бөлігінің көзі – түрлі генераторлар. Табиғи және жасанды инфрақызыл сәулелерін, әдетте аурулардан сақтандыру мақсатында және сиректеу,емдеу үшін қолданады. Инфрақызыл сәулелер шығаратын генераторларды түрлі қабынуларда, плевритте, пневмонияда, былжыр экземада, дерматиттерде және басқалай ауруларда қолданады. Қолданарда лампа аурудан 20-40 см қашықтықта тұруы тиіс. Аурудың күй жайына байланысты сәулелендіру уақыты 30 минуттан 180 минутке дейін созылады. Инфрақызыл сәулелердің биологиялық әсері, бағытталған жеріне тікелей және рефлекторлы түрде жеткізілетін жылулық нәтижеге негізделген. Терінің сәулеленген жерінде қанның көлемі 1-2 минуттен кейін-ақ жылу эритемасын тудырады. Сәулелендіруді тоқтатқаннан кейін эритема тез арада жоғалып кетеді. Сырт қан тамырларына қанның келуі көбейгенде тіндердегі зат алмасуын жақсартады, тотығып үлгермеген жадығаттардың тер арқылы шығуы тездетіледі, тіндердегі судың көлемі азаяды. Бірақ, теріге қайталанып және ұзақ уақыт әсер еткен термикалық қоздырғыштар орталық ми қабының қызметін тежеуге дейін жеткізеді. Қыс-күз кезінде мал қораларындағы қолайлы температураны (16-18°) сумен жылытатын батареялармен не жергілікті (локальный) жасанды жылу көздерімен қалыптастырады. Төлдер денесінің кей жерлерін арнайы жылыту үшін ұзын толқынды (1500 нм/м) және қысқа толқынды (750-ден 1500-ге дейінгі нм/м) инфрақызыл сәулелер шығаратын ОРИ-500 ВТ және ОСП 1-250 ВТ типтес аппараттарды кеңінен қолданады
8. Терапияның белсенді принципіБелсенділік принципі - бүгінгі таңдағы ветеринарияның маңызды принципі. Енжар, күтуді қажет ететін емге қарағанда белсенді ем аурудың клиникалық симптомдары әлі байқалмай, енді біліне бастаған кезде емдік көмек көрсетуге бағытталған. Белсенді ем сақтандырушы еммен, әсіресе жаппай емдеуші еммен бірлесіп кетеді. Жұқпалы емес аурулардың дамуында қалыпты жағдайдан функциональды ауытқылардың байқалуын, әлі клиникалық белгілері білінбеген кезде анықтайды. Бұл кезеңді шартты түрде клиника алдындағы немесе морбидалдындағы жағдай деп атайды. Белсенді емді көптеген зат алмасуының бұзылуы ауруларында қолданады. Аурудың клиникалық белгілері білінбей тұрған кезде қанда витаминдерді, минеральды заттарды, ферменттерді, гормондарды, сілті қорын, кетон денешіктерін, мочевинаны, холестеринді анықтайды. Мысалы, төлдердің рахит ауруының клиникалық белгілері білінбеген кезеңінде сүйектерді ретгенофото-оссеометрия жасау арқылы немесе қанда белсенді фосфотазаның көбеюінен байқайды.