17.Магниттік зондтар (түрлері және қолдану техникасы) Темір-терсектен тұратын бөгде заттардың ұзақ мерзім тақия қарында болуынан олар оның кілегейлі қабығының аздаған бөлігін атрофиялайды, қалыңдатады, көп қабатты жалпақ эпителийді ошақты қабынтады, сонымен қатар мүйіздендіреді кейде некроздайды. Жұмыршақ қарынның және қатар жатқан ағзалардың қабырғасы тесіліп кетуінен бір топ аурулар тобы туындайды:жарақатты ретикулит, жарақатты ретикулоперитонит, жарақатты ретикулоперикардит, ретикулостернит ж.т.б. Жұмыршақ қарын ауруларын диагностикалау үшін, ветеринариялық индикатор, Велесте, Меликсетян ұсынған әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Тәжірибеде ветеринариялық металдіздеуші МЗДК-2 және МДЗ-05 қолданылады. Қашықтықтан дыбысты металіздеуші ретикулометал - тасымалдау деңгейін, метал заттардың орналасқан жерін анықтауға арналған. Ол үшін магнит зондтары және операция жасау әдістері қолданылады. МЗДК-2 массалы небәрі 380 г, қолдануға қарапайым, 120 мм тереңдіктегі заттарды анықтайды. Металіздеуішті оң қолмен ұстап оның сезімталдығын келтіріп жұмыршақ қарынға ұстайды, егерде бөгде металды тапқан кезде дыбысты және жарықты индикация береді. Жұмыршақ қарынның күшті, орта және әлсіз зақымдануы немесе зақымдалмауы болады. Ал жұмыршақ қарыннан бос жатқан металл заттарды сыртқа шығару үшін Меликсетян (МЗ-2), Коробовтың жетілдірілген зондты (ЗМУ-1-2),Телятников зонды қолданылады. Арнайы ЗМУ-2 зондын мал дәрігерлері жұмыршақ қарынның металтасымалдаушы қабілетін анықтауға және сақтандыру мен емдеуге қолдануға ыңғайлы. Зондтың конструкциясы қолайлы, ауыз қуысына, өңешке магнит басын енгізгенде мал ауырсынбайды. Малды жарақаттанудан сақтандыру үшін, белсенді сақтандыру шараларын жүргізуге арнайы магнит сақиналары мен Меликсетянның магнит ұстағышын, Коробовтың және Гербердің 3 кг күші бар магнит блоктарын, Телятниковтың магнит қосымшасын енгізеді. Бұл магниттер металл заттарды тереңде жатқан ұлпадан шығарып алуға мүмкіндігі бар. Магнит сақиналарын ірі қара малға арнайы резеңке шлангтың металдан жасалған болюс бергішімен береді, оны жұмыршақ қарында қалдырады.