13. Лазерлік терапия Ветеринарлық лазерлік терапия-бұл соңғы жылдары танымал бола бастаған үй жануарларының ауруларын емдеудің инновациялық әдісі. Басқа балама емдеу әдістері сияқты лазерлік терапияны дәрі-дәрмектермен бір мезгілде немесе оның орнына ауырсынуды, қабынуды және жараларды емдеу үшін қолдануға болады. Терапевтік лазерлер фотобиомодуляцияны немесе жасуша мен тін физиологиясының өзгеруін тудыру үшін белгілі бір толқын ұзындығын пайдаланады. Жасушалар сіңіретін жарық, жасушаларды ынталандырады және белсендіреді, өсуге, көбеюге, көші-қонға және қалпына келтіруге ықпал етеді. Көптеген емдік лазерлер толқын ұзындығы 600-1070 нм қызыл немесе жақын инфрақызыл сәулені пайдаланады, көк, жасыл және ультракүлгін лазер көздері де танымал болып келеді. Толқын ұзындығы төмен сәулені тері сияқты беткі тіндер сіңіреді, ал толқын ұзындығы жоғары сәулелер бұлшықеттер мен сүйектерге тереңірек енеді. Лазерлік терапия тіндердің қалпына келуіне ықпал етеді, бұл келесілерді тудырадырады: Эндорфинді шығару, Емдеу процесіне қатысатын оттегі мен жасушаларды жеткізу үшін қан ағымын арттыру, Бұлшықет релаксациясы, Қабынуды азайту, Тезірек сауығу және қалпына келтіру. Лазерлік терапия көптеген ветеринарлық ауруларда қолданылады, соның ішінде: Созылмалы артрит Хирургиялық кесу Сіңірлер мен байламдардың жарақаттары Травматикалық жарақаттар
14. Паранефральды новокаин блокадасын қолдану техникасыИ. Я. Тихонин әдісімен жылқы белдеуінің (паранефральды) блокадасы Ине енгізу орнын анықтайды және оны тазартады. Бұл жер жұмсақ қабырға және бірінші бел омырт көлденең қанатының арқа жотасынан сызылған сызық бойымен 8-10 см төмен орналастырыңыз. Ине мандренмен бірге тіке бағытта 8-9 см тереңдікке бағыттап енеді. Иненің дұрыс орналасқанына көз жеткізіп, бір күн бұрын дайындалған новокаин ерітіндісін толық дозасын жібереді. Бұл әдіс өте жауапты емдеу әдісі болып табылады. Сондықтан ертіндінің дұрыс жіберілуіне, асептиканың сақталуына айрықша мән беру керек. Ертіндінің новокаинның 0,25 пайызды ертіңдісін, ас тұзының 45 пайызды ертіндісін пайдалану арқылы дайындайды. Дозасы малдың 1 кг салмағына 1 мл мөлшерінде. Блокаданы малдың, екі жағына кезек немесе дозасын тең етіп бөліп екі жағана бірден жасауға болады. Соңғы әдістің нәтижесі жақсы. Блокада жасалғаннан кейін малға толық тыныштық беру керек. М.М.Сенькин әдісімен ірі қара малының белдеме тұсын (паранефральды)блокадалау. Блокада жасау алдында малды дұрыстап орналастырып бекітеді. Ине енгізетін жерді анықтап оны әзірлейді. Ол нүкте ақырғы кабырға мен бірінші бел омырткаларының көлденең қанатарының ұшынан 15-2 см жоғары орналасады. Инені төмен және ішке карай бағыттап, малдың жасына, жынысына, күйіне байланысты 8-11 см тереңдікке кіргізеді. Теріні тесіп өткеннен кейін ине бүйректің сыртқы қабына дейін оңай барады, ал кабықты тесіп өткеңде жеңіл сырт еткен дыбыс қолға сезіледі. Бұдан соң қабықты тесіп өткен ине 15-2 см шамасында оңай жылжиды. Инені жайлап еңгізе отырып, малдың көңіл-күйіне көңіл аударыш отыру қажет. Бір рет еңгізу үшін новокаинның 0,25 пайызды ерітіндісін малдың 1 кг салмағына 1 мл мөлшерінде алады. Новокаин ерітіңдісін дене температурасына дейін жылжытып қолданады. Кажет болған жағдайда 5-6 тәуліктен кейін қайталауға болады.