1. Жарық терапиясы фототерапия


Көктамыр ішіне енгізу техникасы



бет11/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
20. Көктамыр ішіне енгізу техникасы Ірі малға ерітінділерді мойын көк тамырына, кей кезде тебінгілік немесе сүт венасына енгізеді. Иттерде-ортан жіліктік венаға, күре тамырға, табан жіліктік венаға, тері асты кәрі жіліктік венаға енгізеді. Шошқада-үлкен құлақ венасына (құлақтың түбін резеңке шлангпен қысады, болмаса венаны саусақпен басып, инені құлақ қалқаны түбіне бұрады). Қозыларға-құлақ венасына енгізеді. Құста-қанаттың іш жағында жатқан тері асты шынтақ венасына енгізеді. Ол үшін инені шынтақтың иілген жеріне 40° бұрышпен көлбей енгізеді де, сол жердің қауырсынын жұлып, теріні йод ерітіндісімен сүртеді. Ине венаға түсу үшін теріні аздап кесіп, венаны жалаңаштайды. Дәрі-дәрмектерді венаға құю үшін шприцтер, Бобров, Коньков аппараттары және Жанэ шприці қолданылады. Мойын көк тамырын инемен тесер алдында алдымен сол қолдың бас бармағымен қысып ұстап тұрған кезде күре тамыр қанға толып, сыртқа теуіп тұрады. Оң қолдың бас бармағы мен сұқ саусағымен инені мықтап ұстап, тамырға 40-45° бұрыш жасай иненің көк тамырға түскеніне көз жеткізгеннен соң, прибордағы ерітіндіні сыртқа аздап төгеді де инемен резеңке түтікшеге қосып приборды ерітіндісімен төмен түсіреді. Сол кезде қан резеңке түтікшемен ағып бақылауға арналған шыны түтікшеге кеткенін көреміз, егерде ерітіндіде ауа көпіршіктері жоқ болған жағдайда ғана ерітінді құйылған приборды жоғары көтереміз. Сол кезде, сол қолдың бас бармағымен басып тұрған көк тамырды босатамыз. Ерітінді көк тамырға минутына 30-20 мл есебінде ағуға тиісті, ал ерітінді температурасы 38-40°С болу керек. Ерітіндіні құйып болғаннан соң приборды төмен түсіріп бақылауға арналған шыны түтікшеге қан келтіріп сонан соң ғана инені көк тамырдан шығарып, иненің орнын зарарсыздандыратын ерітіндімен сүртеміз.
21. Миокардозды емдеу Ең алдымен, ауруды тудырған себептерді жоюға бағытталады. Малдарды тынықтырып, жеңіл жұмысқа ауыстырады. Азық рационының мөлшері және қатынастары жақтарынан, витаминдер мен минералдық заттардың үйлесімділіктерін теңестіріп, толық құнды етіп беру керек. Рационға жеңіл қорытылатын углеводты (көмірсуларды) азықтарды жеткілікті етіп қосады. Емдеуде, жүйелі түрде серуендетудің маңызы зор. Организмде және жүрек бұлшық етінде зат алмасуды қалыптастыратын В тобы витаминдерін токоферол, рибофлавин тағайындайды, иттерге ішке 5-20 мг рибофлавин, 20-50 мл токоферол-ацетатын береді. Бұлшық етке кокарбоксилозасын 1 кг дене массасына - иттерге 50-10 мг (1-2 мл), ірі қараға 0,1-0,8 г, осы мөлшерде пиридоксолфосфат қолданады. Дәрі-дәрмектерден қолданылатыны - глюкоза, кофеин,аскорбин қышқылы, камфор майы, кардиамин, коразол. Артериядағы қысым күрт төмендегенде, адреналинді қолданады. Оқтын-оқтын оймақ гүл, інжугүл (ландыш), жалынгүл (горицвет), строфанта, желтушник (эризимин, эризимозид) препараттарын қолданады. Тері астына гитален енгізеді (ірі қара мал мен жылқыларға - 1-5 мл, иттерге - 0,2-0,5 мл). Оны ауыздан береді -ірі қара мал мен жылқыларға - 2-5 мл, иттер мен түлкілерге - 1-3 мл. Оймақ гүлдің басқада, диагален-нео атты препаратын ауыздан береді - ірі қара малдарға - 25 -70 мл, жылқыларға 15 -50 мл, ұсақ малдарға - 5 -15 мл, иттер мен түлкілерге - 0,5 -1 мл. Ауызы арқылы лантозид береді (ірі малдарға - 2 -5 мл, ұсақтарына 0,1-0,5 мл). Інжугүл тұнбасын ауыздан береді - ірі қара мал мен жылқыларға 10-25 мл, қой мен ешкілерге 5-10 мл, шошқаларға 2-5 мл, иттер мен түлкілерге 0,5-1 мл. Қан айналымының кемістіктері білінген жағдайда қан тамырына, інжугүл препараттарынан, инъекцияға арнайы дайындалған ампуладағы 0,06 %-ды коргликон ерітіндісін құяды, мөлшері: ірі қара мал мен жылқыларға 3-10 мл, иттерге 0,5-1 мл, оны 10-20 %-ды глюкоза ерітіндісімен араластырып (1:20 қатынасында) баяу енгізеді. Строфанта тұнбасын қан тамырына 10 %-ды глюкоза ерітіндісіне араластырып (1:20 қатынасында) баяу құяды, мөлшері:ірі қара мал мен жылқыларға 0,3-2 мл, иттерге 0,01-0,1 мл. Оны аузы арқылы да беруге болады - ірі қара мал мен жылқыларға 10-30 мл, ұсақ малдарға 3-8 мл, шошқаларға 2-5 мл, иттерге 0,2-1 мл. Жүрек етінің құрылымы бұзылғандай белгілер білінсе, строфантин мен эризимді қолданбайды. Микардозда, зат алмасу процестерін жақсартатын (анобо-литикалық заттар), жүрек етіндегі биохимиялық, биоэнергетикалық алмасуларды қалпына келтіретін дәрі-дәрмектерді қолдану нәтижелі көмек көрсетеді. Ол дәрі-дәрмектерге тиамин, рибофлавин, пиридоксин, басқа да В тобының витаминдері, кокарбоксилаза мен калий тұздары жатады. Басқа да ағзалардың қызметтері бұзылғанда, аурулардың белгілерін жоюға бағытталған (симптоматикалық) тиісті ем қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет