1. Жасуша теориясының ашылу тарихы


Жасушаның мембранасыз оргоноидтары



бет10/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
сома

21.Жасушаның мембранасыз оргоноидтары.
Жасушаның мембранасыз органоидтарына:жасуша орталығын,рибосомалар,микрофиламенттер мен микротүтікшелер жатады.Рибосомалар-нәруыз синтезін жүзеге асыратын,екі суббірліктен тұратын,мембранасыз органоидтар.Олардың пішіні дөңгелек,мөлшері 20-30нм -ді құрайды.Рибосомалар екі үлкен топқа бөлінеді:біріншісі,ядросы жоқ прокариотты жасушаларда кездесетін-70S рибосомалары.Екіншісі-80S рибосомалар,олар эукариотты жасушаларда болады.Жасуша орталығы-жасушаның бөлінуі кезінде,бөліну ұршығын түзетін,цитоплазманың ішкі ортасы.Бұл орталықта мүлдем мембрана болмайды.Есесіне жасуша орталығында центроильдар,микротүтікшелер болады.Жалпы,цитоплазманың қаңқасы бізде үш түрлі компонент арқылы түзіледі.Оларға микрофиламенттер,микротүтікшлер,аралық филаменттер жатады.Микрофиламенттерді басқаша ақуыз жіпшелері деп те атаймыз.Олардың мөлшері-4нм,актин молекулаларынан құралады.Микротүтікшелер-өте мықты құрылым,ол цитоқаңқаның тірегі.Және де,микротүтікшелер жасуша бөлінуіне,ондағы ішкі организмдердің тасымалдануына жауап береді.Жіпше және жартылай цилиндр тәріздес.Аралық филаменттер-микротүтікшелерден жіңішке,микрофиламенттерден жуан болып келетін,тығыз ақуызды талшықтар.Бұлшық ет жасушаларында көп кездеседі,құрамында:кератин,ламин,виментин бар.
22. Ядроның құрылысы мен қызметі.
Ядро-жасушаның ең негізгі бөлігі.Ол генетикалық ақпаратты сақтауға және жасушаға керекті ферменттер мен ақуыздардың түзілуіне жауап береді.Жасушаның өсу мен көбеюін бақылап,зат алмасу процессін реттейді.Ядроның құрылысы өзіміз білетіндей ядро шырынынан,ядро қабықшасынан,ядрошықтан және хроматиннен тұрады.Ядроның қабықшасы немесе кариолемма-ядро мен цитоплазманы бөліп тұратын қабық болып табылады.Жалпы,ядро-екі мембраналы органоид.Яғни,сыртқы және ішкі қабықтан тұрады.Әр қабықтың қалыңдығы 7нм.Бұл түсінікті 1882жылы Флемминг ғылымға енгізген болатын.Қабықшалар құрамы липидтер мен белоктардан тұрды.Олардың қызметтері: қорғаныштық және зат алмасу процесін реттеу болды.Ядро шырыны немесе кариоплазма-ядроның ішкі қоймалжың сұйық ортасы.Өзіміз білетіндей, біз ядро шырынын жарық немесе электрондық микроскоптар арқылы көре алмаймыз.Олардың мөлшері тұрақсыз,ядрода кейде көп,кейде аз түрінде кездеседі.Және де,кариоплазманың құрамында көптеген ферменттер болады.Мысалы:ақуыз және нуклеин қышқылдарының синтездеріне қатысатын ферменттер,АТФ энергиясын түзуге қатысатын ферменттер,фосфорлық алмасу ферменттері.Әр ферменттің өзіндік пайдасы мен маңызы бар.Ядродағы кариоплазманың қызметі ядрода болатын процесстерге энергия жеткізу,бөлінуге қатысу және рибосоманың түзілуіне қатысу болып табылады.Ядрошық-пішіні дөңгеленген,ядроның тығыз бөлігі.Оның мөлшері 2-мкм-ден 10-мкм ге дейін жетеді.Ядрода екі немесе одан да көп ядрошық болуы мүмкін.Жалпы,ядрошық балдырлар мен бактериялардан басқа барлық ағзаларға тән.Жануарлар,қарапайымдылар және өсімдіктер жасушасынан көптеп байқалады.Ядрошықтың құрамында ферменттер,қышқыл белоктар,кальций,магний,темір фосфаттары кездеседі.Ядрошықтың бас құрылымдардан ерекшелігі:РНҚ концентрациясының жоғары болуында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет