12. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні, морфофункционалдық сипаттамасы. Жасушааралық заты, құрылысы мен маңызы. Фибробласттар және олардың жасушааралық затты түзудегі маңызы. Мүшелерде қан, жүйкетер, лимфамен бірге жүріп, мүше стромасын құрап орналасады.
Бұл тіннің негізгі жасушалары:
Фибробластылар- жасушааралық компоненттерді (коллаген, эластин, протеогликан, глокопротеиндер) түзейтін жасушалар. Негізгі қызметі талшықтардың түзілісі, жараның жазылуы, гранцляциялық тіннің дамуы, бөгде зат айналасында капсуланың түзілуі және т.б..
Аздифференцияланған жасушалар - пішіні: өсінділі; ядросы - дөңгелек/сопақша, кші ядрошығы бар; РНКға бай базофильді бжасушалар бар. Көлемі: 20-25 мкм. Цитоплазмасы: еркін рибосома - жақсы, ЭПТ + митохондрия - нашар, гольджи қысқа түтікшелі+көпіршікті. Ақуыз синтезі + бөлу - төмен деңгейде
Фибробласттар - Көлемі:үлкенірек - 40-50 мкм. Белсенді қызмет атқарады. Ядро - ашық түсті, сопақша, 1-2 ірі ядрошығы бар. Цитоплазма: базофильді, жақсы дамыған - түйіршікті ЭПТ + гольджи; митохондрия+лизасома - орташа. Шеткі аймақтарында 5-6 нм жуандықпен, микрофиламенттер(актин, миозин) орналасқан. Бұл қозғалуға қабілет береді. Қозғалыс фибриллалық құрылыммен жасуша арасындағы адгезияны қалыптастырады.
фиброциттер - дамудың дефинитивті түрі. Пішіні ұршық, қанат тәрізді өсінділері бар. Аз органелла - вакуоль + липид + гликоген. Ақуыз синтезі төмен.
миофибробластылар - фибробаластыларға жақын. тек қана коллаген емес, жиырылғыш нәруыз өндіре алады. Цитоплазма: жақсы- ЭПТ. Қызметі бойынша жазық бұлшық етке ұқсас.
фиброкластылар - фагоцитті, гидролитті белсенді. Инволюция кезінде жасушааралық заттың ыдырауын қатысады. Цитоплазма: жақсы - т-ті ЭПТ, гольджи, аз митохондрия, лизасома. Ферменттер коллаген талшықтарын біріктіруші заттарды ыдыратады. Қышқыл протеазаларымен колагеннің жасушаішілік ыдырауы жүреді.
Макрофагтар - иммундық жүйенің жасушасы. 2түрі бар: еркін және бекітілген. Еркін - борпылдақ тіннің макрофагтары/гистиоциттері, сірлі қуыс макрофагтары, өкпе альвеолярлық макрофагтар жатады. Орныққан - қызыл жілік майының, сүйек, шеміршек тінінің, көкбауыр, лимфа түйінінің, эпидерма ішілік, ОЖЖ, бала жолдасының макрофактары кіреді. Макрофагтар орын ауыстыруға қабілетті. Көлемі + пішіні - тұрақсыз - өзгеріп отырады. 1 ядролы - көлемі үлкен емес, дөңгелек, бұлшақ тәрізді/бұрыс пішінді. Хроматиннің ірі түйіндері ерекше. Цитоплазма: базофильді, лизасомалық/фагасомалық/пинацитоздақ көпіршіктері көп, орташа кездесетін митохондриялар, т-ті ЭПТ+Гольджи+гликоген+липидтер болады. жасушада, магрофак шеттері ерешекшелінеді - оның қозғалуын, микроөсінділерін ішке тартуын, эндо/экзоцитоздың орын алуын қамтамасыз етеді. Плазмолемаға түйісіп 5-6нмлік актин филаменттері тор ретінде орналасады. Торменен микротүктікшелер өтіп, жасушаішілік лизасомалар, сикропинацитоздық везикулалардың орын ауыстыуында рөл ойнайды. Сонымен қатар, плазмолемма бетінде рецепторлар орналасады. Бұл рецепторлар арқылы макрофактор имміндық реакцияға қатысады. Макрофагтарда бөгде зат ыдыратушы фермент пен белсенді заттарды өндіреді. Осыған байланысты қабыну кезінде оның саны арта түседі.