1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері



бет14/19
Дата03.01.2023
өлшемі70,11 Kb.
#60301
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Пигментоциттер - Цитоплазмасында пигмент-меланин бар. Пішіні: қысқа, тұрақсыз, өсінділі. Цитоплазма: 15-25нмлі меланосомалар + рибасомалар+ белсенді аминдер бар. меланосомал - эпидермистің тікенекті + базальді қабаттың кератиноциттеріне ауысады. Жүйке айдаршасының дің жасушаларынан дамиды. 

Жасуша аралық зат: коллаген, эластин, аморфты заттан тұрады. Оның дамуы құрсақ дамуының 1-2ші айында жүреді, өмір бойы жаңарады. 

  • Коллаген талшықтары дәнекер тінге беріктік береді. Ол коллаген нәруызынан құралады. Фибробластылардағы түйіріһшікті ЭПТсында синтезделеді. Жасушааралық затта ретсіз, әр түрлі бағытта, созынды ретінде орналасады. Ұзындығы 280нм, ері 1,4нм. Адам организімінде оның 5 түрі кездеседі:

    • 1-дәнекер тін, сіңір, сүйек, көздің мөлдір қабықшасы, склера, артерия қабырғасында

    • 2- гиалинді, фиброзды шеміршекте, көздің шыны денешігінде+мөлдір қабығында

    • 3- ұрық терісінің дермасында, ірі қан тамыр қабырғасында, қанжасамның ретикулярлық талшықтарында

    • 4- базальді мембранада, көз бұршақ капсуласында

    • 5- хорион, амнион, эндомизий, перимизий, тері, коллаген түзуші жасушалар жанында орналасады. 

Коллаген құрылымдық деңгейі: 
1-Молекулярлық деңгей- 3 поилепептидті тізбектен, жасуша ішінде проколагеннің спиральға шиыршықталуы.
2- Молекула үсті - прокологен аяққы пептидерінің үзілуі салдарынан құралған тропоколлоген бойына агрегаттар құралып, сутекті байланысуы. Протофибриллалар түзіліп, бүйірінен 5-6 протофибриллалариен, жуандығы 5 нмлік микрофибрилла құралады. 
3- Фибриллярлық деңгей - гликозоаминогликандармен талшық түзілуі. Фибрилла жуандығы 20-100нм. 
4-Талшықтық - фибрилла агрегациясымен бірнеше фибрилларлһдың бірігуімен, қалыңдығы 10мкм талшық түзіледі. Бұл талшықтар 150мкмдей жуан болуы мүмкін. 

  • Ретикулярлық талшық (преколлагендік талшық)- Эмбриогенездегі коллагеннің алғашқы түрі. Олар 3Д тор құрап орналасады. Құрамында 3ші типті коллаген көп. 

  • Эластин - дәнекер тіннің серпімділігі мен созғыштығына жауапты. Коллагенге қарағанда жіңішке - 0,2-1мкм. Ішкі құрылымы эластин ақуызынан тұрады. Эластин ақуызын пролин, глицин көп мөлшерімен + 2 амин қышқылдық туындымен десмозин, изодесмозиннің болуымен байланыстырады. Аталмыш құрылымдар оған тұрақтылық, созғыштық, серпімділік қасиетін түзеді. 

Эластин құрылымдық деңгейі: 
1- Молекулярлық- жуандығы 2,8нм эластиннің тізбектілуі
2-Молекула үсті- эластин жасушадан тыс тізбектеліп, 3-3,5нм жуан протофибриллаға бірігеді. 
3- Фибриллалық - протофибриллар гликопротеинмен бірігіп, жуандығы 8-19нм микрофибрилла құрайды 
4- талшықтық - микрофибриллардың бірігіп, жуандығы 0,2-1 мкм талшық құрау

  • Аморфты зат - дәнекер тін жасушаларын, талшықтарын, жүйке, тамырларын қоршайтын метаболиялық, интегративті буферлік ортасы. Құрамында: қан плазма нәруыздары, протеогликандар, гликопротеиндер, су, бейорганикалық иондар, метаболизм өнімдері, коллаген/эластин бастамалары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет