1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері


Түйіршіксіз лейкоциттер (агранулоциттер), олардың түрлері, құрылысы, қызметі. Т- и В-лимфоциттер



бет9/19
Дата03.01.2023
өлшемі70,11 Kb.
#60301
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
9. Түйіршіксіз лейкоциттер (агранулоциттер), олардың түрлері, құрылысы, қызметі. Т- и В-лимфоциттер.

Түйіршіксіз лейкоциттер лимфоциттер мен моноциттер деп жіктейді. Гранулациттерден айырмашылығы - олар арнайы түйіршіктерінің жоқтығымен және сегменттелмеген ядроларымен сипатталады. 


Лимфоциттер қанның құрамында ЛейКОЦиттердің 20-35 пайызды алып жатады, ал саны 1,0-4,0*109/л болады. үлкен лимфоциттер жас балаларды болады, ал ересектерде болмайды. ядролры базофильді, дөңгелек не бұршақ пішінді ядроларында компактты гетерохромотин мен цитоплазманың жіңішке жиекшесі болады. кейбір цитоплазмада аздаған мөлшерде азурофилді түйіршіктер/лизасомалар болады. адам қанының құрамында кіші көлемді лимфоциттердің мөлшері 85-90пайыз болады. цитаплазмаларында көпіршіктер, лизасомалар, еркін рибосомалар, полисомалар,митохондриялар, гольджи кешені, центриольдер мен түйіршікті эптнің аздаған мөлшері броады. кіші көлемді лимфоциттердің 2 түрі ажыратылады.: ашық әне күңгірт. күңгірт түстілер ашық лимфоциттерден кішіректеу, ядролары тығыздау және электрондық тығыздығыда жоғары болып келеді. рибосомалар мөлшері көп болады. орташа көлемді лимфоциттер 10-12 пайыз лимфоциттердің бөлігін алады. ядролары дөңгелек не бұрашақ пішінді, ядро қабығыныңсаусақтарға ұқсас ойықтары болады. ядрошығы анық көрініп, хроматині босаңдау келеді.
кәдімгі лимфоциттерден басқа адам қанында лимфоплазмоциттер кездесуі мүмкін. ядроларының айналысында шеңбер құрап түйіршікті эптнің түйіршіктері орналасады. 
лимфоциттердің негізгі қызметі иммундық реакцияларға байланысты. қызметі бойынша 3 классқа ажыратылады:в-лимфоциттер, т-лимфоциттер және нөлдік лимфоциттер.
в-лимфоциттер алғаш рет құстардың фабрициалық қалтасында анықталған. адам эмбрионында бауыр мен сүйек майында – дің жасушалардан, ересектерде сүйек майынан дамиды. олардың қызметі антиденелерді өндіруге қатысу, яғни гуморалдық иммунитетті қалыптастыру. в-лимфоциттерде иммуноглобулиннің көптеген рецепторлары болады. антигендердің әсері кезінде в-лимфоциттер пролифирация мен плазмоциттерге мамандануға қабілетті болып келеді. ал олар қорғаныш нәруыздарын, яғни иммуноглобулиндерді өндіріп,бөлуге қабілетті, қанға түскен иммуноглобулиндер арқылы гуморалды иммунитетті қалыптастырады.
т-лимфоциттер не тимусқа тәуелді лимфоциттер сүйек майынан пайда болып, жетілуі тимуста өтеді. т-лимфоциттерде иммуноглобулин рецепторларының деңгейі аз болады. алайда оларда антигендерді танып, байланыстыра алатын айрықша рецепторлары болады. негізгі қызметі жасушалық иммунитетті қамтамасыз ету арқылы гуморалды иммунитетті реттеу. т- лимфоциттер лимфокиндерді өндіреді. олар в-лимфоциттердің және реакциялардағы іс-әрекеттерін реттеуге қатысады. т-лимфоциттердің антигендік ақпаратқа тәуелді 3 топқа жіктеледі: Т-ХЕЛПЕРЛЕР, Т-СУПРЕСОРЛАР, Т-КИЛЛЕРЛЕР.
Моноциттер. Лейкоциттерді жалпы санының 6-8 пайызын құрайды. Олардың ядроларның пішіні ауыспалы және өзгеріске ұшырайтын болып келеді: бұршақ, таға және көптеген ойықтары мен өсінділері бар бөліктенген ядролар кездеседі. Гетерохромсатиндері ұсақ дән секілді бүкіл ядроға шашыраңқы орналасып келген және ядроларында бірнеше ядрошықтар болады. 
монобласт-промоноцит-моноцит.
Цитоплазмасы ашық көк түсті, базофилділігі төмендеу болады,бірақ шеттерінде өте ұсақ азурофилділизасомалар әр түрлі мөлшерде орналасады. цитоплазмасында пиноцитоздық вакуольдер орналасады. Түйіршікті эптның қысқа түйіршіктері және кіші көлемді митохондриялар болады. Моноциттер организмнің макрофагтық жүйке жүйесіне не мононуклеарлық фагоцитарлық жүйесіне жатады. Бұл жүйелердің жасушалары сүйек майындағы промоноциттерден дамиды, пиноцито бен фагоцитоздық қабілетке ие, плазмолеммасында иммуноглобулиндер мен комплементтің рецепторлары болады. Қанда моноциттер 36-104 сағат көлемінде болады. тіндерге өткен моноциттер макрофагқа айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет