1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері


Лейкоциттеродің жіктелуі, сипаттамасы. Лейкоцитарлық формула. Түйіршікті лейкоциттер (гранулоциттер), олардың түрлері, құрылысы, қызметі



бет8/19
Дата03.01.2023
өлшемі70,11 Kb.
#60301
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
гисто

8. Лейкоциттеродің жіктелуі, сипаттамасы. Лейкоцитарлық формула. Түйіршікті лейкоциттер (гранулоциттер), олардың түрлері, құрылысы, қызметі.
қанның ақ жасушалары/ лейцкоциттер түссіз болып келеді. саны 4-9*10^9/л, эритроциттерден 1000 есе аз. жаңа туылған балада 8,5-24,5*10^9/л, 1айдан 1 жылға дейін 6,5-12*10^9/л. 7-12 жаста 4,5-10*10^9/л. лимфа мен қанда белсенді қозғалады, қан тамырлар қабырғасынан дәнекер тіндеоге өте алады. МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША 2ГЕ БӨЛІНЕДІ: ГРАНУЛОЦИТТЕР /ТүЙіршікті лейкоциттер және агрАНУлоциттер не түйіршіксіз лейкоциттер. 
Романовский-Гимза бойынша эозин мен азур 2, яғни қышқыл мен негізгі қоспалармен қанды бояғанда түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында 3 түрлі өзіндік ерекшеліктері бар түйіршектену және сегменттелген ядролары болады: нейТРофилді, эозинофилді, базофилді. Гранулоциттер қызыл сүйек майында түзіліп, цитоплазмада айрықша түйіршіктері және сегменттелген ядролары да болады.
нейтрофилдер- дөңгелек пішінді, лейкоциттердің ең көп түрі, 48-78% құрайды. саны 2,0-5,5*109/л. нейтрофилдерде түйіршіктердің 2 түрі болады: арнайы мен бір қабатты мембранамен қапталған азурофилді. арнайы түйіршіктер 80-90% құрайды, ұсақ және ашық түсті болып келеді. құрамында сілтілі фосфатаза, лизоцим мен лактоферрин-бактероицитті ферменттер мен коллагеназа анықталаған. азурофилді түйішітер күлгін-қызыл түсті ірілеу келген және 10-20% құрайды. азурофилдінің ішінде миелопероксидаза, лизоцим, гликозаминогликандар болады. сүйек майында нейрофилдердің дамуы барысында азурофилді түйіршіктер ерте пайда болғандықтан, оларды бірінші реттік деп атайды. негізгі қызметі –микроорганизмдердің фагоцитозы болғандықтан, оларды макрофактар д.а. Олар ыдыратылғанда ж/е бактериялық токсиндер бөлуінің есебінен пирогендерді өндіреді. нейтрофилдер қанда 8-12 сағат, тіндерде 5-7 күн бойы айналымда жүреді.
ядро пішіне байланысты 3 ке: ядросы сегменттелген нейтрофил 60-65%, ядросы таяқша тәрізді н. 3-5%, ядросы бұршақ / жас н-фил 0-0,5%. 
эозинофилдер. диаметрі 12-14 мкм, дөңгелек немесе сопақша пішінді, қанның мөлшерінде 0,02-0,*10^9/л және лейкоциттердің жалпы санының 0,5-5% құрайды. олардың ядросы бір-бірімен байланысқан екі сегменттен тұрады. цитоплазмада гольджи кешені ядроның қасында орналасады,митохондриялар аз,плазмолемма астында актинді филаменттер мен 200дей түйіршіктер болады. түйіршіктерде оксифилділігін қалыптастыратын бай нәруыз ж/н лизосомалық гидролиттік ферменттер, пероксидаза және эозинофилді катионды нәруыз, гистаминза бар, кристаллоид болады. эозинофилдер қарсы реакцияларда және тіндік базофилдердің өндіретін гистаминнің алмасуына қатысып, аллергиялық пен анафилактикалық реакцияларды орны ерекше. гистамин тамырлардың өткізгіштігін жоғарылатып, тіндерде ісінулерді қалыптастырып, үлкен концентрацияда адамның өлімге шалдығуы мүмкін. эозинофмлдердің ерекше қызметі - антипаразиттік ықпалы. паразиттік аурулар кезінде эозинофилдердің саны лейкоциттердің 90% дейін жоғарылайды. олар қанға түскен паразиттердің личинкаларын өлтіреді.
базофилдер. Қан құрамында 0-0,06*109/л, лейкоциттердің 0-1% алады. Цитаплазмасында эпт, рибосама, гольджи кешені, митохондрия мен актинді филаменттер анықталған. Цитоплазмасында базофильді боялған, үлкен дөңгелек, көлемі 0,5-1,2 мкм метахромазиялық қасиет тән түйіршіктер болады. Метахромазия гликозаминогликан -гепариннің болуымен түсіндіріледі. Базофилдер сүйек майында болып, 1 күн қан айналымынды болып, кейін тіндерге көшіп, 1-2 тәулік бойы қызметтерін атқарады. базофилдер организмнің иммундық реакцияларына қатысады. Олар қанның ұю жүйесіне, тіндердің гомеостазына және аллергиялық ракцияларға өзінің әсерін тигізеді.
Лейкоциттердің негізгі түрлерінің пайыздық ара-қатынасы лейкоцитарлық формула деп аталады. Пайыздық ара-қатынасы адамның қалыпты жағдайда ішіп жүрген тағамдарына,физикалық күш жұмсауына байланысты, әртүрлі ауруға шалдыққанға байланысты өзгеріп отырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет