Жүйке тіні. Морфофункционалдық сипаттамасы, даму көздері. Нейрондардың жіктелуі (морфологиялық және қызметтік). Нейрондардың құрылымдық-қызметтік сипаттамасы
14.Жүйке тіні. Морфофункционалдық сипаттамасы, даму көздері. Нейрондардың жіктелуі (морфологиялық және қызметтік). Нейрондардың құрылымдық-қызметтік сипаттамасы. Жүйке тіні тітіркенуді,қозуды қабылдайтын арнацы қызметтері бар,импульсті өндіріп ,оны арнайы нысана мүшелерге жеткізетін, синапс пен нейроглиялармен байланысқан дифферондар жүйесі.Бұл тін -эктодерманың дорсальды бөлімінен дамиды,эмбрионның 18 күндік дамуында ,арқаның орта жолағымен диффренциясы жүріп,жүйкелік табақша түзіледі.оның шет жақтары көтеріліп, жүйкелік үйшікті құрайды,арасында жүйкелік науашық түзіледі.одан кейін жүйкелік түтікше--»жүйкелік айдарша қалыптасады.кейін нейрондармен нейроглия дамиды. Митоз нәтижесінде матрицалық жасушалар дивергентті дифференцияланып, нейробласттық,глиобласттық,эпендимобластты дифферондарын түзейді. 4 шеңберлі аймақ қалыптасады;
Вентрикулярлық,субвентрикулярлық,аралық,маргиналдық
Вентрикулярлық-пішіні цилиндр тәрізді,бөлінуге қабілетті жасушалардан тұрады.
Субвентрикулярлық-көшу қабілетінен айырылған жасушалар
Аралық аймақ нейробласт және глиобласттан тұрады.Нейробласттар бөліну қабілетінен айырылып,нейронға дифференцияланады. Осы аймақтың жасушаларынан жұлынның сұр және бас миының сұр заты түзіледі.
Маргиналды аймақ-шеткі б т-ды. Осы аймаққа кіре өсетін нейробласттардың аксондарының және макроглиялары қалыптасады да, ақ затқа бастама береді.
Нейрон-импультарды қабылдауға,оны өңдеп,өткізуге жауапты ,сонымен қатар басқа да нейрон ,бұлшық еттерге әсер ететін жүйке жүйесінің арнайы маманданған ж-шасы. Нейрондар денесінен, өсінділері; аксон және дендриттерден тұрады.
Аксон-импульсті жасушаның денесінен әкететін өсінді.Дендриттер- рецепторлармен басталып,тармақаталатын өсінді. Қозуды перикарионға өткізеді.
Атқаратын қызметіне қарай;
-рецепторлық (сезімтал, афферентті). Импульсты қабылдайды
-ассоциативті және эффрентті(эффекторлық) .эффректорлы нейрон мпульсты жұмыскер мүшелер тіндеріне жеткізеді. Ассоциативті нейрон-нейрон аралық байланыстарды қамтамасыз етеді.
Морфологиялық қызметіне қарай;
1 аксоны бар -униполярлы нейрон
1 аксоны және 1 дендриті бар -биполярлы,ол сезім мүшелерінде анықталады. Бұл нейрон типінде кей жағдайда жалғануниполярлы нейрондарда болады,жұлын ганглийлерінде орналасады Олардың денесінен жалғыз өсінді шығып, кейін аксон мен дендриттерге тармақталады.
1 аксоны және көптеген дендриті бар-мультиполярлы. Ең көп кездесетін нейрон түрі.