4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
55
30
жоқ, елімізде кәсіптік білім беруді
кӛздейтін стандарттарға енді ғана кӛңіл
бӛлініп
келеді.
Осы
ретте
ірі
кәсіпорындар кәсіптік білім беру
жүйесіне қыруар қаржы салып, жас
мамандарды даярлау ісіне белсене
қатысуда.
Осылайша аймақ экономикасына
қажетті техникалық және кәсіптік
білімді мамандарды даярлау мәселесі
қолға алынды. Нәтижесінде техникалық
және кәсіптік білім беру жүйесінде
түбегейлі реформалар басталды. Кәсіп-
тік-техникалық оқу орындары индус-
триялық-инновациялық сала үшін кадр-
лар даярлауға баса назар аударуда.
Білім беру жүйесін дамыту үшін
елімізде аталмыш сала құрылымдық,
мазмұндық бағытта жаңаруда. Озық
әлемдік
технологиялар
енгізіліп,
ауқымды жұмыстар жасалып жатыр.
Білімнің жоғары деңгейге кӛтерілген
заманында адамның білімі мен кәсіби
біліктілігі экономика дамуының басты
тетігіне айналып, мұның ӛзі заманауи
техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби
білікті
мамандардың
қажеттілігін
туғызуда. Осы мақсатта қабылданған
білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламалары аталған мәселелерді
шешуге арналған ұлттық мамандар
даярлаудағы негізгі қарқынды жоба
болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім
беруде оқу орындары мен әлеуметтік
серіктестіктердің байланысының жақ-
сарғандығын осы секілді игі баста-
малардан аңғару қиын емес. Техни-
калық және кәсіптік білім беруге қазіргі
уақытта ел кӛлемінде айрықша мән
беріліп
отыр.
Кәсіптік-техникалық
білімнің бәсекеге лайық ілгерілеп
дамуы мемлекет, бизнес құрылымдары-
ның және азаматтардың әлеуметтік
жағдайына орасан серпін берері сӛзсіз.
Елдің экономикалық қуаты да осы
аталып отырған сала мамандарына
тәуелді екені ақиқат. Жалпы бұл сала
мамандарына біздің ӛңірімізде де
сұраныс жоғары. Үкіметтің арнайы
қаулысымен бекітілген тұжырымдама-
сында жастардың халықаралық стан-
дарттарға сәйкес келетін отандық
кәсіптік білім алуына жағдай жасау,
жастарды
жұмыспен
қамту
және
жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру
мәселелері жіті қарастырылған. Ал, оны
іске асыру ортақ мүдде болғандықтан
сала мамандарының әріптестік жұмысы
игі нәтижелерге бастайтыны хақ.
Кәсіптік білім жастарымыздың маман-
дық таңдауы үшін қажетті ӛрісті қам-
тамасыз етуге, ал ересек тұрғындар
үшін олардың жаңа жоспарлы іспен
айналысуына,
кәсіби
шеберлігін
жетілдіруіне
бейімделген.
Қазіргі
жастардың кәсіптік білімге деген
қызығушылықтарының арта бастағанын
байқаймыз.
Теориялық білім тәжірибемен
ұштасқанда ғана маман кәсібіне тӛселіп,
кӛш ілгері жұмыс атқаруға қабілеті
артады. Осыған байланысты, ӛндірістік
тәжірибеге тарту жұмысына да елеулі
кӛңіл бӛлініп отырғаны айтылды.
Қазіргі
таңда
жұмыс
берушілер
кадрларды мақсатты даярлауға кӛптеген
қаражат бӛліп отыр.
Білім жүйесін жаңғырту аясында
дуальды кәсіби білім беруді дамыту,
жұмысшы кадрларының зәрулігін еңсе-
ру үшін қолданбалы мамандықтардың
заманауи орталықтарын құру міндеттері
қойылды. Дуальды жүйенің негізі оқу
орны мен ӛндірісте қатар оқыту болып
табылады. Бұл кәсіптік-техникалық
білім берудегі басты проблема – оқу
орнындағы теория мен заманауи ӛндіріс
практикасы арасындағы алшақтықты
жоюға мүмкіндік береді. Дуальды
оқытуда теория мен практиканың ӛзара
байланысы принципі жүзеге асырыла-
ды, мұның ӛзі болашақ маманға
кәсіпорында жұмыс істеу кезінде
қажетті біліктілікке ие болуға кӛмекте-
седі. Мұндай оқыту ӛндірістің нақты
сұраныстарына барынша жақындатады
да жұмыс берушілер дайын мамандарға
ие болады. Бүгінгі таңда еңбек
нарығында жоғары білікті мамандар
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
56
31
тапшылығы орын алуда. Қалыптасқан
жағдайдың негізгі себепшісі білім беру
үрдісін ұйымдастыру, яғни, жас маман-
ның бойынан табылуға тиісті тәжіри-
белік дағды, білім мен тәжірибені талап
ететін нақты ӛндірістік жағдайлардан
теориялық білім берудің алшақтап кетуі
болып табылады. Қалыптасқан жағдай-
да теория мен практиканың арасында
алшақтықты жою мәселесімен жұмыс
берушіге күресуге тура келеді, себебі
білікті мамандармен қамтамасыз ету
бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.
Қазақстанның әлеуметті-экономи-
калық даму мақсатын жүзеге асыруда
кәсіптік білім беретін оқу орындарында
бәсекелестікке қабілеті бар болашақ
мамандарға әртүрлі ӛндірістік салаларға
даярлау деңгейі білім беру жағдайлары-
мен анықталады. Қазіргі таңда жан-
жақты маман даярлау олардың әлеумет-
тік, кәсіптік, ӛздік жұмыс жасай алу
қабілеттерін дамытумен белгіленеді.
Себебі, әлеуметтік сала экономикасын
дамыту осы болашақ мамандардан
тӛмендегідей шарттардың орындалуын
талап етеді.
- жүйелі ойлауды;
- құқықтық ақпараттық мәдениетті;
- кәсіпкерлік мәдениетті;
- ӛзін-ӛзі тануды;
- басқаларға ұсынуды;
- ӛз қызметін білімді талдауды;
- жаңа білімді;
- жаңа технологияларды меңгеруді;
- кейбір ӛндірістік жағдайларда ӛз
бетімен дұрыс шешім қабылдауды;
- бәсекелестікті және ӛмір талап-
тарына сай қызмет етуді;
- әр іске жауапкершілікпен қарауды;
- нәтижеге бағытталған істерді
жасауды.
Білім ордасында білім алушылар
арнайы пәннің ӛздеріне керек және
маңызды екенін сезінуі керек. Маман-
дықтар бойынша арнайы пәндер арқылы
білім беру мемлекеттік білім стандарт-
тары негізінде құрылған типтік жұмыс-
тар бағдарламалары, оның негізінде
дайындалған оқу, жұмыс бағдарламала
ры, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар,
оқу-әдістемелік кешендер, электрондық
оқулықтар, жаңа ақпараттық-техноло-
гиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан
ойлау, рефлексия әдістері қолданылып
келеді. Мұның барлығы маман моделі-
нің нарықтық экономикада қажеттілігін
тұрғызуға
бағытталуы
негізделеді.
Себебі, соңғы кезде білім саласында
біліктілік
моделінің
құзыреттілік
моделіне ауытқуы кӛп қарастырылып
келеді, яғни жұмыс берушіні кӛбіне
біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеумет-
тік сала жағынан құзыретті мамандар
қызықтырады.
Бірақ,
біліктілікке
қосымша құзыреттілік бірге жүрген
жағдайда маман моделі жүйелі әрі
сапалы болады.
Қорыта айтқанда, кәсіби даярлық-
та әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім
мазмұны мен әдістемелік жүйесі негі-
зінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби
деңгейін, нәтижеге бағытталған сауат-
тылық шешімін табу керек. Ӛйткені,
кәсіби даярлықта педагогке қажетті
кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды
меңгерген оқытушы, жас маманды
оқытуда, білім алу нәтижесіндегі
құзыреттіліктерді
сапалы
меңгерте
алатыны сӛзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
А.С.Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993 г.
2.
Қ.Шағыр. Әрбір ұстазға берері мол //Тәрбие құралы. 2005 ж. -№5 55-56 бб.
3.
Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру
жағдайында дамыту: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005 ж.
4.
Қ.Ж.Бұзаубақова. «Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру». Алматы.
«Жазушы» баспасы, 2006 ж.
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
57
30
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУДЕ АБАЙДЫҢ ҚАРА
СӚЗДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Ж.Ахметова
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-
жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы
Абай Құнанбаевтың гуманистік
кӛзқарастары терең білінген еңбегі –
қара сӛздері. Ол – ұлы ақынның
философиядағы даналық дүниетанымын
даралап кӛрсететін шығармасы. Жалпы
саны қырық бес бӛлек шығармадан
тұратын Абайдың қара сӛздері тақы-
рыбы жағынан бір бағытта жазылмаған,
олар – әр алуан.
Шығармадағы гуманистік, ағарту-
шылық, әлеуметтік ойлары дін туралы
пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ
халқының философиялық концепция-
сын құрайды.
Абайдың қара сӛздері жалпы
адамзат баласына ортақ асыл сӛзге
айналды. Ол орыс, қытай, француз, т.б.
кӛптеген әлем тілдеріне аударылды.
Жүрегі халыққа деген сүйіспенші-
лікке толы ақын ӛмір бойы оның
жүрегіне жол іздеді. Ру-ру болып
қырқысудан бас тартуды, басқа халық-
тарды бауырындай кӛруге, олардан
пайдалыны және жақсыны үйренуге
шақырды.
Қазіргі кезде тӛніп тұрған қауіптің
бәрі – бұл салдар ғана, ал оның
себептерін Абай ӛз еңбегінде жазған
болатын. Ол адамдардың қорқақтығы
мен жігерсіздігін, жалқаулығы мен
ысырапшылдығын, ӛтірікке бой алды-
руы мен әдепсіздігін ашына, жаны
ышқынып зерттейді. Осындай жаман
қылықтардың бекіп, ӛсіп-ӛнуі қайғы-
қасірет пен бүліншілік әкелетінін
ескертеді.
Ӛзінің «Тӛртінші сӛзінде» уайым-
қайғының ішіне кіріп алып, қамалып
қалмау керектігін айтады. «Адамның
жаман қылығына рахаттанып күлме, ыза
болғаныңнан күл, әрбір жақсы адамның
жақсылық тапқанына рахаттанып күл-
сең, оның жақсылықты жақсылығынан
тапқандығын ғибрат кӛріп, күл», - деп
жақсылардың жақсылығын үйренуге,
жаманнан жиренуге шақырады.
Абай адамның биік мұратына,
оның әлемнің заңдылықтарын танып-
білу мүмкіндігіне сенеді.
Ұлы тұлғаның «Жетінші сӛзінде»
ұшырасатын «жанның тамағы» деген
күрделі философиялық ұғым бар. Оны
Абай біздің санамыздан тыс ӛмір
сүретін объективті дүниенің санада
сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын
ғылым, білімнің жинақталған қоры
ретінде қарайды. Осы себептен де,
Абай: «... құмарланып, жиған қазына-
мызды кӛбейтсек керек, бұл жанның
тамағы еді», - деп түсінік беріп отыр.
Ұстаз ақынның бұл «Жетінші
сӛзінде» кӛздеген мақсаты адамның
бойыңда туа пайда болатын жан құмары
арқылы ӛз ұрпағының санасына тек
қана жанның пайдалы «тамағын»
сіңдіру еді.
Абайдың пікірінше, ішкі рухани
казынамыздың молығуы тікелей ӛзіміз-
дің қолымыздағы іс. Осы пікір оның
«Он тоғызыншы сӛзінде» де қайтала-
нады. Абайдың дүниетанымы бойынша
сананың, ақылдың пайда болуы күнде-
лікті ӛмір тәжірибесінің нәтижесінен
ғана туындайтын табиғи құбылыс.
Сондықтан да «Он тоғызыншы сӛзін-
де»: «Адам ата-анадан туғанда есті
болмайды: естіп, кӛріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды
таниды-дағы, сондайдан білгені, кӛргені
кӛп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сӛздерін ескеріп
жүрген кісі ӛзі де есті болады... Сол
естілерден есітіп білген жақсы нәрсе-
лерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса,
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
58
30
соңда іске жарайды, сонда адам десе
болады», - деп ойын одан ары дамыта-
тынын кӛруге болады.
Сондай-ақ, қулық қылмай, тілен-
бей, ӛз қайратыңа сүйеніп, еңбек етсең,
қара жердің де беретінін, құр тастамай-
тынын айтып, адал еңбекке шақырады.
Он
тӛртінші
сӛзінде:
«Тірі
адамның жүректен аяулы жері бола
ма?», - дей келе, рақымдылық, мейір-
бандылық, әртүрлі істе адам баласын
«ӛз бауырым» деп сезіне ойлағандай,
оларға да болса игі еді демек, бұлар –
жүрек ісі екеніне тоқталады. Осылайша,
руханилықтың жайын айта келе, адам
болмысының мәнін ашады. Тіл жүрек-
тің айтқанына кӛнсе, жалған шықпайды,
Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қала-
ды - деп, жүректің дегенімен жүруді
қолдайды. Осы сӛзінде «...құдайға
терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен
сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі,
үнемі жаманшылыққа, мақтанға салы-
нып, ӛз бойын ӛзі бір тексермей кеткен
кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба ӛзі?»
деп сын айтады. Яғни, адам ар-ұятына
қайшы келетін істерден аулақ болып,
жаманшылық жасау мен мақтаншылық-
қа салынбай, әрдайым ӛзін бақылауда
ұстау керектігін меңзейді.
Он бесінші сӛзінде, күнінде бір
мәрте, болмаса жұмасында бір, ең бол-
маса айында бір, ӛзіңнен ӛзің есеп алу
керектігін айтады. Сол алдыңғы есеп
алғаннан бергі ӛмірді қалай ӛткіздің
екен, не білімге, не ақыретке, не
дүниеге жарамды, күніңді ӛзің ӛкін-
бестей қылықпен ӛткіздің бе, әлде қалай
ӛткізгеніңді ӛзің де білмей қалдың ба –
соны саралап тұруға шақырады.
Қырық бесінші сӛзінде: «Адамшы-
лықтың алды – махаббат сезімі» делін-
ген. Және «махаббат сезім кімде кӛбірек
болса, ол кісі – ғалым» деп, жүрегінде
махаббат сезімі кӛп адамды жоғары
бағалайды. Әрине, махаббат біздің
болмысымыз, табиғатымыз емес пе?
«Біз жанымыздан ғылым шығара
алмаймыз, жаралып, жасалып қойған
нәрселерді сезбекпіз, кӛзбен кӛріп,
ақылмен біліп», - деп, ӛзінің идеалистік
кӛзқарасын білдіреді.
Абай қара сӛздерінде заманның
ащы шындығын айқындай отырып,
оның
болашақта
қайда
апарып
соқтыратынын ескерткендей және ол
тығырықтан шығудың жолы қоғамдағы
қарым-қатынастарды
ізгілендіруде,
рухани-адамгершілік білім беру арқылы
адамдар бойындағы жалпыадамзаттық
құндылықтарды дамытуда екендігін
меңзегендей.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Абай. Қара сӛз. Алматы, 2009 ж.
2.
Р.А.Мукажанова,
Г.А.Омарова.
Методика
преподавания
дисциплины
«Самопознание» в школе - Алматы, 2013 г.
3.
Р.А.Мукажанова, Г.А.Омарова. «Самопознание» и другие учебные предметы:
возможности интеграции содержания и методов - Алматы, 2013 г.
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
59
30
ТҦЛҒА ҚАСИЕТТЕРІ, ДАМУЫ ЖӘНЕ МАМАНДЫҚ
А.Нурекешова
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, Инновациялық технологиялар және ғылыми-
жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Жалпы білім беретін орта мектеп-
тердің алдында тұрған маңызды міндет-
тердің бірі – мектеп оқушыларының
білім аясын тереңдету арқылы кәсіби
шеберлікке баулу болып табылады. Ал,
қай дәуірде болмасын, адамзаттың
басты міндеттерінің бірі – ақылды да
саналы, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу
екені мәлім. Адамның жан-жақты және
үйлесімді дамуында еңбек шешуші
факторлардың бірі екені белгілі. Қазақ
халқы ертеден еңбекті асыл-мұрат
тұтып жас ұрпақты халқымыз жалпы
еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып он
саусағынан ӛнер тамған жан-жақты
кәсіп иесі болуды кӛздеген. Сондай-ақ,
әрбір ӛнердің ӛзінің тұрмыстық шаруа-
шылық ерекшеліктеріне байланысты
ӛсіп ӛркендеп отырды.
Атап айтқанда, кілем, алаша,
басқұр тоқу, текемет, киіз басу, сырмақ
сыру, ертұрман даярлау, күбі, келі-
келсап, сандық, кебеже, жүкаяқ, бесік
даярлау және зергерлік бұйымдарды
даярлауда қолӛнер шеберлерінің ӛзіндік
қолтаңбалары болды. Аталған кәсіпші-
лік түрлеріне жастарды үйретуде қол-
ӛнер шеберлері ӛздерінің үлгі ӛнегесін
жалғастырып отырды. Жалпы кәсіпші-
лікке бейімделу мен икемделуде үй іші,
отбасының қарым-қатынас әсері, ата-
аналарының үлгі жолдары мол болған.
Бұл айтылған мамандықтың барлығына
бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер мен
қолӛнер шеберлері және мектептерде
ӛтілетін технология пәні аясында бағыт-
бағдар беріліп келеді. Бүгінгі таңда,
мектеп оқушыларының кейбір кездерде
мамандық таңдауда туындайтын түсін-
беушіліктерінен пәнге деген кӛзқарас-
тары тӛмен болып жататыны байқала-
ды. Керісінше, мектептерде оқытыла-
тын пәндер ішіндегі «Технология» пәні-
нің рӛлі ерекше екенін түсіне бермей-
міз.
Демек, жастардың бойында еңбек-
сүйгіштік және еңбекке икемділікке
қалыптастыруда кәсіпке бейімдеу ықпа-
лының зор екені мәлім. Осындай талап-
тілектердің ӛмірлік қажеттілігі ескері-
ліп, қазақ халқының тұңғыш ағарту-
шысы Ыбырай Алтынсарин ұйымдас-
тырған мектептердің оқу пәндері
аясында жастарды қолӛнер шеберлігіне
баулу жоспарланып, кейін келе, ӛндіріс-
тік білім негіздері мен байланысты-
рылып еңбекке баулу пәнінің оқу
бағдарлама мазмұнында кӛрсетілді.
Ал, бүгінгі жаңарған Қазақстан
ӛзінің экономикасының қарқынды даму
сатысында әлемдік стандартқа сай
ӛнімдер шығаруда барлық ӛндіріс
орындары әлемдік жаңа технологиялар
мен
жабдықталып
толықтырылуда.
Аталған заманауи ӛндіріс орындарының
білікті мамандарын даярлау ісі – әрине
арнаулы кәсіптік білім алуға бағыттай-
тын орта оқу орындары мен жоғары оқу
орындарында даярланады.
«Мамандық» дегеніміз – еңбекке
жарамды қоғам мүшелерінің іс-әрекеті
мен кәсіби санасын біріктіретін әлеу-
меттік еңбегін ұйымдастырудың түрі.
«Мамандық» – адамның дамуы мен ӛмір
сүруіне керек күші мен ой еңбегін
бӛлудін қоғамға қажет және құнды
жолы.
Е.А.Климов
пайымдауынша
«Мамандық» тұлғаның ӛз мүмкіндік-
терін кӛрсете алатын және дамуда
болатын жүйе. «Мамандық» – кәсіби
міндеттер мен жұмыс түрлерін, тұлға-
ның кәсіби ерекшеліктерін кӛрсететін
және қажеттілігін қанағаттандыратын
жүйе. Кәсіби бағытталған іс-әрекет
дегеніміз – қимыл мен нақты қимыл
(операция), іс-әрекет сапасы (метакәсіби
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
60
30
сапасы), үрдіс пен нәтижені қадағалау.
Талдай отырып, жүргізуші іс-әрекеттің
тиімді іс-әрекетке айналуын, метабағыт-
тағы психологиялық ахуал мен жаңа
дағдыны қалыптастыруға негізделген.
Жүргізуші іс-әрекеттің негізгі ерекше-
лігі: негізгі психологиялық ӛзгерістің
пайда болуымен, оның ішінде психоло-
гиялық ахуалдың пайда болуы, ӛзгеруі,
ауысуы болуында. Белгілі жағдайда іс-
әрекет негізгі ортасы болуы және
мақсатты орындайтын іс-әрекет болуы.
Оқу-танымдық үрдістің кәсіби үрдіске
айналуында уәж бен іс-әрекет байла-
нысты, бірі ӛзгерсе екіншісі де ӛзгереді.
Үйреншікті ісі мен арнайы жасалатын
әрекет жалпыланып, жинақталып жаңа
құрылым – кұзыреттілікке айналады.
Құзыреттілік кіріктірілген құрылым
бола тұра, ББД (білім, білік, дағды) мен
қоса іс-әрекеттік қабілеті мен бағалы-
уәждік компоненттерін жинақтап, жаңа
іс-әрекетке сәйкес қызмет түрін құрай-
ды. Жаңа кәсіби жағдайға арналған
және қажеттілігі мен эмоционалды
сферасын қамтиды. Танымдық іс-
әрекеттің кәсіби іс-әрекетке айналуы,
жаңа мақсатқа жауап беретін жаңа
дағдыларды қалыптастырады. Психо-
логтар зерттеулері бойынша кәсіби даму
мен қатар регрес, дезадаптация, кризис
пен бұзылулар тіпті деградациялар
мүмкіндігін айтады.
Тұлға қасиетін бағалаудың негізі
ретінде
З.Фрейд
психосексуалды
дамуын, Э.Эриксон жалпы психология-
лық дамуын, Д.Б.Эльконин жүргізуші
іс-әрекетті, тұлғаны әлеуметтендіруді
қарастырған.
Тұлға қасиеттері ретінде психо-
логтар тұлға бойында мына қасиеттерді
анықтаған:
-
шыдамдылық;
-
адалдық;
-
ӛзін-ӛзі қадағалау;
-
тақуалық;
-
жігерлілік;
-
білуге құмарлық;
-
ішкі түйсік (интуиция);
-
аналитикалық ақыл;
-
кертартпалық немесе жұмысқа
бейімділік;
-
экономикалық тиімділікті сезі-
ну түйсігі;
-
басшылыққа ұмтылу, кӛшбас-
шылық;
-
тіл табысқыштық;
-
қол еңбегіне ептілік;
-
ӛзін-ӛзі ұстай білу мәдениет-
тілігі;
-
зейінділік;
-
елестете білу;
-
күш және тӛзімділік;
-
шыншылдық;
-
адамды жақсы кӛру, махаббат
сезіміне сүйіспеншілік;
-
денсаулыққа ұқыптылық;
-
бастамашыл;
-
сӛз бастай білу қабілеттілігі,
шешендік;
-
ұқыптылық.
Шет елдегі зерттеулер бойынша
кәсіпке, мамандыққа оқытуды осы
қасиеттерден бастау алған. Барлық
қасиет тұлға бойында болғанмен, біреуі
басым жағдайда. Осы басым қасиетке
бағытталып,
мамандыққа
оқытылу
керек деген тұжырымдама етек алуда.
Осы тұста мұғалім мамандығына қандай
қасиет қажет деген сұрақ туындайды.
Кәсіби білім беруде, кәсіби дамуында,
педагогикада
синергетика
түсінігі
қалыптасты. Кәсіби даму жолдарын
зерттеуде тұлғаның жеке ӛзгерістері
мен ӛмір бойы оқуды қажет ететін
кәсіби білім жүйесін бір бӛлігі
синергетикалық
бастама
болуда.
Синергетикалық бағыт – адамның білім
алу мүмкіндігінің бастамасыз және аяғы
жоқ екендігін анықтайды. Осы құбылыс
оның
синергетикалық
мінездемесі.
Кәсіби танылу жолының траекториясы
да мүмкіндігінің ӛлшемі. Синергети-
калық бастама психологияда ашық
(ақпарат пен затпен), «түзу» емес
(түрлілігі мен қайталанбайтын), ӛзінен-
ӛзі дамуда болатын, ӛзі жинақталатын
жүйе ретінде қолданылады. Кәсіби даму
жолдарын зерттеуде тұлғаның жеке
ӛзгерістері мен ӛмір бойы оқуды қажет
Достарыңызбен бөлісу: |