1 Жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата12.01.2017
өлшемі2,98 Mb.
#1706
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
49 

         
29           
Зерттеушілік  білім  мен  икемді 
оқушылар  кезең-кезеңімен  меңгереді 
және  олардың  ӛз  бетінше  жұмыс  жасау 
дәрежелерінің  ӛсуімен  жүзеге  асыры-
лады.  Сабақ  барысында  түрлі  оқыту 
формаларын  қолдануға  болады:  жеке, 
жұптық,  топтық,  ұжымдық.  Соның 
ішінде  топтық  және  ұжымдық  форма-
лары  оқушының  түйінді  құзыреттілік-
терін  қалыптастыруға  тиімді  болып 
табылады.  Сабақтың  әр  типіне  сәйкес 
әдісі мен сабақ түрін қолдану арқылы да 
оқушының  құзыреттілігін  қалыптасты-
руға болады. 
 
Кіріспе 
қайталау 
Перцептивті 
Әңгіме-сабақ 
Жаңа тақырыпты 
түсіндіру. 
Гностикалық. 
Лекция-сабақ, 
зеттеу-сабақ, 
конференция-сабақ. 
Дамытушылық 
бекіту. 
Гностикалық. 
Оқуға деген қызығушылықты 
қалыптастыру әдіс-тәсілдері. 
Зерттеу-сабағы,  семинар-сабақ, 
іскерлік  ойын  сабағы,  интегра-
циялық  сабақ,  практикалық 
жұмыс, есептер шығару. 
Қорытынды – 
қайталау. 
Гностикалық. 
Оқуға деген қызығушылықты 
қалыптастыру әдіс-тәсілдері. 
Конференция-сабақ,  семинар-
сабақ,  кеңес  беру  сабағы,  ойын 
сабақ, зерттеу практикумы. 
Бақылау. 
Жазбаша бақылау әдістері. 
Бақылау жұмысы; 
Деңгейлік тест; 
Компьютерлік тест; 
Жоба қорғау. 
Түзету. 
Перцептивті. 
Әңгіме-сабақ, 
кеңес 
беру 
сабағы. 
 
Педагог оқушыны саналы түрде ӛз 
бетінше зерттеушілік іс-әрекетпен айна-
лысуы  жеке  шығармашылық  әлеуеттін 
ӛсуі,  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыру 
жолы  деп  тәрбиелегені  жӛн.  Жоба  – 
(«проект»  –  латын  тілінен  аударғанда 
алға  тасталған,  лақтырылған  деген 
мағына береді). 
-
 
ой, жоспар; 
-
 
белгілі  бір құжаттың алдын ала 
жасалған мәтіні;  
-
 
техникалық  құжат,  жасалған 
есеп, құрылыс немесе құрылғы нобайы
-
 
орталықтандырылған,  бір  мін-
детке  байланысты  іс-шаралар  болып 
табылады. 
Жобалар  қалай  және  қанша 
тҥрге бӛлінеді? 
-
 
іс-әрекет  сипатына  қарай  ғылы-
ми, техникалық, әдеби және әлеуметтік
-
 
іс-әрекеттің  басым  бағытына 
қарай  зерттеушілік,  рӛлдік-ойындық, 
шығармашылық, 
ақпараттық 
және 
қолданбалы; 
-
 
пәндік-мазмұндық  жағынан  бір 
пәндік немесе пәнаралық; 
-
 
байланыс  деңгейіне  қарай:  меке-
меішілік, аймақтық және халықаралық; 
-
 
қатысушылар 
санына 
қарай: 
жеке, жұптық және топтық
-
 
жүзеге  асыру  мерзіміне  қарай: 
қысқа  мерзімді,  орташа  және  ұзақ 
мерзімді. 
Жобаның маңызды қырлары: 
1.
 
Жобаның атауы. 
2.
 
Кіріспе (жағдайға талдау). 
3.
 
Міндеттер  қою  (проблеманы 
анықтау мен шешу жолдарын белгілеу). 
4.
 
Жобаның  мақсаттары  мен  мін-
деттері. 
5.
 
Жұмыс жоспары. 
6.
 
Бақылау,  жоба  нәтижелерін 
бағалау. 
7.
 
Болашағы, ӛміршеңдігі. 
8.
 
Бюджет. 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
50 

         
50           
Оқушы 
кӛзқарас 
тұрғысынан 
алғанда  жоба  дегеніміз?  Ӛз  мүмкіндік-
терін  пайдалану  арқылы  ӛз  бетінше 
зерттеу  жұмысын  іске  асыру  немесе 
нәтижеге  қол  жеткізуде  бар  күш-
жігерін, білімін пайдаланудағы қызмет. 
Жобаның түрлері: 
-
 
ӛнімділігіне  қарай  (оқу,  зерт-
теушілік); 
-
 
ұзақтылығына  қарай  (бір  сабақ 
кӛлемінде, бір жылдық); 
-
 
қорғаушы 
құрамына 
қарай 
(жеке, топтық). 
Зерттеушілік  ізденіс  білім  беру 
процесінде  оқушының  толық  функция-
сын  түбегейлі  ӛзгертеді.  Бұл  жағдай 
оқушыны  объект  ретінде  емес,  оқыту 
үрдісінің  субъекті  деп  қарастырады. 
Себебі,  міндеттерді  шешу  үшін  белгілі 
бір  үлгі  бойынша  жұмыс  жасау  жеткі-
ліксіз, жаңа білімді меңгеруге және қол-
дануға  ізденіс  қажет.  Зерттеушілік  қыз-
мет  –  бұл  топта  немесе  жеке  ӛздігінен 
қызықты  нәрселерді  жасау,  ӛзінің  мүм-
кіндіктеріңді аша білу, белгілі бір нәти-
жеге  қол  жеткізу.  Жобаны  дайындау-
дағы 
ұйымдастыру 
жұмыстарында 
оқушының  түйінді  құзыреттіліктері 
қалыптасады  және  бағытталған  іс-әре-
кеттердің  түрлері  қолданылады.  Мыса-
лы,  танымдық,  құндылыққа  бағытты-
лық,  эстетикалық,  коммуникативтілік 
және т.б. Мұғалім шығармашылық зерт-
теу жұмысына жетекшілікті жүзеге асы-
руда  топішілік  немесе  топаралық 
субъективтілік  қарым-қатынасты  орна-
туды  ұйымдастырады,  оқушылардың 
түйінді  құзыреттіліктерін  қалыптас-
тыруға  жағдай  жасайды.  Жұмыс  бары-
сында оқушының танымдық қызығушы-
лығы  артады,  ӛз  білімін  жүйелеуді 
үйренеді, сыни кӛзқарасы қалыптасады. 
Алдымен оқушылар белгілі бір құ-
былыс  туралы  ақпарат  жинайды.  Олар-
дың  іс-әрекеті  жан-жақтан  жиналған 
ақпаратты  ӛңдейді,  қорытындылайды. 
Сабақ  барысында  топтық  жұмыста  ӛті-
летін  тақырып  бойынша  жоба  ұйым-
дастыруға болады. Әдетте, сабақта жаңа 
тақырып  бойынша  проблемалық  мәсе-
лелер  туындайды  және  ол  оқушының 
пәнге  деген  қызығушылығын  оятады. 
Міне,  осы  проблемаларды  шешуде  оқу-
шылардың 
зерттеушілік 
ізденістері 
артады.  Мектеп  практикасында  «Қар-
дың  құрамында  металл  иондарын  зерт-
теу»,  «Біз  және  сағыз»,  «Ауыз  суының 
сапасы»,  «Йодтың  жетіспеушілігі  – 
салауатты  ұлттың  проблемасы»  сияқты 
тақырыптарда  жобаларды  дайындауды 
ұйымдастыруға болады. 
Жобаны  қорғау  түрлі  бағыттағы 
ғылыми-практикалық  конференциялар-
да  жүзеге  асырылады.  АКТ-ны  қолдану 
оқушыларға  мазмұнды  презентацияар-
ды  дайындауға  мүмкіндік  береді.  Оқу-
шылардың  ғылыми-зерттеушілік  іс-әре-
кеттерін  ұйымдастыру  арқылы  тӛмен-
дегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: 
-
 
ғылыми  кӛзқарасы,  ойлауы 
қалыптасады; 
-
 
танымдық белсенділігі дамиды; 
-
 
ӛз  жұмысына  сыни  кӛзқарасы 
қалыптасады; 
-
 
рефлексия жасауды үйренеді; 
-
 
ӛмірлік  мақсаттарын  жүзеге 
асыруға кӛмектеседі; 
-
 
бәсекелестік қалыптасады. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.
 
А.В.Хуторский.  Ключевые  компетенции  как  компонент  личностно-
ориентированной парадигмы образования. Народное образование. №2. 2003 г. 
2.
 
В.В.Гузеев. Поколения образовательных технологий. Химия в школе. №2. 2004 г. 
3.
 
А.В.Бычков. Метод проектов в современной школе. М., 2000 г. 
4.
 
Н.В.Белобородов. Социальные творческие проекты в школе. М.:Аркти, 2006 г. 
 
 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
51 

         
30           
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ 
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ДЕҢГЕЙЛІК КУРСТАРЫНДАҒЫ МҦҒАЛІМДЕРДІҢ 
АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІ 
 
 
Ә.Қожантова 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері 
 
 
Қазақстан Республикасының педа-
гог қызметкерлерінің біліктілігін артты-
рудың  3  (негізгі)  деңгейлік  бағдарла-
масы  сапалы,  табысты  оқуға  бағыттал-
ған,  мұғалімнің  ақпараттық  мәдениеті 
курс  аясында  ӛзекті  мәселенің  бірі 
болып  табылады.  Қазіргі  таңда  әлемнің 
ақпараттық  кеңістігінің  дамуына  ілесе 
алатын,  оның  ӛзгеруіне  ықпал  ететін 
мұғалім  жоқтың  қасы.  Әрине,  мектеп 
мұғалімі  қоғамда,  ақпараттық  әлемде 
болып  жатқан  ӛзгерістің  бастамасында 
болуы  қажет.  Себебі,  мектеп  оқушысы 
әлемнің  жиі  ӛзгеріске  ұшырайтын 
ақпараттық  кеңістігінің  талабын  мұға-
лімнің  алдына  қояды.  Сондықтанда 
болар,  деңгейлік  бағдарлама  курсына 
келген  мектеп  мұғалімдерінің,  ақпарат-
тық  мәдениетін  дамыту,  табысты  оқуға 
бағыттау  әр  тренердің  алдына  қойған 
ӛзекті міндеттерінің бірі. 
2012  жылдан  бері  алты  деңгейлік 
курс  ӛткізу  барысында  осы  бағыттағы 
іс-әрекеттегі  зерттеу  тренердің  кӛмекші 
құрал  ретінде  пайдаланып  жүрген 
«Тренерге  арналған  нұсқаулықтар»  мен 
«Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулықтар-
дағы»  ғалымдардың  еңбектері  негізге 
алынды.  Осы  құралдарда  ғалымдардың 
еңбектерінің 
астарында 
мұғалімнің 
ақпараттық  мәдениетінің  қалыптасуы 
жатыр,  ол  бірнеше  зерттеу  жүргізілген-
нен соң байқалды. 
Зерттеу  барысында  топ  ішіндегі 
мұғалімдердің  курсқа  қатысар  алдын-
дағы  ақпараттық  мәдениетінің  қандай 
деңгейде  екенін  және  де  олардың  курс 
барысында  ақпараттық  мәдениетіне 
ықпал  ететін  факторларды  анықтауға 
болады.  Карл  Роджерстың  «Мен» 
тұжырымдамасына 
сүйенсек, 
әр 
мұғалімнің  ақпараттық  мәдениетін  үш 
аспектісінің  тұрғысынан  қарауға  бола-
ды. Когнитивті аспектілері – мұғалімнің 
табиғатпен  берілген  есте  сактау,  зейін, 
ой-ӛрісі  қандай  екенін,  мұғалімнің 
танымы  оның  ақпаратты  іздеу,  оны 
ӛңдеу  қабілеті  қандай  деңгейде  екенін 
білеміз.  Әлеуметтік  әрекеттестікте  ӛзі-
нің,  ортада  ақпаратты  қалай  тарата 
алатындығы,  әріптестерден  гӛрі  ақпа-
раттың  тиімділігін  анықтай  алатын 
дағдылары  қаншалықты  қалыптасқаны, 
эмоционалдық  тұрғыдан  мұғалімнің 
ақпараттық  мәдениетінің  дамуына  қан-
шалықты  ынтасының  барын  зерттеуге 
болады. 
Мұғалімнің 
бойында 
мәдени 
біліктілікті, кәсіби-педагогикалық, тәжі-
рибелік  шеберлікті,  зерттеу  жүргізу 
дағдыларын,  рефлексивті,  креативті, 
сыни  тұрғыдан  ойлануды  дамыту 
ақпараттық  мәдениетінің  қалыптасуы-
ның  негізінде.  Әрине  мұғалімнің  ақпа-
раттық  мәдениетінің  деңгейін  анықтау, 
ол  курсты  жүргізгендегі  мұғалімдердің 
Теориялық  (сыни)  пен  Тәжірибелік 
(құзырлылығы) 
білімдерін 
зерттеу 
нәтижесі  болса,  оны  дамыту  жолдары 
Технологиялық,  Педагогикалық,  Маз-
мұндық  салаларының  біртұтастығын 
ескеру 
арқылы 
қарастыратындығы 
туралы  айтылады.  Пәндік  оқытуда  әр 
мұғалім  ӛзінің  ақпараттық  ортасын 
сауатты  түрде  құруға  дағдылануы 
қажет, оған «Оқу мен оқытудың түйінді 
тоғыз  қағидасын»  басшылыққа  алғаны-
мыз абзал. 
«Білімдердің 
педагогикалық 
аспектісінде»  мұғалімнің  ақпараттық 
мәдениетін  дамыту  үшін  әлемдегі 
ғалымдардың 
еңбектерін 
зерттеу 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
52 

         
30           
дағдылары  жатады.  Білім  берудегі 
мұғалімнің 
«Суреттеу, 
мысалдар, 
түсіндіру  және  кӛрсету  әдістерін» 
жоспарлауда  қосымша  әдебиеттерді, 
энциклопедияларды, 
анықтамаларды, 
баспа  кӛздерін  қолдануды,  оқушылар-
дың танымын арттыру үшін тиімді әдіс-
тәсілдерді  зерттеп  пайдалануды  айтуға 
болады. Осы жерде мұғалімнің ақпарат-
тық  мәдениетінің  жоғарғы  деңгейге 
қалыптасқаны  қажет,  әйтпесе  оқушыға 
күрделі  мәселелерді  ӛзі  шешетіндей 
жолын  табу  барлық  мұғалімдердің 
қолынан  келмейді.  Демек,  мұғалімнің 
неғұрлым 
шеберлігі 
жоғарыласа 
солғұрлым 
мұғалімнің 
ақпараттық 
мәдениеті дамиды. 
«Технологиялық  білімдер»  мұға-
лімнің ақпараттық мәдениетін дамытуға 
үлкен  үлесін  қосады.  Ақпарат  қазіргі 
таңда  ӛте  кӛп,  оларды  сараптау, 
оқушының  табысты  оқуына  бағыттау 
үшін мұғалімге кӛмекші құралдар керек
ол  әрине  ақпараттық  технологиялардың 
бірнеше 
түрі. 
Осы 
бӛлімде 
біз 
мұғалімнің  бойындағы  технологиялық 
білімдерін 
оқушының 
ақпараттық 
технологиялармен жұмыс жасау арқылы 
екі  жақтың  да  ақпараттық  мәдениетін 
дамыту 
жолдарын 
қарастырамыз. 
Технология  дамыған  заманда,  кейбір 
жағдайларда  ақпараттық  технологияны 
оқушылар  мұғалімдерден  артық  білуі 
мүмкін,  сол  техниканы  меңгерген 
оқушының  ӛздігінен  білімін  арттыруға 
бағыттау  үшін  мұғалімнің  ақпаратық 
кеңістікте  ӛзі  сапалы  жұмыс  жасауы 
керек. 
«Білімдердің 
технологиялық 
аспектісі»  бұл  жерде  мұғалімнің  ӛз 
пәнінде  қалай  ақпараттық  технология-
ларды қолдануға болатындығы қарасты-
рылады.  Пәнінің  сапалы  оқытуын 
қамтамасыз етуі, мұғалімнің ақпараттық 
мәдениетінің дамуына апарады. 
2006  жылы  Мишра  мен  Келердың 
Технологиялық,  Педагогикалық,  Маз-
мұндық  салаларды  біртұтас  ретінде 
қарастырғаны,  тӛмендегі  зерттеу  нәти-
жесіне  әкеледі  «егер  жаңа  технология 
оқуды  жақсарту  жағына  ӛзгертуге 
қабілетті  болуға  тиіс  болса,  онда  жос-
парлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін 
оқушылар 
қалай 
түсінетінін 
біле 
отырып,  осы  білімдердің  ықпалдасуын 
қамтуы керек. Оның үстіне, Мишра мен 
Келердің  пайымдауынша,  барлық  үш 
білім  саласы  арасында  ӛзара  байланыс-
ты  іске  асыруға  қабілетті  мұғалім 
жоғары  деңгейдегі  кәсіпқой  болып 
табылады.  Сонымен  қатар,  зерттеуші-
лердің  айтуынша,  осындай  мұғалімдер 
зертханада  жұмыс  істейтін  ғалымдар-
мен  немесе  жаңа  технологияларды 
пайдалану жӛнінде білімдері жеткіліксіз 
бағдарламашылар  мен  тәжірибелі  мұға-
лімдер сияқты технологиялық сарапшы-
лармен  салыстырғанда  ауқымды  кәсіби 
білімге ие болады». (МАН, 65 б.). 
Сонымен,  табысты  оқудағы  мұға-
лімнің  ақпараттық  мәдениеті  дегеніміз 
не?  Ол  мұғалімнің  ақпаратпен  сапалы 
оқуға бағытталған жұмысын жоспарлай, 
оны  нәтижелі  іске  асыра  алатын, 
мұғалімнің 
бойындағы 
мәдениетін 
айтамыз.  Мұндай  мәдениет  мұғалімнің 
бойында 
болуы 
үшін, 
мұғалім 
ақпаратты  алу,  бағалау,  сақтау,  ӛндіру, 
ұсыну,  қолдану  және  ол  ақпаратты 
Интернет  желісінде  бірлескен  жұмысқа 
қатысу  үшін  жібере  білу  дағдылары 
қалыптасқан  кезде  ғана  болады.  Әрине, 
мұғалімнің 
ақпараттық 
мәдениетін 
дамыту  үшін,  оның  бойындағы  қасиет-
терін ескеру абзал. Біріншіден, іскерлігі, 
ізденімпаздығы  –  ақпаратты  іздеу, 
сақтау дағдылары дамиды, ал шеберлігі, 
шығармашылығы  –  ақпаратты  тарату 
сапалы білім ортасын құруға әкеледі. 
Іс-әрекеттегі  зерттеу  мұғалімнің 
ақпараттық  мәдениетінің  үш  мәселесін 
қарастырады. 
Бірінші, 
Тренер 
Кембридж  тәсілінің  негізінде  деңгейлік 
бағдарламалар 
курсына 
қатысушы 
мұғалімнің  ақпараттық  мәдениетінің 
деңгейі  қандай?  Екінші,  табысты  оқуға 
бағытталған  мұғалімнің  ақпараттық 
мәдениеті  қандай  болмақ?  Үшінші, 
мұғалімнің 
ақпараттық 
мәдениетін 
дамыту үшін қандай жолдар тиімді? 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
53 

         
31           
Мақсаты: Қазақстан Республикасы 
педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 
арттыру  деңгейлік  курс  мұғалімдерінің 
ақпараттық  мәдениетін  дамыту  сапалы, 
тиімді, табысты оқуға бағыттау. 
Міндеттері:  Мұғалімнің  ақпарат-
тық  мәдениетінің  қандай  деңгейде  еке-
нін анықтауға бағытталған іс-әрекеттер: 
-
 
тренингтер  ӛткізу  барысында 
мұғалімдердің  постер  қорғаудағы,  ӛз 
жұмыстарын  бағалаудағы,  бір-бірімен 
әрекеттестік  жұмыстардағы  мұғалімнің 
ақпараттық 
мәдениетінің 
қандай 
деңгейде екенін бақылау; 
-
 
рефлексивті 
күнделіктерін 
толықтыруда, сауалнамалар, тренингтен 
тыс  уақытта  үй  жұмысын  орындауда 
мұғалімнің қосымша ақпаратпен жұмыс 
жасауы барысында бақылау; 
-
 
курсқа  дейінгі  мұғалімнің  таны-
мы,  есте  сақтау,  ойлау,  қиял  қабілеті, 
ой-ӛрісі қандай екенін анықтау
-
 
әлеуметтік әрекеттестіктегі мұға-
лімнің орнын белгілеу; 
-
 
курсқа 
келгендегі 
ӛзгеріске 
ынтасының деңгейі. 
Табысты 
оқуға 
бағытталған 
мұғалімнің ақпараттық мәдениеті: 
-
 
мұғалімнің  ақпараттық  мәдение-
тіне  курс  аясында  қарастырған  ғалым-
дардың  зерттеулері  әсер  ететіндігіне 
кӛзін жеткізу; 
-
 
мұғалімнің  ақпараттық  мәдение-
тін  қалыптастыруға  технологиялық, 
педагогикалық,  мазмұндық  салаларын-
дағы 
мәселелер 
табысты 
оқуға 
бағытталғанын  түсіну  үшін  жұмыс 
жасау; 
-
 
сапалы,  тиімді,  табысты  оқуды 
ұйымдастыру  үшін  мұғалімнің  ақпарат-
тық  мәдениетінің  жоғарғы  деңгейде 
болуы керек екенін мойындату. 
Мұғалімнің  ақпараттық  мәдение-
тін дамыту жолдары: 
-
 
күн  сайын  ӛткізілген  сессиялар-
дағы  тренер  талабының  нәтижесі  мұға-
лімнің  ақпараттық  мәдениетінің  ӛзге-
руіне  бағытталған.  постер  қорғаудағы, 
топаралық,  жұпта,  жеке  жұмыстарда 
мұғалімнің  сӛйлеу  шеберлігін,  сыни 
тұрғыдан  ойлануын,  ой-ӛрісі,  есте  сақ-
тау  қабілетін  дамыту,  ақпаратты  са-
уатты түрде таратуды үйрету; 
-
 
үй  тапсырмасын  бергенде  мұға-
лімдерге  ізденімпаздығын,  жаңашыл-
дыққа,  ӛз  жұмысын  тиімді  білім 
ортасын құруға бағытталатын жолдарды 
үйрету; 
-
 
құзырлы,  кеңейтілген,  күрделі 
тапсырмаларды  құрастыруда  мұғалім-
дердің зерттеушілігін арттыру; 
-
 
қосымша  ақпараттарды  іздеу: 
ғалымдардың  ӛзі  туралы,  олардың 
еңбектері,  зерттеулері  туралы  толығы-
рақ,  жаңа  әдіс-тәсілдерді  ұйымдастыру 
үшін  олар  туралы  зерттеу  жүргізу, 
жалпы  сессия  сайын  жаңа  негізгі 
ұғымдармен жұмыс жасауды үйрету; 
-
 
оқушыға  жұмыс  дәптер,  жаңа 
кӛрнекіліктер,  түрлі  оқу  үдерісінде 
дидактикалық  ойындардың  түрлерін 
жоспарлауда 
мұғалімнің 
іскерлігін 
арттыру; 
-
 
мұғалімнің  бағалау  портфолио-
сын  жасақтау  барысында:  рефлексивті 
есеп  пен  таныстырылымды  даярлауда 
мұғалімнің 
ақпараттық 
мәдениетін 
ӛзгерту. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.
 
«Бағдарлама», «Назарбаев Зияткерлік мектебі», ДББҰ, 2012 ж. 
2.
 
«Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық»,  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі»,  ДББҰ, 
2012 ж. 
3.
 
«Тренерге арналған нұсқаулық», «Назарбаев Зияткерлік мектебі», ДББҰ, 2012 ж. 
4.
 
А. Әлімов, «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері», 2013 ж. 
5.
 
Ғаламтордан:  http://www.docme.ru/doc/114794/golossarij-kaz.  http://lib2.skachate. 
com/ docs/index-826294. html. http://www.pedsovet.kz/. 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
54 

         
30           
ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ 
 
 
Р.Қасымханова 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, «Мұғалімнің кәсіби дамуын  
педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету»кафедрасының аға оқытушысы 
 
 
Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев 
ӛзінің 
дәстүрлі  Жолдауында  білім  саласына 
айрықша  басымдық  берді.  Дуальдық 
жүйе  –  маман  даярлауда  ӛндіріс,  білім 
алушының  және  мемлекеттің  мүдде-
лерін  біріктіруге  бағытталған  кәсіптік 
білім  берудің  түрі.  Бұл  ӛндіріс  орны 
үшін  экономикалық  жағынан  тиімді. 
Маманды  қайта  даярлауға,  жұмыс 
орнына  бейімдеуге  уақыт  кетпейді. 
Білім  алушы  жастар  үшін  ӛмірдегі  ӛз 
орнын  ерте  табуға  мүмкіндік  туады, 
жұмысқа ерте араласып, бейімделеді. 
Қазіргі  кезде,  әлемде  оқытудың 
дуальды  жүйесі  кәсіптік-техникалық 
кадрлар 
даярлаудың 
ең 
тиімді 
жолдарының  бірі.  Оның  ерекшелігі  сол 
кәсіптік  оқыту  үдерісінің  басым  бӛлігі 
оқу  орнында  емес,  кәсіпорындарда 
технологиялық, 
диплом 
алдындағы 
тәжірибелерден ӛтеді. 
Шаруашылықтың  қай  саласын  да 
ӛздері  таңдаған  мамандықтарын  кәсіби 
тұрғыдан  жан-жақты  игеріп,  озық 
технология  мен  заманауи  техника  тілін 
меңгергендер  ғана  дамыта  алады. 
Сондықтан, еліміздегі ӛндіріске қажетті 
мамандар  әзірлеу  деңгейін  кӛтеру 
міндетін  әлеуметтік  серіктестік,  теория 
мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. 
Бұл  үйлесімділік  дуальды  білім  беру 
жүйесінде жан-жақты ӛрістей алады. 
Дуальды 
жүйемен 
оқытудың 
жетістігі кӛп. 
Біріншіден,  бітіруші  түлектердің 
жұмысқа  орналасу  кӛрсеткіші  жоғары 
болады,  себебі  оқу  барысында  ӛндіріс-
пен  тығыз  байланыста  болған  оқушы 
жұмыс  берушінің  барлық  талаптарын 
игеріп,  меңгерген  жұмысшы  маман 
болады. 
Екіншіден,  жақсы  білімді,  бола-
шақ  жұмысшы  маман  психологиялық 
жағынан  жаңа  ортаға  бейімделген 
дайын маман болып шығады. Ӛндірісте 
ӛздігінен  шешім  қабылдай  алады. 
Теория  мен  тәжірибені  меңгеріп,  бекі-
тілген  жұмысқа  деген  жауапкершілік 
сезімі  жоғарылайды.  Ӛндірісте  болған-
дықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және 
ӛндірістегі жұмыстарға бейімделеді. 
Үшіншіден,  «Тәжірибеден  теория-
ға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы 
теориялық,  яғни  текстпен  айтудан  гӛрі, 
ӛндірістегі  жағдаяттарға  сәйкес  жұмыс 
жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін 
терминдер  мен  есептерді  тәжірибе 
жүзінде шешеді. 
Тӛртіншіден,  жұмыс  берушінің 
оқушыға  берген  бағасы  дайындалған 
маманның  біліктілігімен  байқалады. 
Алғашқы  күннен  бастап  ұзақ  уақыт 
ӛндірісте  жұмысшы  болған  оқушы, 
ӛзінің білім мен ынтасын кӛрсетеді. 
Бесінші, 
оқытушы 
тек 
қана 
теорияны  ғана  меңгермей,  ӛндірістегі 
соңғы  жаңалықтарды  біліп,  заманауи 
талаптарды меңгереді. 
Алтыншы, 
бюджеттік 
шығын 
азаяды,  себебі  оқуға  кеткен  шығынның 
біраз  бӛлігі  ӛндірісте  болғандықтан 
оқушы оны күнделікті кӛріп, игереді. 
Жоғарыда  аталған  мәселелердің 
барлығы  дуальды  оқыту  технологиясы 
енгізіліп,  жүзеге  асқан  кезде  қол 
жеткізетін нәтижелер. 
Бүгінде  отандық  білім  беру  мен 
бизнес  саласы  арасындағы  әріптестік 
байланыс  күшейіп  келеді.  Оған  ел 
экономикасының 
дамуына 
қажетті 
мамандықтар 
даярлаудың 
себепкер 
екенін  ескерсек,  бұл  арнадағы  жұмыс-
тар  ӛз  ретімен  орындалуда.  Бұл  бағыт-
тағы  жүйелі  жасалған  жұмыстар  екінші 
жағынан  аймақтық  бәсекені  арттырары 
сӛзсіз.  Дей  тұрғанмен,  жасыратыны 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет