1 Жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата12.01.2017
өлшемі2,98 Mb.
#1706
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
67 

         
30           
-
 
клубтар  (сурет,  қолӛнер)  ұйым-
дастыру.  бұйымдарды  сыйлық  түрінде 
сүйіспеншілікпен сыйлауға үйретеді; 
-
 
ақындар  бұрышы  ұйымдастыру 
арқылы  жалпыадамзаттық  құндылық-
тарды ӛлеңдер, шығарма түрінде кӛрсе-
туге үйретеді. 
Қайырымдылық  акциясы  мектеп 
аясында  ӛткізіледі  және  ұжым  мүшеле-
рінің  бір-біріне  игі  ықылас  білдіріп, 
ӛзара  рухани  және  материалдық  кӛмек 
кӛрсетуіне  бағытталады.  Ол  күнкӛрісі 
тӛмен,  кӛпбалалы  және  жағдайы  жоқ 
отбасылардан  шыққан  балаларға,  жетім 
балалар  мен  ата-анасының  қамқорлы-
ғынсыз  қалған  балаларға  тек  материал-
дық қана емес, рухани қолдау кӛрсетуді 
кӛздейді.  Сонымен  қатар,  оқушылар 
мен  мұғалімдер  ұжымының  біртұтас 
тілектестік,  сыйластық,  жанашырлық, 
қамқорлық  сезімдерін  оятып,  бір-біріне 
кӛмек  кӛрсету,  құрметтеу  белсенділігін 
арттырады. 
Қайырымдылық  акциялары  жүргі-
зілетіндігі  жӛнінде  ақпарат  алғашқы 
күндері  мектептің  сайтында  немесе 
стендтерде  хабарланады.  Сыныптарға 
үлестірме материалдар таратылады. 
Сынып  сағаттарында  сыйлықтар-
ды  кім  үшін  жинап  жатқанымыз  және 
акция  қалай  ӛткізілетіні  туралы  фильм-
дер  кӛрсетіледі.  Балалармен  қоса 
мұғалімдер  де  сыйлық  және  қаражат 
жинайды.  Сонан  соң,  жетім  балалар, 
қарттар  үйлеріне  немесе  ауруханаға 
таратылады. 
Ешқандай 
мәжбүрлеу, 
ешқандай  бәсекелестік  болмауы  керек. 
Акция  аяқталғаннан  кейін  міндетті 
түрде акцияға қатысқан қатысушыларға 
ризашылық  білдіріп,  қайырымдылық 
акциясы  жӛнінде  фильм  немесе  фото-
стенд кӛрсетіледі. 
Онда: 
Балалар  да,  ата-аналар  да,  мұға-
лімдер  де,  әкімшілік  те  тең  дәрежеде 
қатысатын  ортақ  істің  атмосферасы 
қалыптасады;  
Біздің  не  істеп  жатқанымыздың 
себебін,  барлық  қыр-сырын  түсіндіру 
(не үшін, неліктен, кімге т.б.) 
Қайырымдылық  акциясы  жӛнінде 
фильм  немесе  фотостенд  кӛрсетіп 
қорытындылау ӛте маңызды. 
Біріншіден,  мұндай  акцияны  бір 
рет  қана  жүргізудің  еш  маңызы  жоқ. 
Қайырымдылықпен  саналы  түрде  таң-
дау  жасап,  бір-ақ  рет  жомарт  және 
қайырымды  болу  мүмкін  еместігін 
терең  түсінгенде  ғана  айналысуға 
болады. 
Екішіден,  әр  акцияның  мәресі, 
яғни  қорытындысы  болуы  керек:  сый 
тарту  кезінен  бейне  және  фото  кӛрсе-
тілімдер,  балалар  үйінен  жауап  хаттар 
және т.б. Бұның маңызы ӛте зор. 
Спортпен  айналысу  командамен 
жұмыс  істеу.  Бірлік  және  ӛзара  кӛмек 
сияқты  қасиеттерді  дәріптеу  үшін 
жүргізіледі. 
Оқушылардың  ненің  жақсы,  ненің 
жаман  екенін  ӛздері  шешуі  үшін 
моральдық аспектілер қамтылатын ӛзек-
ті мәселелерді пікірсайыстың тақырыбы 
етіп алуға болады. 
Драмалық  үйірмеде  оқушылардың 
белгілі бір құндылықтар туралы кӛрініс-
тер  жазуларын,  рӛлдерге  бӛліп,  ойнап 
берулерін ұйымдастыруға болады. 
Сабақтан  тыс  іс-шараларда  мұға-
лімнің  жеке  басы  үлгісі  ӛте  маңызды. 
Олар  балалар  үшін  тәлімгер  және 
шабыт  кӛзіне  айналуы  керек,  сол 
сияқты кез келген жағдаятты құндылық-
тарды  енгізуге  ықпал  ететін  құрал 
ретінде  пайдалану  үшін  мейлінше 
шығармашыл және зерделі болуы керек. 
Мұғалімнің  әр  сӛзі  ісімен  дәлел-
деніп  жатса,  моральдық-адамгершілік 
тақырыбына айтылған кез келген әңгіме 
ӛз  жалғасын  тауып  жатса,  онда  айтыл-
ған  сӛз  балалардың  жадында  сақталып 
қалатыны  ақиқат.  Жалпыадамзаттық 
құндылықтар  негізіндегі  сабақтан  тыс 
іс-шаралар 
жобасын 
үлгі 
ретінде 
ұсынамын. 
Жауапкершілік туралы пікірсайыс. 
Мақсаты:  оқушыларға  адамгерші-
лік  құндылықтар  негізінде  жауапкерші-
лік туралы түсініктерін дамыту. 
Жауапкершілік туралы аңыз. 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
68 

         
31           
Шәкірті мен ұстазы жолға шығып-
ты.  Қонуға  бір  ауыл  шетіне  келеді. 
Түнде  түйені  қарауға  шәкіртіне  тапсы-
рады. Ал, шәкіртінің сәлден соң ұйқысы 
келеді.  Ол  Алладан  «Біздің  түйемізге 
кӛз  кырыңды  сала  салыңыз»,-  деп  ӛті-
неді  де,  ұйқыға  кетеді.  Таңертең  тұрса, 
түйесі жоқ. Ұстаз шәкіртінен «Түйе қай-
да?»,  -  деп,  мән-жайды  сұрайды.  «Мен 
Алладан  түйені  аман  қалдыр»,  -  деп 
тілек еттім. Ӛйткені, ӛзіңіз Аллаға сену-
ге  үйреткен  едіңіз»,  -  деп  шәкірті  ұста-
зына жауап береді. 
Топтық жұмыс. 
Бұл аңызда шәкіртіне ұстаз не деп 
жауап  береді?  Сіздер,  қалай  ойлайсыз-
дар? 
Бұл  сауалға  жауап  беру  үшін 
сіздер,  топтарға  бӛлініп  ӛз  ойларыңыз-
ды 5 минуттан кейін баяндайсыздар. 
Пікір алмасу. 
Аңыздың нақты жалғасы: 
«Бұның  дүрыс  қой.  Аллаға  сенге-
німіз  жӛн.  Бірақ  түйені  қарау  саған 
жүктелді  емес  пе,  Аллаға  сеніп  жалқау 
болу  оңай.  Аллаға  сенбей  орындаушы 
болу  да  оңай.  Ең  ауыры,  Аллаға  сеніп 
орындаушы болу»,  - деп Ұстаз шәкірті-
не жауап беріпті. 
Пікірсайыс барысында қарастыры-
латын сұрақтар: 
1.
 
Адамның 
жауапкершіліксіз 
болу себебі неде? 
2.
 
Жауапкершіліксіздік  адам  ара-
сындағы қатынастарға қалай әсер етеді? 
3.
 
Сізге біреу жауапкершіліксіздік 
танытса сіз қалай сезінесіз? 
4.
 
Қандай әлеуметтік орта адамды 
жауапкершіліксіздікке итермелейді? 
5.
 
Жауапкершілік  адамның  жан 
дүниесіне қалай әсер етеді? 
6.
 
Үнемі жауапты болу қиын ба? 
7.
 
Неге 
адамдардың 
барлығы 
жауапты болуы керек деп ойлайсыз? 
8.
 
Жауапкершілігі  бар  адам  – 
адамгершілігі мол, рухани бай адам деп 
айтуға бола ма? Неге? 
9.
 
Жауапкершілік  «Біреудің  ал-
дында  парызым  бар»  не  болмаса  «Мен 
біреулерге  жауапты  болдым»  деген 
мағынаны  білдіре  ме?  Қайсысы  дұрыс 
деп ойлайсыз. 
10.
 
Барлығына  жауапты  болу  де-
ген ӛте ауыр жүк емес пе? Қалай ойлай-
сыз. 
Ортақ қорытынды. Жауапкершілік 
адам  бойындағы  жоғары  қасиеттердін 
бірі.  Жауапкершілік  қоғамға,  қоршаған 
адамдарға, 
әлемге, 
істеген 
ісіне, 
табиғатқа  және  ӛз-ӛзіне  жауапты 
екенінді  білдіреді.  Мен  барлығына 
жауапты  болсам,  осы  жауапкершілікті 
менімен  бӛлісетін  барлық  адамдар 
екендігін білемін. Ал, бірлесе арқалаған 
жүк  оңай  екенін  халқымыз  бекер 
айтпаса  керек.  Сондықтан,  жауапкер-
шілік  бәріміз  бір  тұтас  екенімізді 
ұмытпауға кӛмектеседі. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Р.А.Мукажанова,  Г.А.Омарова.  Мектепте  «Ӛзін-ӛзі  тану»  пәнін  оқыту  әдістемесі. 
Мұғалімдерге  арналаған  оқу-әдістемелік  құрал  /қазақ  тіліне  аударған 
З.К.Шалғынбаева /- Алматы. «Бӛбек» ҰҒПББСО, 2013 ж. 
2.
 
«Ӛзін-ӛзі  тану:  Махаббат  пен  шығармашылық  педагогикасы».  Халықаралық 
педагогикалық  оқулар  материалдары.  (31  қазан  -  1қараша,  2012  ж.)  Алматы,               
2012 ж. 
3.
 
«Ӛзіндік  таным»  журналы.  «Самопознание  KZ»  Республикалық  ғылыми-
әдістемелік журнал. 
4.
 
С.М.Муралимова.  «Ӛзін-ӛзі  тану»  бағдарламасының  рухани-адамгершілік  тәрбие 
жүйесіндегі маңыздылығы. 
 
 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
69 

         
30           
ЖЕКЕ ТҦЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР 
 
 
Г.Прмагамбетова 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, «Инновациялық дамуды әдістемелік  
қамтамасыз ету» бӛлімінің бас маманы 
 
 
Қазіргі  таңда  әлеуметтік  және 
психологиялық  ғылым  аймақтарының 
негізгі  зерттеу  мәселелерінің  бірі  – 
тұлғаның 
әлеуметтік-психологиялық 
ерекшеліктері.  Профессор  Е.С.Кузмин-
нің  тұжырымдамасына  сүйенсек,  адам-
ның  енуі,  тұлғаның  әлеуметтік-психо-
логиялық  ерекшеліктерінің  қалыпта-
суындағы,  дамуындағы,  негізгі  бастау 
кӛзі болып келеді. 
Адам  жаратылысы  ӛзге  жараты-
лыстардан  ерекше,  дара,  жоғары  деген-
мен  адамдар  қауымдасқан  ортада  шоқ-
тығы биік, тұғыры жоғары тұлғалардың, 
қазақы  тілмен  айтқанда  сақаның  бола-
тыны анық. Ата-баба жүріп ӛткен жолы-
мызға  кӛз  салатын  болсақ  та  осы  бір 
ақтаңдақ  ізді  кӛреміз.  Мәселен,  елді 
билеген  кӛсем,  сӛзді  билеген  шешен, 
әділдікті  шешкен  би  мен  қазылар 
дегеннің барлығы біз сӛз еткелі отырған 
тұлғалардың  тұрпаты.  Қазақта  мұндай 
елге  үлгі,  кӛпке  ӛнеге  адамдарды  бір 
ауыз  сӛзбен  жақсылар  мен  жайсаңдар 
дейді. Бұл біз айтқалы отырған ғылыми 
тілдегі  тұлға.  Ғалымдардың  пайымдау-
ларына  сүйенсек,  адамдардың  әлеумет-
тік-психологиялық 
мінездемелеріне 
байланысты  тұлғаның  ең  негізгі  құры-
лымдық компоненттері ретінде мыналар 
есептелінеді:  сана,  мінез,  қабілет, 
интеллект, темперамент, тәжірибе, ӛзін-
ӛзі  бақылау.  Бұл,  тұлғаның  бойынан 
табылатын  қасиеттер.  Ал,  бұрын  тұлға-
ны  сӛзге  тұруына,  мәрттігіне,  тектілігі-
не, шешен сӛйлеуіне және батырлығына 
қарап  анықтаған.  Кӛбіне  тұлға  тұқым-
қуалайды  деп  есептеген  аталарымыз 
«тек»  текке  жібермейді  деген  ұғым 
айналасынан шыға алмаған. Сондықтан, 
дінді  және  ел  билігін  белгілі  бір 
рулардың  ұрпағына  табыстап  отырған. 
Алайда,  бұл  тұлғаны  қолдан  күштеп 
жасауға  кӛптеп  саяды.  Мұның  дәлелін 
Ақ патша Үкіметі тұсында Ғ.Мұратбаев, 
Қ.Сәтбаев  секілді  тұлғалардың  қара-
пайым  отбасынан  шығып,  шоқжұлдыз-
дай жарқырауымен түсіндіруге болады. 
Ғылыми  тұрғы  да  осыны  дәлел-
дейді.  Болашақ  тұлғаның  әлеуметтенуі 
әсіресе  интенсивті  түрде  болашақ  және 
жасӛспірімділік  кезеңде  дамиды,  ал 
тұлға  дамуы  жалпы  егде  жасқа  дейін 
созылады.  Қоғам  дамуы  тұлғаның 
индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал 
жалпы  әлеуметтенуге  әр  әлеуметтенуші 
ӛз  үлесін  қосады.  Тейяр  бойынша, 
адамзаттың  болашағының  тарихының 
маңыздылығын  казіргі  қоғам  дамуына 
тәуелді  болып  табылады.  Тұлғаның 
әлеуметтенуі  индивидуалды  дәрежеде 
бірнеше үрдістен тұрады: 
1.
 
Адамдардың 
тұлғалықтары 
ӛзара  әсерлесу  арқылы  қалыптасады. 
Бірақ  олардың  ӛзара  әсерлесу  мінез-
демесі  жас,  интеллектуалды  дәреже, 
жыныс тағы сол сияқты факторларға ӛз 
әсерін тигізді. 
2.
 
Қоршаған  орта  да  баланың 
тұлға болып дамуына септігін тигізеді. 
3.
 
Тұлғалық жеке бас индивидуал-
ды тәжірибе арқылы қалыптасады. 
4.
 
Тұлғаның 
құрылуына 
әсер 
ететін аспект болып мәдениет саналады. 
Негізгі  әлеуметтену  феноминдеріне 
мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі 
әлеуметтік  нормаларды  игеру,  дәстүр  – 
қызығушылықтарды,  құндылықтарды, 
бағыттарды  т.с.с.  игеру  жатқызылады. 
Ал,  әлеуметтенудің  негізгі  институтта-
ры  ретінде:  жанұя,  мектептік  мекеме-
лер,  формалды  емес  ұйымдар,  жоғарғы 
оқу  орындары,  еңбек  ұжымдары  т.с.с. 
есептелінеді. 
Тұлғаның 
әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктерінің қалып-
тасуында  әсер  ететін  қарым-қатынас, 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
70 

         
30           
таным,  еңбек  деп  қарастырылатындық-
тан әлеуметтену тұлға  дамуының үрдісі 
ретіндегі  үш  негізгі  аймақтың  ортақ 
мінездемесі  болып  индивидтің  сыртқы 
ортамен  әлеуметтік  байланысын  кеңей-
ту  болып  табылады.  А.Н.Леонтьевтің 
пайымдауынша,  адам  әлеуметтенудің 
бүкіл  үрдісінде  кӛптеген  іс-әрекет 
түрлерімен  айналысады.  Мұнда  үш 
негізгі  маңызды  үрдіс  ӛтіледі.  Бірінші-
ден,  бұл  әр  іс-әрекет  түрінде  болатын 
және  оның  түрлері  арасындағы  байла-
ныс  жүйесінде  бағдар  болады.  Ол  әр 
тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін 
анықтауы,  игеруі  болып  табылады. 
Осындай  бағдардың  жемісі  ретінде  іс-
әрекетті  тұлғалық  таңдау  деп  атауға 
болады.  Оның  негізінде  екінші  үрдіс 
туындайды,  яғни,  негізгі  таңдалған  іс-
әрекет  тӛңірегінде  орталықтану  және 
басқаларды оған бағынышты ету. Үшін-
шіден,  іс-әрекетті  жүзеге  асыру  бары-
сында тұлға жаңа рӛлдерді игеріп, олар-
дың мәнділігін игереді. Осындай жаңар-
тулардың  кысқаша  мәнін  іс-әрекет 
жүйесіндегі  дамушы  индуктивті  кӛрсе-
туде оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі 
мүмкіндіктерінің  кеңею  үрдісі  айқын-
далады.  Осы  мәселе  тұрғысындағы 
зерттеулерде мақсатты білім алу үрдісін 
қарастыру  негізгі  сауалдарды  құрайды. 
Ӛкінішке  орай,  оның  әлеуметтік-психо-
логиялық  аспектісі  жағынан  зерттеу 
мәліметтері  аз.  Әлеуметтену  контекті-
сінде  қарастырылатын  екінші  аумағы 
қарым-қатынас  та  оның  іс-әрекетпен 
тығыз  байланыста  болғандықтан  әлеу-
меттенуді  кеңейту,  ұлғайту  жағынан 
қарастырады.  Қарым-қатынасты  кеңей-
ту ретінде адамның басқалармен байла-
нысқа  түсуін  ұлғайту  деп  түсіндіріледі, 
ал  осы  тереңдету  ретінде  монологтық 
қарым-қатынастан  диалогтікке  кӛшу, 
децентрация,  яғни  қарым-қатынас  жа-
саушыға  бағдарлана  алуы,  оны  нақты 
қабылдай  алу  мүмкіндігі  қарастырыла-
ды.  Әрине,  тұлғаның  ӛмір  сүру  бары-
сында  қарым-қатынас  ету  ерекшелігі 
оның  қоғамдағы  статусын,  жақында-
ғылары арасындағы орнын белгілейді. 
Біз  осылай  әрбір  балаға  тұлғаға 
тән  қасиет  ендіріп,  қалыптастыруымыз 
керек.  Себебі,  қоғамда  тұлғалық  ұста-
ным  қалыптаспайынша  мәдени  де, 
рухани  да  тіпті  әлеуметтік  тұрғыдан  да 
дами алмаймыз. 
Сондықтан,  субъектінің  іс-әреке- 
ті – жеке тұлғаның дамуы мен қалыпта-
суының  факторын  толық  зерттеуіміз 
керек.  «Жеке  тұлғаның  дамуының 
маңызды факторларын сӛз еткенде және 
бұл  процесте  тәрбиенің  орны  ерекше 
екенін  баса  айтқанда,  адамды  ортаның 
әсерімен  тәрбие  ықпалының  пассивті 
объектісі деп қарастыруға болмайды»,  - 
дейді ғалымдар. 
Кей  кездерде  педагогиканың  тәр-
бие  туралы  кейбір  еңбектерде  балаға 
сыртқы  педагогикалық  әсерлердің  әр 
түрлі  формалары  мен  әдістері  туралы 
айтылып,  осы  әсерлердің  арқасында 
пайда  болатын  баланың  ішкі  дүниесі 
ескерілмей  келетіні  туралы  мағына 
жатыр.  Жеке  тұлға  ӛзінің  калыптасу 
барысында  ӛзіндік  дамуының  объектісі 
ғана  емес,  сонымен  катар  субъектісі  де 
екенін  ескеру  керек.  Сана  мен  іс-
әрекеттің 
тұтастығы 
материалистік 
диалектика  мен  психологияның  ең 
маңызды  заңдылығы  болып  есептеліне-
ді.  К.Маркс  адам  жағдайдың  пассивті 
жемісі  емес,  ол  қоршаған  ортасын, 
жағдайларды  және  ізін  белсенді  түрде 
ӛзгерте  алады  деп  жазған  болатын. 
Демократиялық педагогиканың классик-
тері  де  (И.Г.Песталоцци,  Я.А.Комен-
ский,  К.Д.Ушинский,  Ы.Алтынсарин, 
т.б.)  жеке  тұлғаның  ӛзінің  белсенділі-
гіне,  оның  шығармашылық-қайта  құру 
іс-әрекетіне  үлкен  мән  берген.  Белсен-
ділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі 
болып табылады. Психологияда белсен-
ділікті  іс-әрекет  деп  атайды.  Жеке 
тұлғаның  белсенділігі  оның  қажеттілік-
терінен туады (материалдық және руха-
ни,  жеке  немесе  қоғамдық  қажеттілік-
тер).  Адамның  белсенділігінің  жануар-
лардан  айырмашылығы  оның  қажетті-
ліктері  сәби  жасынан  бастап-ақ  қоғам-
дық 
қажеттіліктермен 
реттелінеді. 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
71 

         
31           
Адамның  белсенділігі  (немесе  оның  іс-
әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат 
пен  міндеттерін  дұрыс  қоя  білуімен, 
оларды  орындау  құралдарын  дұрыс 
таңдай  алуымен  байланысты.  Белсенді-
ліктің  ӛзіне  және  жеке  тұлғаның 
қоршаған  орта  мен  тәрбиелік  (сыртқы) 
әсерлерге  қатысты  ішкі  ұстанымдарына 
байланысты  ол  әр  түрлі  бағыттарда 
қалыптасуы  мүмкін.  Егер,  оқушының 
осы  әсерлерге  деген  кӛзқарасы  теріс 
болса,  ол  тәрбиешісі  қалағанынан 
қайшы  бағытта  дамиды.  Мысалы, 
мұғалім  оқушылардың  білімін  тексеру 
кезінде  оқушының  бағасын  тӛмендетіп 
қойса  да,  оқушы  оған  ренжіп  қалады. 
Мұндай  жағдайда  мұғалімнің  үлгерімді 
жақсартуға 
шақырған 
әрбір 
сӛзі 
оқушыда  жасырын,  кейде  тіптен  ашық 
қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның 
педагогикалық  әсері  ішкі  ӛрісте,  яғни 
тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң 
әсерін  тигізбесе,  барлық  жағдайларда 
әрдайым  осылай  болып  отырады. 
Осының  нәтижесінде,  жеке  тұлғаның 
дамуы  мен  қалыптасуында  кӛрініс 
табатын  барлық  әсерлер  мен  ықпалдар 
екі  топқа  –  ішкі  және  сыртқы  болып 
бӛлінетін  болды.  Ортаның  әсері  мен 
тәрбие  жеке  тұлғаның  дамуының 
сыртқы  факторларына  жатады.  Табиғи 
әсерлер  –  бейімділік  пен  әуестік, 
сонымен  қатар,  адамның  сезімдері  мен 
күйзелістері,  оның  сыртқы  әсерлердің 
ықпалымен  пайда  болатын  сылтаулары 
мен  қажеттіліктері  –  барлығы  ішкі 
факторларға  жатады.  Жеке  тұлғаның 
дамуы мен қалыптасуы осы екі фактор-
дың  ӛзара  байланысының  нәтижесі 
болып табылады. 
Егер,  тәрбие  жеке  тұлғаның  ӛз 
ӛзімен  жұмысы  кезіндегі  белсенділігіне 
деген іштей ықпалына әсер ететін болса, 
онда  оның  жеке  тұлғаның  дамуында 
шешуші  рӛл  атқара  алатыны  түсінікті. 
Осы  бейімділік  пен  ӛсіп  келе  жатқан 
адамның  жеке  тұлға  ретінде  жетілуіне 
деген ӛзіндік ынтасы ғана түбінде оның 
дамығанын  анықтайды.  Осылайша,  бұл 
шын мәнісінде, ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі 
тәрбиелеу 
сипатына 
ие 
болады. 
Л.Н.Толстойдың 
адамның 
дамуын 
жемісті  ағаштың  ӛсуімен  салыстыруы 
тегін  емес.  Ӛйткені,  сӛздің  тура 
мағынасында  оны  ешкім  ӛсірмейді,  ол 
ӛздігінен 
ӛседі. 
Адам 
тек 
қана 
топырағын  қопсытады,  тыңайтқыштар 
себеді,  артық  бұтақтарын  кеседі,  яғни 
оның 
ӛзіндік 
дамуына 
мүмкіндік 
беретін  қажетті  сыртқы  жағдайларын 
жасайды,  ынталандырады.  Ал,  ӛзіндік 
даму  ӛзінің  ішкі  заңдары  бойынша 
жүреді. Жеке тұлғаның ӛзіндік дамуына 
қоршаған  орта  мен  тәрбие  секілді 
сыртқы  факторлар  әсер  етсе  де,  бұл 
факторлар оның ішкі  дүниесіне оң әсер 
еткенде  ғана  және  оның  ӛз-ӛзімен 
жұмысы  кезіндегі  ӛзіндік  белсенділігін 
ынталандырған  жағдайда  ғана  жеке 
тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. 
Осы  бір  аса  күрделі  процесс  тәрбиенің 
персонификациясы (лат. тіл. ауд. - жеке 
тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің 
персонификациясы 
дегеніміз 
– 
ақпараттық  мазмұндағы, адамның тұтас 
модусын  (модус  –  қажеттіліктер,  мақ-
сат-мүдделер,  наным-сенімдер,  бағалау 
критерийлері,  ынта-ықыластар)  құрай-
тын саналық-психологиялық және идео-
логиялық  процестердің,  қасиеттермен 
қатынастардың  әр  алуан  түрлері  бар 
жеке  тұлғалық  факторлардың  мінез-
құлығын  әлеуметтендіріп,  реттейтін 
ӛзара  әрекет  күрделі  де  қарама-қайшы-
лыққа  толы  болады.  Персонификация 
әлеуметтенудің  антиподы  ретінде  оған 
қарама-қайшы  емес,  ол  әлеуметтенудің 
бар  болуыньщ  ішкі  механизмі  болып 
табылады.  Осылайша,  жеке  тұлғаны 
әлеуметтендіретін  сыртқы  факторлар, 
соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның 
ӛз  ӛзіменжұмысы  кезіндегі  ӛзіндік 
белсенділігінің  ішкі  механизмдерімен, 
яғни оның қажеттіліктерімен, сенімдері-
мен,  мақсат-мүдделерімен  ӛзара  тығыз 
байланыста  болғанда  ғана  оның  дамуы 
мен  қалыптасуына  әсер  етеді.  Баланың, 
оқушының  белсенділігі  іс-әрекеттің  әр 
алуан түрлерінде кӛрінетіні психология-
да дәлелденген. Ӛмір барысында қарым-
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
72 

         
32           
қатынас, таным белсенділіктері, ӛзін-ӛзі 
жетілдіру  мен  қоршаған  ӛмірді  түрлен-
діру,  ӛзгерту  белсенділіктері  дамиды. 
Кішкентай баланың ӛзі де пассивті емес 
түрде  ӛмірдің  жағдайларына  бағынады. 
Ол  ӛзінің  талаптарын  орындатқанда 
(үлкендерге)  белсенді,  ол  қоршаған 
адамдарға  қатысты  ӛз  түзетулерін 
енгізеді.  Ол  адамдарға  деген  (ұнату, 
ұнатпау)  және  заттарға  деген  (керек, 
керек  емес,  жақсы  кӛретін,  жақсы 
кӛрмейтін)  ӛзіндік  жеке  тұлғалық 
қатынасын  кӛрсетеді.  Бұл  қатынастар 
оның  іс-әрекетінде  жеке  тұлғаның 
ӛзгешелігін 
жасай 
отырып 
пайда 
болады.  Қарым-қатынас  –  генетикалық 
түрде  баланың  белсенділігінің  ең  ерте 
белгісі.  Адамның  әлеуметтік  тіршілік 
иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-
қатынаста  кӛрінеді.  Онда  адамдарға 
деген  қатынастың  кӛптеген  алуан  түрлі 
реңктері  бар:  ата-анаға,  мұғалімдерге, 
таныстарына,  таныс  емес  адамдарға, 
құрдастарына,  ӛзінен  кішкентайларға, 
достарына. Бала  ӛзіне дос таңдайды, ол 
адамдардың  белгілі  бір  шеңберімен 
қарым-қатынас  іздейді,  ол  басқаларға 
ықпал  етеді.  Ұжымда  ол  кейде 
ұйымдастырушы,  кейде  орындаушы 
болады.  Қарым-қатынас  белсенділігі 
жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының 
дамуына 
жағдай 
жасайды, 
олар-
адамгершілік,  қайырымдылық,  қамқор-
лық, ӛз ӛзі үшін, адамдар алдындағы ӛз 
істері  үшін  жауапкершілік.  Баланың 
дамуы  барысында  жеке  тұлғаның 
танымдық белсенділігінің ӛрісі кеңейіп, 
тереңдей  түседі.  Кейбір  заттардың 
қасиеттерін  тану  үшін  оларды  қолына 
ұстап  кӛргеннен  кейін  бала  «Бұл  не? 
Бұл кім? Қалай аталады?» деген сияқты 
сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтар-
дың 
жауабы 
балаға 
заттар 
мен 
кұбылыстардың  жалпы  мәнін  ашып 
береді.  Мектептегі  жүйелі  оқыту  бала-
ның  таным  белсенділігінің  қалыптасуы 
мен  тереңдеуіне  мүмкіндік  жасайды, 
сыныптан  сыныпқа  кӛшкен  сайын 
оқушы ӛз бетінше білім игеруге, оларды 
практикалық  іс-әрекетте  еркін  пайдала-
ну  қабілетіне  ие  болады.  Оқыту  бары-
сында  біртіндеп  оқушының  ойлау 
қызметінің  әдіс-амалдары  қалыптасады. 
Орта  және  жоғары  сынып  оқушылары-
ның  танымдық  белсенділігі  зерттеу 
жұмыстарында,  тәжірибелік  ұйымдас-
тыруларда,  іскерлік  қызметте  кӛрініс 
табады. Адамның белсенділігі қоршаған 
ӛмірге  ықпал  етеді,  болмысты  қайта 
құру  мен  ӛзгертуге  бағытталады.  Әлеу-
меттік  белсенділік  дегеніміз  осы.  Жеке 
тұлғаның  белгісіне  айналып,  бұл  бел-
сенділік  қоғамдық  ӛмірдің  барлық 
саласындағы  ғылыми  жаңалық,  ӛнер-
тапқыш,  жаңашылдықтың  бастауы  мен 
қозғаушы күшіне айналады. Жеке тұлға-
ның белсенділігінің аталмыш бағыттары 
оқушының  әр  алуан  іс-әрекеттерінде 
кӛрініс  табады:  оқу-танымдық,  еңбек, 
қоғамдық-пайдалы  жұмыстар,  ойын, 
эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқу-
шының іс-әрекетін парасатты, педагоги-
калық  дәл  және  дұрыс  ұйымдастыру 
оның  белсенділігінің  барлық  бағытта 
дамуының  бастауы  болып  табылады. 
Әрбір  баланы  белсенді  қайраткер 
орнына  қойып,  оны  баланың  барлық 
күшін  белсенді  жұмсауға,  іс-әрекеттегі 
баланың  жеке  тұлғаға  сай  ӛзгешелігін 
зерттеуге,  жеке  тұлғаның  потенциалды 
мүмкіндіктерінін  ашылуына  барынша 
кӛмектесуге  мүмкіндік  туғызатын  іс-
әрекетті  ұйымдастырудың  әдіс-тәсілде-
рімен  қаруландыру  –  осының  бәрі 
баланың  дамуының  нәтижелілігін  қам-
тамасыз ететін тәрбиенің басты қызметі. 
Сондықтан,  жеке  тұлғаның  белсенді-
лігін  жан-жақты  қалыптастыра  отырып, 
тәрбиеші  сол  баланы  ӛзіне  одақтас  етіп 
алады.  Оқушының  қажеттіліктеріне 
негізделген  тәрбие  мен  ӛзіндік  тәрбие 
процестері – ең жағымсыз деген сыртқы 
жағдайларды  жеңе  алатын  күш.  Жеке 
тұлғаның дамуы үшін баланың қарқын-
ды  іс-әрекеті  қажет.  Алайда,  кез  келген 
іс-әрекет  баланың  қабілетін,  дарынын, 
мінез-құлық белгілерін, білік пен дағды-
ларын  дамыта  алмайды.  Мысалы,  мың-
даған  балалар  күні  бойы  музыкалық 
гаммаларды  ойнайды,  бірақ  музыкант 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет