1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


ҚР ҚК-нiң 52-бабының 2-бөлiгiне сәйкес



бет2/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
семинар-дискуссия Жаза тағайындау

ҚР ҚК-нiң 52-бабының 2-бөлiгiне сәйкес,қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана, ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза түрі тағайындалады. Жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi баптарында көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстiң 58 және 60 баптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi баптарында көзделгеннен онша қатаң емес жаза тағайындау үшiн негiздер осы Кодекстiң 55-бабында айқындалады – деп айтылған.
Жаза тағайындау кезiнде қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, кінәлі адамның жеке басы, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi оның мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi (ҚК-тің 52-бабының 3-бөлігі).
Осыған байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға оның түзелуi жəне жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi жəне жеткiлiктi жаза тағайындалуы тиiс.
Сонымен, жаза тағайындау кезiнде сот мына жағдайларды мiндеттi түрде ескеруi тиiс:
1) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауiптiлiк дəрежесi мен сипатын;
2) кiнəлiнiң жеке басын;
3) кiнəлiнiң қылмыстық құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi жəне одан кейiнгi мiнез-құлқын;
4) жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жайларды;
5) жауаптылық пен жазаны ауырлататын мəн-жайларды;
6) тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне жəне оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет