1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


)Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы, қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы



бет9/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
семинар-дискуссия Жаза тағайындау

1)Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы, қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы ҚК-тің 12-бабында қарастырылған, онда:осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң дәл сол бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық өзара бірнеше рет жасалуды құрамайды – делінген.
Егер адам бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған деп танылмайды.
Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы ҚК-тің 14-бабында қарастырған, осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес, егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адамның ауыр қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады – делінген.
Осы баптың екінші бөлігінде қылмыстардың қауіпті қайталануы көзделген,онда, қылмыстырдың қауіпті қайталануы деп адамның:
1) егер осы адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса, ауыр қылмыс жасағаны;
2) егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, аса ауыр қылмыс жасағаны танылады – делінген.
Он сегiз жасқа дейінгі адамның жасаған қылмыстары үшін сотталғандық, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіппен алып тасталған немесе жойылған сотталғандық қылмыстардың қайталануын және қылмыстардың қауіпті қайталануын тану кезінде есепке алынбайды (ҚК-тің 14-бабы, 3-бөлігі).
Қылмыстардың қайталануы және қылмыстардың қауіпті қайталануы осы Кодексте көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғады. (ҚК-тің 14-бабы 4-бөлігі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет