1) Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыстық теріс қылық не алғаш рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасау.Бұл жеңiлдететiн мән-жайлардың түрi бiр-бiрiмен байланысты үш элемент жиынтықтарының бар болуынан тұрады. Біріншісі –мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан қылмыстық құқық бұзушылық жасалуы, екіншісі – алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, үшіншісі – қылмыстық теріс қылық не онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасауы. 2) Кінәлі адамның кәмелетке толмауы.Кінәлі адамныңкəмелет жасқа толмауы дегеніміз – қылмыстық құқық бұзушылық жасау сəтiнде он төртке толған бiрақ он сегiз жасқа толмаған тұлғаны айтамыз. Заң шығарушы аталған жағдайды жеңiлдетушi мəн-жағдайлардыңқатарына жатқызу себебiн адамның санасы мұндай жаста қалыптасу сатысында болатындығымен жəне кəмелетке толмағанның көз қарасы толық бекiмегендiктен өз əрекетiне дұрыс баға бере алмайтындығыментүсiндiредi.
3) Жүктілік. Жүктiлiк жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық жасау – жүктiлiк мерзiмiне қарамастан кез келген ауырлықтағы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауы жеңiлдететін мəн-жай болып табылады. Бұл жағдай əйелдiң жүктiлiк жағдайындағы ерекше психофизикалық, жоғары сезiмталдық, тез ашуланшақ, ұстамсыздық жəне жүйке қозуы жағдайларында жиi болатындығын ескерiп жеңiлдететін мән-жай қатарына енгiзген.
4) Кінәлі адамның жас балаларының болуы.Кінәлі адамның 14-жасқа толмаған балаларының болуын айтамыз. Аталған жағдай егер кiнəлi ата-аналық құқығынан айырылған немесе отбасымен ұзақ уақыт бiрге тұрмаған болса, балаларды тəрбиелеумен, оларға материалдық қолдау берумен айналыспаса, оларға қатал қарайтын болса немесе балаларға қатысты қылмыс жасаса ескерiлмейдi.
5) Медициналық немесе өзге де көмекті көрсету салдарына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жәбірленушіге тiкелей осындай көмек көрсету.Қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық жəне өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдық зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-əрекеттер жатады.