Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау.ҚР Қылмыстық заңы қылмыстардың қайталануының екі түрiн қарастырады: қайталану және қауiптi қайталану.
ҚК-тің 14-бабының 1-бөлігіне сәйкес,егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адамның ауыр қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады. Қылмыстардың қауіпті қайталануы деп адамның: 1) егер осы адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса, ауыр қылмыс жасағаны; 2) егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, аса ауыр қылмыс жасағаны танылады (ҚК-тің 14-бабының 2-бөлігі). Қылмыстың қайталануының ең бiр шешушi белгiсi болып кінәлі адамның соттылығының болуы. Соттылық кінәлі тұлғаның жəне оның қылмыстық əрекетiнiң қауiптi екендiгiн куəландыратын фактор. Қылмыстың қайталануының қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғары болуы кiнəлiнiң қайта қылмыс жасауымен ғана емес, сонымен бiрге тұлғаға қолданылған қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасына қарамастан сотталғаннан кейiн де тұлғаның жаңа қылмыс жасауымен де анықталады. Кінәлінің қылмыстық əрекетi соттылығы бола тұра жүйелi түрде қылмыстар жасаудан көрiнетiн оның тұрақтылығымен сипатталады.
ҚК-тiң 59-бабының 1-бөлігіне сәйкес,қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезiнде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзету ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жайлар, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесi ескерiледi. Заңның осы талаптары жасалған қылмыс туралы жəне кiнəлiнiң тұлғасы туралы барлық мəлiметтердi ескере отырып жазаны жеке даралауға мүмкiндiк бередi.
Он сегiз жасқа дейінгі адамның жасаған қылмыстары үшін сотталғандық, сондай-ақ Қылмыстық кодексте белгіленген тәртіппен алып тасталған немесе жойылған сотталғандық қылмыстардың қайталануын және қылмыстардың қауіпті қайталануын тану кезінде есепке алынбайды. Қылмыстардың қайталануы және қылмыстардың қауіпті қайталануы Қылмыстық кодексте көзделген негiздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғады.