6) Қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды ерікті түрде өтеу, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянның орнын толтыру. Қылмыстық құқық бұзушылығының зардабын мойындап, жәбірленушіге материалдық, моральдық, басқа келтірілген зиянның орнын орнын өз еркімен дер кезінде толтыру – адамгершіліктің белгісі, мұндай кінәліге осы көрестілген жеңілдікті қолдану орынды болады. 7) Жеке басындағы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан не жаны ашығандық уәжімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау.Ауыр мəн-жайлардың тоғысуы ретiнде жұмысынан айырылуынан материалдық жағдайының қиындауын, кiнəлiнiң мүгедектiгiне немесе ауруға шалдығуына байланысты отбасын асырай алмауы жəне т.б. жағдайлар жатады.Жаны ашығандық себебiмен қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, мысалы, ауыр халде жатқан туысына қымбат тұратын дəрi-дəрмектi алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ұрлап алу əрекетi немесе үмiтсiз ауыр өлiм халiндегi адамды оның сұрауы бойынша өлтiруi (эвтаназия) жəне т.б. жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай аталған жағдайларда жаны ашу себебiн тудырған фактi мен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық арасындағы себептi байланысты анықтау мiндеттi болып табылады.
8) Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгiне қарай қылмыстық құқық бұзушылық жасау.Осы жағдайлардың жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың қатарына жатқызылу себебі, мұндай жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық істеген адам еріксіз, басқа біреудің қорқытуынан, еріксіз көндірудің салдарынан немесе оған материалдық басқа да тәуелді болу себепті өз ойын емес, соның ойын іске асырады. Сол себепті заң шығарушы осы мән-жайларды жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырған.
9) Қажеттi қорғаныстың, аса қажеттiлiктің, құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алудың, негізді тәуекелдің, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың құқыққа сыйымдылық шарттарын бұзу кезінде, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау. Мұндай жоғарыдағы аталған жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықты істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекетті жүзеге асырған адамға қатысты, оны тоқтату мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау орын алады. Сол себепті, осы мән-жайлар қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырылған.